400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Күз сыйы балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша жіне МАД тобының тәрбиешісілеріне арналған ашық оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным»

Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Күз сыйы»

 Мақсаты: Балаларға табиғат өзгерістері туралы түсінік беру. 

Білімділігі:Көкөніс пен жеміс-жидектерді бақта және бақшада өсетіні жайлы түсініктерін кеңейту. Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумендері, адам денсаулығына маңызы жөнінде білімдерін тереңдету. Күздің атауы «Жомарт күз» деп неліктен аталатынын түсіндіру, күзгі ерекшелігін, көрінісін бақылауға үйрету;

Күз байлығын әсемдікті сезіне білуге, сурет бойынша, заттық нәрселерді бақылап, салыстыра әңгімелеп беруге үйрету.

Дамытушылығы:  Балалардың өз ойларын жүйелі, анық жеткізуге үйрету; ой-өрісін, тілін, сөйлеу мәнерін, қызығушылығын, танымын, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелілігі: Табиғатты, өсімдіктерді қорғауға, аялауға, әсемдікті көріп сезінуге үйрету; Күзгі адамдар еңбегін құрметтеу, күзгі байлықты, сыйын бей-берекет шашпай пайдалануға жол бермеуге  тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілі:  Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:   Күз көрінісі бейнелеген суретті плакат, жемістер, көкөністер

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жайнай берсін бақшамыз

-         Қазір жылдың қай мезгілі?

-         Күз мезгілі

-         Күз мезгілінде неше ай бар?

-         Үш ай бар?

-         Аттарын атап беріңдерші?

-         Қыркүйек, қазан, қараша

- Көңіл-күйлеріңіз қалай?

- Тамаша

Өте жақсы балалар!

Осы тамаша көңіл-күйлерімізбен сабағымызды бастайық!

Балалар тақтаға назар аударайықшы.

Бұлттар төніп,жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,өңі тайып,

Дала сұры қашады

Ойнай алмай,

Денең мұздап, тоңады.

Айтаңдаршы, балалар

Бұл қай мезгіл болады?

  • Күз мезгілі

  • Дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі сабағымызда «Күз сыйы» тақырыбында әңгімелесеміз.

Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл, жасыл болса, алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш түске боялады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқарады.жауын-шашын көбейеді, күн суытады. Балалар күз мезгілін үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңді «Ерте күз» деп атайды. Себебі, ересек балалар мектепке барады, Күзде жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады.

Екінші кезеңді «Жомарт күз» деп атайды. Ол кезде жапырақтар түгел сарғайып, жерге түседі. Айнала сары күзге боялады. Сондықтан адамдар күзді «Жомарт», «Алтын» деп атайды. «Жомарт» сөзі молдықты, дархандықты, мырзалықты білдіреді. Үшінші кезеңді «Қара күз» дейді. Себебі,жел тұрып, су қатады, су бетінде мұз қатады. Күз- жылдың берекелі мезгілі. Мінеки, балалар, күз өте ерекше, жомарт, алтын, тамаша мезгілдің бірі екен.

Күз келгенде бақшадағы көкөністер, бақтағы жемістер жиналады.Көкөністерден қысқа сақтауға түрлі салаттар, шырындар дайындайды. Жемістен түрлі тосаптар, шырындар жасайды.

Көкөніс-адамның ағзасының өсуіне, дамуына пайдалы түрлі заттарға бай.

Жемістер – адамға өте пайдалы, бақта өседі.

Жемістерді кептіріп қақ жасауға болады. Шырынын ішеді. Адамдар мол өнім алу үшін жемісті күтіп өсіреді. Түбін қопсытып, ағашты әктейді.

  • Бақшада не өседі?

  • Көкөністер

  • Бақта нелер өседі?

  • Жемістер

  • Жемістерді ата?

  • Алма, алмұрт, жүзім, өрік

Сергіту сәті

Алтын-сары, қызыл-көк

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Күзгі бақта шаттана,

Билейміз біз айнала.

Ал,ендеше мен сендерге жұмбақтар жасырамын,сендер жұмбақтың шешуін табасыздар? Жарайдыма?


Жұмбақтар

Үстінде тігін көк жатыр

Астында қызыл дәу жатыр            (қызылша)

 

Аласа талда алуан-алуан алма

Алқызыл болмай аузына салма     (қызанақ)

 

Қалын киімді ұнатады

Шешіндірсең жылатады.                (пияз)

 

Жаздай інге тығылып

Жатқан түлкі түлкіні

Әкелді әкем бір күні

Ол не?                                              (сәбіз)


Балалар сендер жұмбақтың жауабын өте жақсы таптыңдар! Жарайсыңдар!


Енді, балалар қызанақ пен сәбізді салыстырайықшы.

  Екеуіде көкөніс, бақшада өседі.Сәбіз – сопақша, түсі қызғылт сары,қатты.

  Қызанақ – домалақ, түсі- қып-қызыл, сырты-тегіс, жұмыр болады.


 Алма мен өрікті салыстыру.

Алма-қатты домалақ, қызыл, жасыл түсті, ағашта өседі, үлкендеу.

Өрік-домалақ, қара түсті, жұмсақ, ағашта өседі.


Мақал-мәтел

Бір  тал  ексең  он  тал  ек !

Не  ексең  соны  орасың !

Қарағайға  қарап  тал  өсер, қатарына  қарап  бала  өсер.

Дидактикалық ойын: «Жемістердің дәмін ажырат»

Ойын шарты: Балаларға жемістерді араластырып, ортаға бір баланы шығарып, ол баланың көзін байлап, бір жемісті аузына салады. Қай жемістің дәмін татып көрсе, сол жемістің дәмін, түрін, пішінін сипаттап береді.

 

Қорытынды бөлім:

  • Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

  • Ия, ұнады.

  • Балалар біз қандай сабақ өттік?

  • «Күз сыйы»

  • Күзде нелер піседі?

  • Көкөністер мен жемістер піседі.

  • Күзді неліктен жомарт күз деп атаймыз екен?

  • Астық бол жиналады.

Балаларды мадақтау. Осымен сабағымыз аяқталды. Қош сау болыңыз!



Әдіскер_________

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі