жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Күздің сиқыры
Тақырыбы: «Сиқырлы алтын күз»
Күздің сиқыры
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Жүргізуші : Алма, өрікті қамбаларға
Толтырыпты алтын күз
Шәкірт болып парталарға
Отырды кеп — алтын күз.
Бұлт болып та Алатауға
Байланыпты алтын күз
Дастарханда таба нанға
Айналыпты алтын күз.
— Армысыңдар, құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің балабақшамызда өткелі отырған «Сиқырлы алтын күз» ойын сауығымызға қош келдіңіздер.
(Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар шығып жапырақтармен шеңбер бойын айналып болған соң орындықтарына жайғасады.)
Ортаға 2 бала шығады:
Надира:
Осенние листья
Чтоб их не сожгли,
Не собрали в мешки,
Спешат они к лужам,
Задрав черешки
Алмагүль:
Жеміс-жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.
Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол күз (Осы сәтте жүргізушінің ұялы телефоны шырылдайды)
Жүргізуші:
- Алло, иә. Сәлеметсіз бе, Алтын күз! Бізге қонаққа келемін дейсіз бе? Келіңіз, келіңіз. Біздің балалар қонақ күткенді ұнатады. Ендеше көріскенше, сау болыңыз! (Телефонмен сөйлесіп болған соң)
Жүргізуші:
Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Алтын күз:
Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам.
Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен өзіммен бірге кішкентай күз ханшайымымды ала келдім. (Кішкентай күз ханшайымы балалармен амандасады)
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Алтын күз:Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоқ.
Алтын күз: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр ,ал сендер оны шешіп көріңдер.
1.Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.Бұл не? (Сәбіз)
2.Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. Бұл не?(Пияз)
3.Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)
4. Сырты қатты, Іші тәтті. (Қарбыз)
Кішкента күз ханшайымы:
Тақпақ (Дильназ)
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Алтын күз: Балалар, жарайсыңдар, енді сендер мақал-мәтелдер білесіңдерме?
1.Екпей егін шықпас, Үйренбей білім жұқпас. (Мирас)
2. Не ексен соны орасың (Данат)
3. Жері байдың – елі бай. (Жарқын)
Жүргізуші:
Алтын күз, біздің қыздарымыз аналары тіккен
күздік киім үлгілерін көрсетпекші. ! Ендеше «Алтын күз -2018»
топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы
алыңыздар!
(Ортаға көкөністер мен жемістің киімдерін
киген балалар шығып киім үлгілерін
көрсетеді).
Жүргізуші:
Балалардың орындауында ән: «Күз келгенде»
(Балалар отырады, тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі)
Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма?
Жаңбыр жауайын деп тұр. (жаңбырдың даусымен залға көңілсіз бұлт кіреді)
Бұлт сен неге көңілсізсің?
Бұлт: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені ешкім күз мерекесіне шақырмады.
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Бұлт:Күзгі көк бұлт мен болам
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын
Қаласам қазір сендерге
Жаңбыр болып жауамын.
(Балаларға жаңбыр шашады).
Жүргізуші:
Жаңбыр, жаумай тоқтай тұр,
Бүгін мейрам,бүгін той
Қуанышты күн біліп қой
Күзгі бақтай сыңғырлап
Алақанды соғып қой деп,
Ойын: «Кім жылдам?»
(Тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. Екі командаға балалар 4-4 шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды жинайды.)
Бұлт: Рахмет, балалар!
Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ!
Жүргізуші:
Би: «Тамшылар» биімен ортаға бишi кыздарды шақырамыз.
(Кішкентай күз ханшайымымен бірге би билейді)
Жүргізуші: Бұлт, біздің балалар күз туралы тақпақтар біледі .Ендеше, балалардың тақпақтарын тамашалайық.
Тақпақтар:
Сағыныш:
Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.
Ерсайын:
Осень
наступила,
Высохли
цветы,
И глядят
уныло
Голые
кусты.
Н.Адель:
Down, down
Yellow and brown
The leaves are falling
Over the town.
Айғаным:
Fall is fun
I like to run
I see the sun
Fall is fun!
Бұлт: Қалай сендер барлықтарың батылсыңдар?
Жүргізуші: Бұлт, сенімен өте көңілді. Балалар, бұлттан кейін не шығады?
Балалар: Күн
Күн бізге жылуын беріп, шапағатын шашады. Бірақ бізге біреу жетіспейтін сияқты.
(музыка әуенімен залға күн кіреді).
Күн келеді.
Күн: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма, достарым?
Балалар: Иә!
Күн:Мен жарқырап төбеде
Нұрын төгіп тұрамын.
Шуақ шашып бәріне
Бала жанын ұғамын.
Бұлт:Күн, күн, тоқтай тұр!
Сөзімен менің құлақ тұр.
Ішім толы суға,
Сусыз өмір бола ма?
– Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын!
Күн: Жоқ, мен мықтымын!
(Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдайды)
Жүргізуші: Тынышталыңдар, дауласпаңдар!
Күн мен су бар жерде
Бау–бақша да гүлденер.
Күн мен Бұлт бізбен бірге күз мерекесін тойлаңыздар.
Алтын күз: Балалар, мен сендерге көкөніс және жемістермен дайындаған биім бар.
Би: «Көкөністер мен жемістер» биі
Жүргізуші: Күн, бұлт балалардың өнерлері ұнады ма?
Күн, бұлт: Иә, өте ұнады
Күн: Мен сендермен ойын ойнағым келеді. Қазір көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз.
Ойын: «Дәмін ажырат»
Ойынның
шарты: Бізге екі бала қажет, олардың
көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі
қолдарымен ұстап, дәмін татып анықтаулары
қажет.
Күн: Жарайсыңдар балалар, өте дәм
сезгіш екенсіңдер.
Жүргізуші: Балалар, күздің алып келген
көкөніс, жемісі дәмді ме екен?
Балалар: Иә, өте
дәмді.
Жүргізуші:
Балабақша бағында
Сайраңдаймыз жанында
Нақ өзіндей бүлдіршін
Көп достардың жанында, -деп, біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз
сіздерге
«Сабантой» әнін орындап береді.
Жүргізуші: Жарайсындар, балалар!
Би: «Жұппен би»
Алтын күз: Мен және ойында көкөністер мен жемістерді дәміне қарай ажыратқанда бір көкөністі ұсынуды ұмытып кетіппін.Менде сиқырлы шыт бар. (Сол арқылы сол көкөністі табамыз. Көздерін жұмдырытып балаларға күз туралы сұрайды).
Шыттың астынан асқабақ шығады. Балалар сендер асқабақты жейсіңдерме?
Мына асқабақ жай емес сиқырлы асқабақ.
Асқабақтың ішінен алма балаларға таратып береді.
Осы кезде желдің гуілі естіледі.
Алтын күз: Балалар, желдің гуілін естимісіңдер? Мені бауырларым шақырып жатыр. Басқа сендер сияқты бүлдіршіндерге баруым керек. Балалар, бәрің өнерлі екенсіңдер. Өнерлеріңді тамашалап, тәнті болдым. Еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматтары болыңдар. Мына күзгі жемістерден ауыз тиіңдер. Сендерге көп-көп рахмет! Қош сау болыңдар! (Осылайша Алтын күз, кішкентай күз ханшайымы, бұлт, күн жел дыбысымен шығып кетеді.)
Жүргізуші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. «Сиқырлы алтын күз» атты ойын сауығымыз осымен өз мәресіне жетті.
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
«Балауса» ересек тобы
«Ертегіні тыңда да біл, ойна да күл!»
Өткізген: Есимханова А.Ш.
Самар ауылы, 2018ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген