400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Күз сыйы" ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыл мезгілінің өзгерістері және күз мезгілінің бізге берер сыйы туралы түсініктерін қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Күз сыйы» ертеңгілігі



Ертеңгілік мақсаты: балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен

таныстыру,күздің жомарттылығын көрсете отырып

байлығын бағалай білуге баулу.



Көрнекілігі: күз мезгілінің суреттері жемістер мен көкөністер макеттері,

Көкөністерден көрме,шарлар,бидай және дәннің макеттері.

Ата-аналар әзірлеген «Молшылық күз – береке күз,

Береке күз – мереке» атты көкөністермен жемістерден

жасалған көрме.

Ертеңгілік барысы:

Балалар музыка әуенімен кіреді.

Армысыздар ұстаздар,ата-аналар!

Армысыздар,кішкене еліміздің болашақтары бүгінгі біздің

«Күз сыйы» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі күз мезгілі.

Айнала сұлуланып,түрлі-түстерге боялып құлпыра түседі.

Ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары қызыл,

қоңыр,сары болып өзгереді.Олай болса,құрметті қонақтар

біздің кішкентай балапандарымыз күз мезгілінің ерекшеліктері

туралы не айтар екен тамашалайық.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір жылдың күз мезгілі?

-Күз мезгілі неше айдан тұрады?

-Үш айдан.

-Қандай,қандай?

-Қыркүйек,қазан,қараша.

-Өте дұрыс атасыздар,олай болса осы үш айды ортамызға шақырайық.

Чингиз

Қыркүйек

Шоғы толған гүлдей жайнап

Жарқырады Алын күз

Сайраңдап күліп ойнап

Келіп кетті қыркүйек

Айдана

Қазан

Қазан айы молшылық

Дәулет қорын қалады

Занғар көкке қол созып

Құстар ұшып барады

Азат

Қараша

Құстар қайтты қыс болды

Сұр бұлт жапты аспанды

Жапырақ түсіп,гүл солды

Қараша ызғары басталды.

-Балалар күз мезгілінде тағы қандай өзгерістер бар?

-Күн суытып,жаңбыр жауады,адамдар жылы киінеді,ағаштардың,жапырақтары сарғайып жерге түседі.

-Күз мезгілі балалар сіздерге тағы несімен ұнайды?

-Күз мезгілінде жемістер мен көкөністер піседі.

Ендеше жемістер мен көкөністер кезек берейік.

Абылай

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинаға

Шақырады біздерді

Айымжан

Шиемін мен шиемін

Піскенше тон киемін

Бала келсе қасыма

Басымды мен иемін

Назерке

Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды

Қараса егер салғырт кім

Адема

Жұлып едім жүзімді,

Жүзі бірден үзілді.

Жүзінде жеп қойыппын,

Өзім әбден тойыппын.

Мейрамбек

Көк сүңгідей өскенде

Жайқалам жел ескенде

Ұрмай-соқпай жылатам

Турағанда кескенде

Арсен

Бақшаларда тізіліп

Қаперсіз мен жатамын

Қабат-қабат киініп

Қырыққабат атандым

Рысбек

Асқабақтың дәмі,

Таңдайымды әлі,

Кептірліген дәні,

Таптырмайтын дәрі

Милана

Еңбек қызып қырларда

Бидай толды қырманға

Алтын таулар секілді

Сап-сары боп тұрғанда

Жұлдыз

Біреу астық түсіріп

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп

Саят

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей

Жапырақтар жамырап

Сайға барып бекінді

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді

Мадина

Алма:

Бір тістеп өзін алғамды

Дәмі аузымды қалғанды.

Домалантып жеймін мен,

Күнде қызыл алмамды.

Жансауле

Қауын:

Жинап жатыр ауылым,

Сап-сары ала қауынын.

Алмақ едім үлкенін,

Ауырын-ай,ауырын.

Ақедил

Қияр:

Қызықтың ба қиярға,

Алда жей ұял ма,

Көтергенше берейін,

Қапшығыңа сияр ма ?

Данара

Өрік:

Уылжыған өрікпін,

Мен бау-баққа көрікпін.

Бал татыған дәмім бар.

Көктемде ерте гүлдеймін.

Піспей тұрған кезімде,

Менен аулақ жүр деймін.

Айнара

Қызанақ:

Қып-қызыл боп қалғанда,

Ауызыңа салғанда.

Не жетеді шіркін-ай,

Қызанаққа жалғанда.

Ержан

Қарбыз:

Күннің нұрлы шуағы,

Шұғыла боп шығады.

Шөлің әбден қанады,

Көзің шамдай жанады.

Тамылжыған шырыны,

Таңдайымда қалады.

Ән : «Алтын күз»



Мейрамбек,Милана,Саят балаларымыз орыс тіліндегі

тақпақтарын айтуға шығады.

Ән : «Антошка»



«Теремок» ертегісінен көрніс тамашалайық.

Автор: Айтаханова Назерке

Шыбын: Иргазеева Айдана

Тышқан: Шоқат Саят

Қоян: Екпиндиева Милана

Түлкі: Әбен Айымжан

Қасқыр: Сакуов Азат

Аю: Амангелді Абылай

Үй: Мақсот Жұлдыз

Чингиз,Айымжан,Назерке,Данара,Жұлдыз балаларымыз ағылшын тіліндегі тақпақтарын айтуға шығады.



Үш тілде: қазақша,орысша,ағылшын тілдерінде

«Кім жылдам» ойынын ойнайық.

Қыздарымыздың орындауында «Жапырақ» биі.





Би: « Флешмоб»

Енді балаларымызға күздің сыйын таратуға рұқсат етіңіздер.

Құрметті ата-аналар,ұстаздар осымен мектепалды даярлық тобының

әзірлеген «Күз сыйы» атты ертеңгілігі аяқталды.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

Балаларыңызға тілек айтамын деген ата-аналарға рұқсат.





Picture 1 Picture 3









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі