ҰОҚ өткізу жоспары
08.10.18
Топ:7
Тәрбиеші: Оспанова
Д.К.
Білім беру
сала(сы)лары: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді
дамыту
Тақырыбы: Күздегі адам
еңбегі
Міндеттері:
Тәрбиелік:
Адамдар еңбегін мақтан тұтуға
тәрбиелеу.
Білім
берушілік: Ересектердің еңбегін ойын
әрекеттерінде қолдануға үйрету.
Дамытушылық: Cұрақтарға
ойланып жауап беру дағдыларын дамыту
Алдын ала жұмыс
жүргізу: түсіндіру,
көрсету.
Қажетті
құралдар: суреттер
Сөздік
жұмысы: Адам еңбегі
Билингвальды компонент:
күз – осень, еңбек - труд
I.Мотивациялық – қозғаушылық
Амандасу
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы
таңдаймыз.
Күлімдеген
күндейміз,
Ренжісуді
білмейміз,
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де
Қуанайық, достарым
Арайлап атқан күнге!
Ұйымдастырушылық-ізденістік
−Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі?
−Қазір жылдың күз мезгілі.
−Күз мезгілінде неше ай
бар?
−Күз мезгілінде үш ай бар.
−Қыркүйек,қазан, қараша.
−Үш айды кім атап береді?
−Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер
болады?
−Күн салқындайды,
жаңбыр жауады, жел соғады, құстар жылы жақа
ұшып кетеді.
−Жарайсыңдар, балалар күз
мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме?
Кім айтады?
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезін бұзық-ау.
Жаңбырын сіркіреп,
Келгенін қызық-ау.
Сергіту
сәті:
Шаршасаңдар балалар,
Қолдарынды созыңдар.
Саусақтармен ойнандар,
Қолдарынды сермендер.
Денелерін шынықсың,
Саналарын тынықсын.
Дидактикалық
ойын:
«Не қайдан
келді?»
−Жарайсыңдар, ал балалар бір
аптада неше күн бар?
−Кім атап
береді?
−Бір аптада жеті күн бар.
−Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма,
сенбі,жексенбі.
−Дұрыс айтасыңдар, балалар мені мұқият
тыңдаңдар.
Мен сендерге мақал-мәтел айтамын, ал сендер не
жайында екенін айтасыңдар:
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
−Мақалдың мағынасы не жайында айтылған
балалар,
кім айтады?
−Еңбек жайлы.
−Дұрыс айтасыңдар, еңбек жайында айтылған
.
Еңбек еткен адамның ырысы мол болады, еңбек
еткеннің
арқасында тамағымыз тоқ болады. Еңбектің түрлері
көп.
−Біздің бүгінгі сабағымыз ауылдағы адам еңбегі
туралы болмақ.
−Сендер ауылды білесіңдер ма?
−Ия, білеміз.
−Ендеше балалар сендерге ауыл еңбегі жайлы
теледидар арқылы таныстырайын.
Слайд.
−Шопан - қой бағады.
−Егінші – егін егеді.
−Бағбаншы – ағаш отырғызып, оларды күтіп,
баптайды.
−Мақташы – мақтаны қолмен
жинайды.
Сөздік жұмыс жүргізеді.
Рефлексиялық-түзетушілік
−Балалар бүгін біз не жайлы білдік?
-Күзде адамдар қандай жұмыстар жасайды?
−Бүгін балалар, мен сендерге риза болып отырмын. Рахмет
сендерге.
Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысып
отырдыңдар
ҰОҚ өткізу жоспары
08.10.18
Топ:7
Тәрбиеші: Оспанова
Д.К.
Білім беру
сала(сы)лары: «Шығармашылық»
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Қызанақ пен
қияр
Міндеттері:
Тәрбиелік: Көкөністі жуып жеуге, тазалық
сақтауға тәрбиелеу;
Білім берушілік: Көкөністің адам ағзасына
пайдасы туралы мағлұмат беру; көкөніс түрлері туралы білімдерін
дамыту; ермексазды алақан арасына салып есу, домалақтау тәсілдерін
меңгеру.
Дамытушылық: Тілдерін дамыту. Саусақтың
ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын
жетілдіру.
Алдын ала жұмыс
жүргізу: көрсету.
Қажетті құралдар: көкөніс түрлерінің
суреті, үлестірмелі материал, ермексаздың қызыл, сары, жасыл және
қоңыр , қара түстері , тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал,
сулық, тақтайша
Сөздік жұмысы: Қызанақ пен
қияр
Билингвальды компонент: бақша-огород,
қызанақ-помидор, қияр-огурец
I.Мотивациялық –
қозғаушылық
Жылулық
шеңбері:
Бақша біздің жаман
емес
Бұршақ және сәбіз
бар,
Пияз бенен
қызылша
Қызанақ пен қияр
бар
Балалар , бізге
келіңдер.
Дәмін татып
көріңдер?
-күзде бақшада нелер
піседі?
-көкөністерді не үшін
өсіреді?
-Көкөністердің адам ағзасына
қандай пайдасы бар?
Көкөністерді көп жеу керек.
Көкөністі күнделікті падаланатын адамның денсаулығы мықты
болады.
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы
қапшық»
Қапшықтың ішіне қияр мен қызанақ салынады.
Балаларға қапшықтың сыртынан ұстап, қияр мен қызанақты ажыратып,
сипаттама берулерін сұрайды.
Ұйымдастырушылық
ізденістік
-Қызанақ пен қиярды көрмей-ақ қалай
ажыраттыңдар?
-Олардың түсі қандай?
-Екеуін қосып, не жасауға
болады?
-Көкөністерді қай кезде
жинайды?
Үлестірмелі материалмен
жұмыс:
-Атайдың бақшасындағы көкөністері
пісіпті. Біз де атайға көкөніс жинауға
көмектесейік.
-жинаған қиярымызды бірінші қызанақты екінші
жәшікке саламыз. Қияр мен қызанақ жасау үшін қандай түсті
таңдаймыз
Қызанақты қалай мүсіндейміз?
-Осы домалақтың сабағы тұратын орныны саусақ ұшын
батырып, сәл шұңқырлаймыз. Шұңқырға кішкентай сабағы мен жапырағын
орналастырамыз.
-Қиярды өзіміз білетін қандай тәсілмен
жасаймыз?
Қиярдың кішкентай сабақшасын жасаймыз. Енді
атайға жәшіктің ішін толтыруға көмектесуіміз керек. Жасаған
көкөністерді жәшікке саламыз.
Рефлекстік түзетушілік
-Балалар, қараңдаршы, қандай көп көкөніс жинадық.
Бізге ғана емес, бүкіл балабақша балаларына жетеді. Атай да
сендерге алғысын білдіріп жатыр
Қуаныштарын білдіреді
Бір-бірінің жұмыстарын қарайды.