Күздің
әсем жырлары
Жүргізуші:
Қарсы
алайық бәріміз
Жасымыз
бен кәріміз
Қырдан
кепті қыдырып
Алтын
күз де нұр төгіп
Құрметті
балалар және ата-аналар бүгінгі «Күздің
әсем жырлары» атты етеңгілігімізге қош
келдіңіздер!
(Балалар
музыкамен залға кіреді)
-
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-
Даладағы жапырақтардың түсі қандай?
-
Құстар күзде қай жаққа ұшады?
-
Күз мезгілі сендерге ұнайды ма?
(Күн
күркіреп, жаңбыр дауысы естіледі)
Жүргізуші:
балалар мынау ненің дауысы? (балалардың
жауаптары)
Ән.
«Жаңбыр тамшылары»
Жүргізуші:
балалар
үстіміз су болып қалды қалай кептіреміз?
Ендеше көмекке күнді шақырайық.
(музыкамен
күн кіреді)
Күн:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен
жарқырап төбеде
Нұрын
төгіп тұрамын
Шуақ
шашып бәріңе
Бала
жанын ұғамын
Жүргізуші:
Күн
күркіреп, жаңбыр жауды, үстіміз су болып
қалды, сенің көмегің қажет.
Күн:
олай
болса ән айтайық
Ән.
«Күн»
Жүргізуші:
балалар
күннің түсі қандай?
-
Сары
-
Алтын
күздің түсі қандай?
-
Сары
(Музыкамен
залға түлкі кіреді)
Түлкі:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені
таныдыңдар ма, мен түлкімін, қараңдаршы
күз маған қонаққа келді. Өйткені менің
тоным дәл күздің өзіндей сап-сары.
Алақай,
алақай,
Келді
күзгі күндер – ай
Мен
сап – сары түлкімін.
Алтын
күзді сүйемін
Өте
қуаныштамын.
Қатты
күзге ұқсаймын!
Сары
жапырақтардай
Ең
сұлумын, алтынмын.
Жүргізуші:
Түлкі
сен алтын күздей сарымын деп мақтанасың.
Күз туралы тақпақ білесің бе?
Түлкі:
тақпақ дейді
Түлкі:
тақпақ деген не ол?
Жүргізуші:
балалар,
түлкі күз туралы тақпақ білмейді екен.
Біз айтып берейікші.
(Балалардың
тақпақтары)
Жүргізуші:
Түлкі
біздің балалар тек тақпақ айтпайды ән
де би де билейді.
Би.
«Тамшылар»
(Кенет
түлкінің басына тиін жаңғақтарды
лақтырады)
Түлкі:
Ой,
(Тиінді
көріп қалды)
Сен жаңғақтарды неге лақтырасың?
Тиін:
(жерге түседі) Өйткені
сен мақтаншақсың! Күз саған ғана ұқсамайды
мағанда ұқсайды. Қара, менің тоным күздей
сары! Мен қатты күзге ұқсаймын!
Жүргізуші:
Тиін
сенде мақтануға келдің бе, бізге?
Тиін:
Енді қарасаңдаршы мен қандаймын, балалар?
Тиін:
Мында
менің жаңғақтарым шашылып жатыр. Мына
жаңғақтарды жинауға көмектесесіңдер
ме?
Жүргізуші:
Тиін
бізден көмек сұрап тұр, жаңғақтарды
жинауға көмек береміз бе?
Балалар:
Ия, көмектесеміз
Ойын.
«Жаңғақ жинау»
Тиін:
Рахмет,
сендерге, балалар. Мен қысқы азығымды
жинап алдым. Енді ешқандай уайымдамасамда
болады.
(ағаштың
артынан ақылды үкі ұшып келеді)
Үкі:
Неге
қатты шулайсыңдар? Тіпті орманды
бастарыңа көтердіңдер гой. Бұларың
дұрыс емес, өйткені күз баршамызға
келді. Тыным таппай еңбектенген жандарға
өз сыйлығын ала келді. Күз өте жомарт.
Сол сый саған да маған да тиеді.
Салғыласудың керегі жоқ, оданда мені
тыңдаңдар.
Тиін,
түлкі шуламаңдар
Күз
келді, қарсы алыңдар
Сары
тиін – сен әсемсің
Сары
түлкі – сен де әсемсің
Күзге
бәрі ұнады
Баршамызды
мақтайды.
Ән
«Күз келді»
Күз:
Сәлеметсіңдер
ме, балалар!
Ырысқа
толды қоймалар
Сабан
тойды тойлаңдар
Байлыққа
толы
Берекелі
күз болам
Күз:
Мен сендерге өзіммен бірге күзгі сыйымды
ала келдім.
Жүргізуші:
Қош
келдің Алтын күз! Біздің балалар сені
көп күтті. Саған арнап тақпақтарын айтып
берсін.
Балалардың
тақпақтары
Күз:
Балалар
тақпақты жақсы айттыңдар. Енді ән айтсақ
қалай қарайсыңдар?
Ән.
«Күз бояуы»
Алтын
күз: Рахмет,
сендерге, балалар. Енді сыйымды сендерге
таратайын.
(Алтын
күз әкелген сыйын таратады)
Жүргізуші:
Алтын
күз рахмет сенің сыйыңа. Балалар,
қонақтармен қоштасайық.
Балалар:
Қош,
сау, болыңыздар!
Жүргізуші:
Осымен алтын күзге арналған ертеңгілігіміз
аяқталды.