жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Күз сыйы"
«Бекітемін»
Мектеп директоры: М.Омарбек
Тақырыбы: Күз сыйы
Мақсаты: Балалардың күз
мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз
сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй
сыйлау.
Көрнекіліктер:
Сыныптың
іші
күз мерекесіне сай безендірілген.
Мысалы: құстың, ағаштың, жапырақтың суреттері, күз жәрмеңкесі, яғни - жемістер мен
көкөністер салынған себеттер.
Жүргізуші:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Құрметті ата-аналар, балалар, тәрбиешілер «күз сыйы» атты
ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей
жайнап,
Шақырады жарқын жүз.
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне алтын күз.
Бүгінгі мерекеге орай мектепалды даярлық топ бүлдіршіндері
өздерінің жылы лебіздерін жолдайды.
1-оқушы: Көк майсалы
көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
2-оқушы: Жел тынымсыз
гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып
3-оқушы: Күншуаққа
маужырап
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
4-оқушы: Әй алақай
тамаша,
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма еді жатып ап.
5-оқушы: Алтын-сары,
қызыл-көк
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырлап.
6-оқушы: Үркіп-үйрек
қаздары,
Шулайды көл қоғалы,
Дәурен өтіп жаздағы
Күздің желі соғады.
7-оқушы: Ұшты талдан
жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап
Тамшы жерде секірді
8-оқушы: Дамылдап жатқан
балғындай
Тоқтатты сулар тасуын
Ағаштар алтын жамбыдай
Шашады жерге шашуын
Жүрексіз қоян безеді
Жөңкілсе қаңбақ күздегі.
Қызықтыру сәті: залға «күз ханшайымы» кіреді.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Мені таныдыңдар ма?
- Не тойлап жатсыңдар?
- Күз туралы және оның ерекшеліктері туралы кім біледі?
Балалардың жауабы: Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар
сары, қызыл болса, алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш түске боялады,
құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқарады, жауын
–шашын көбейіп, күн суытады. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер,
бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Күз
мезгілінде 3 ай бар, олар: қыркүйек, қазан, қараша.Күз - жылдың
берекелі мезгілі.
Күз ханшайымы: - Ой жарайсыңдар балалар ал енді күз айларын және
күз ерекшеліктерін кім маған жырға қосып айта алады?
Қыркүйек
Бір-біріне жер аспан
Мейіріммен қарасқан
Ұстаз-шәкірт жүздескен
Қош келіпсіз күз дескен.
Қазан
Қазан айы болыпты,
Қамбаға астық толыпты
Сары даланы сәндетіп
Думандатып әндетіп
Қараша
Күн суытып барады
Малдар қолға қарады
Қараша ауыл даламыз
Қысқа дайын боламыз
9-оқушы
Жатыр дала жалтылдап
Жаз шуағы мол құйды
Күн астында алтын дән
Тербеледі толқиды
Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Астық толы айнала
10-оқушы
Қоңыр күз келдің бе?
Қабағың түйіліп,
Қауындар, жемістер
Қалыпты жиылып.
11-оқушы
Қызды қайнап ел ісі
Қызыл қырмен жер үсті
Елдің тоймен жүрген
Еңбегінің жемісі.
Қимылды ойын: «Жемістер мен көкөністерді
жина
(Себетте жемістер мен
көкөністер араласып салынған)
Жүргізуші: балалар бізді күз мерекесімен құттықтауға өздеріңнің
сүйікті достарың «Буратино» келіп отыр.
Ал ол
өзімен бірге достарында ала келіпті. Соған қарағанда құр қол
келмеген шығар. Қане Буратиноны ортаға шақырайық.
Би: «Буратино»
Жүргізуші:
Жатыр дала жалтылдап,
Жаз шуағы мол құйды.
Күн астында алтын дән
Тербеледі толқиды
Жүргізуші: Балалар мен жұмбақ жасырғым кеп тұр бәріміз мұқият
тыңдайық:
1.Іші толған шәрбат
Дәмі қандай әйбат
Үзесің бірден жүзін
Оның аты-...(жүзім)
2.Дөп-дөңгелек сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Оның аты-...(өрік)
3.Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін ай
Оның аты-...(құлпынай)
4.Бір сабақта көп түйме
Жей алмайсың көк күйде
Санап қара қанша
Оның аты-...(шие)
5.Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты...(Шабдалы)
Күз ханшайымы: Ой балалар менің көңіл-күйімді көтергендеріңе
сендерге көп-көп рахмет. Өнерлерің үстем болсын өте талантты
балалар екенсіңдер, келесі күз келгенше білімдеріңді де өнерлеріңді
де өрістете беріңдер. Ал мен сендермен қош айтысамын, сау болыңдар.
(Күз ханшайымы залдан шығып кетеді)
Хор: «Күз жомарт»
Жүргізуші:
Өңі қашқан бәрінің
Оңып кеткен атырап
Қолдарындай кәрінің
Қалтырайды жапырақ
Соңғы кезде жерге күн
Қырын қарап алыпты
Қара бұлттар жөргегін
Кептіре алмай қалыпты
Демекші міне балалар күзде аяқталып қалды, енді қылышын сүйретіп
қыс келмекші. Күзге айтарымыз берер сыйын жылдан-жылға көп болсын
елде тыныштық болсын дейміз. Осымен «Күз сыйы» атты ертеңгілігіміз
аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп
рахмет.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген