Серуен № 1
Қыркүйек айы
Күзгі табиғатқа бақылау
Күзгі табиғаттың құбылыстарына, күн шуағына, аспанға, бұлттарға, желге.
Мақсаты:
Күз туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін әңгімелеу. Табиғатты қорғауға,
оның әсемдігін, әдемілігін сезіне білуге, үлкендер еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сурет мазмұнына сәйкес жұмбақ шешу.
Сұрақтар:
-Жылдың қай мезгілі?
-Ауа-райы қандай?
-Жапырақтың түсі қандай?
-Күн бұлтты ма?
Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:
Жиып теріп болатын
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгілде болады? (күз)
Ойын: «Кім көп сөз біледі?» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар дөңгелене отырып көрсеткен суреттер жайында жылдам, тез әңгіме құрайды.
«Жел» суреті болса желдің пайдасы мен зиянын айтады.
Мақсаты:
Балалардың ой-өрісін дамыту. Ойлау, есте сақтау қабілетін арттыра отырып жылдамдыққа,
ойлампаздыққа тәрбиелеу.
Еңбек: Түскен жапырақты жинау.
Мақсаты:
Түрлі-түсті түстерді ажырата алуға, қол еңбегімен жұмыс жасауға үйрету.
Жеке жұмыс : Серуен кезіндегі негізгі мақсатты түсінбеген балалармен жеке жұмыс жасау.
Қорытынды: «Біз не білдік?»
Күз көрінісімен таныстық.
Марапаттау сәті
Бақылау барысында барлық балалар жаппай марапаттау алды

Серуен № 2
Қыркүйек айы
Жауын-шашынға бақылау
Табиғаттың құбылыстарына, бұлттарға, жауын-шашынға.
Жауын-шашын өте пайдалы. Егер жауын болмаса ауа ластанып кетеді. Жауыннан соң өсімдік
түрленіп, өседі. Жауын-шашынның түрлері: - Бұршақты; - Нөсер жауын; - Сіркіреп жауатын
жауын; Бұршақты жауын қатты жауса егінді тесіп жібереді.
Мақсаты:
Жауын-шашын жайында толық түсінік беру. Пайдасы мен зиянын ажырата білу, тілдерін дамыту.
Сұрақтар:
- Жауын-шашынның пайдасы қандай?
- Жауынның зияны?
- Сендер ұнатасыңдар ма жауынды?
Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:
«Жаңбыр»
Алатаулар бауырына,
Атам-әжем ауылына.
Ақша бұлттар ауа берші,
Жау-жау жаңбыр, жауа берші.
Ойын: «Күн мен жаңбыр» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар алаңға шығады. «Жаңбыр!» белгісі берілгенде балалар үйге кіріп, паналауы керек.
«Күн!» белгісі берілгенде балалар сыртқа шығып жүгіруі керек.
Мақсаты:
Балаларды берілген белгі бойынша шапшаңдыққа, жылдамдыққа, зейінін аударуға және
ұйымшыл болуға үйрету, олардың есту қабілетін дамыту.Ойынды 3-4 рет қайталау.
Ойын: «Арқан тарту»
Ережесі:
Арқанды балалар тәрбиеші бұйырғаннан кейін екі жаққа тартады.
Мақсаты:
Жылдамдыққа, ептілікке үйрету.
Еңбек: Аула гүлдеріне су құю.
Мақсаты:
Үлкендер еңбегін бағалау.
Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.
Жеке жұмыс: Серуен кезіндегі әсерлерімен бөлісу.
Қорытынды: «Біз не білдік?»
Егінге пайдасын білдік.
Бұршақтың зиянды екенін білдік.
Марапаттау сәті
Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

\
Серуен № 3
Қыркүйек айы
Кемпірқосаққа бақылау
Жауын-шашыннан кейінгі ауа-райы құбылысына, жауыннан кейін шыққан күнге, табиғат өзгерісіне
бақылау жасау. Жаңбырдан соң пайда болатын кемпірқосаққа көңіл аудару. Кемпірқосақ –
жауын-шашыннан кейін аспанға түрленіп, дөңгеленіп шығады, жеті түрлі түстен тұрады.
Мақсаты:
Кемпірқосақ жайында толық түсінік беру. Түстерімен таныстыру.
Түстерді ажырата алуға үйретіп, зейінін аудару.
Сұрақтар:
- Жауын-шашыннан кейін ауа-райы қандай?
- Кемпірқосақ аспанға неге және қай кезде шығады?
- Оның неше түсі бар?
Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:
«Кемпірқосақ»
Күркіреді күн, күн,
Терезелер шың, шың.
Жауды жаңбыр топ,топ,
Кемпірқосақ көп, көп.
Ойын: «Өз жұбыңды ізде!» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар шеңберде тұрады, ортада бір бала. Шеңберде тұрған әр баланың өз жұбы болады.
«Ізде!» дегенде бір бала ортаға келеді,
«Ізде!» деп әндеткенде әркім өзінің жұбын іздеп орнына тұруы керек.
Мақсаты:
Қимыл ептілігін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.Ойынды 3-4 рет қайталау.
Еңбек: Ойыншықтарды жуып, орнына қою.
Мақсаты:
Үлкендер еңбегін бағалау.Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.
Жеке жұмыс: Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.
Қорытынды: «Біз не білдік?»
Кемпірқосақ жайында білдік.
Жауыннан кейін шығатынын білдік.
Ол жеті түрлі түстен тұрады.

Серуен №4
Қыркүйек айы
Саңырауқұлаққа бақылау
Жауын-шашыннан кейін орманда тал арасында саңырауқұлақ көп шығады. Адамға саңырауқұлақ
жеген өте пайдалы. Олардың пайдалысы, зияндысы бар. Сондықтан, адамдар олардың
түрлерін білуі тиіс.
Мақсаты:
Жабайы саңырауқұлақ пен жеуге жарамды саңырауқұлақтардың аттарын, түрлерін ажырата
алуға үйрету. Аттарын жаттау.
Сұрақтар:
- Саңырауқұлақ қай жерде шығады?
- Саңырауқұлақтың бәрін жеуге бола ма?
- Адамдар не үшін жейді саңырауқұлақты?
- Саңырауқұлақ сендерге ұнайды ма?
Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:
«Саңырауқұлақ»
Жауынды сүйеді, басында домалақ қалпағы бар. Ол не?
(саңырауқұлақ)
Ойын: «Асық ату» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар асықты бір қатар бойына тігіп, соны өз сақаларымен дәлдеп атады. Кім көп
асық атып алады сол бала жеңімпаз атанады.
Мақсаты:
Балаларға асық атуға, дұрыс сөйлеуге, дұрыс ойнауға үйрету. Ептілікке баули отырып,
ұлттық тәрбие беру. Ойынды 3-4 рет қайталау
Еңбек:Алаңдағы жерге түскен жапырақтарды түс-түсімен жинау.
Мақал-мәтел:
«Ер дәулеті – еңбек».
Мақсаты:
Түстерді ажырата алуды үретуді жалғастыру.

Жеке жұмыс: Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс
Қорытынды: «Біз не білдік?»
Саңырауқұлақтардың аттарын, түрлерін білдік.
Олардың жейтін және жеуге болмайтын түрлері бар екенін білдік.

Серуен №5
Қыркүйек айы
Күз ағашына бақылау
Күз ағашы – ол көктемде жапырағы көгеріп, жайқалып тұратын ағаш. Күз мезгілі жеткенде
ағаш жапырағы сарғаяды. Алма ағашы, қайың, емен, жөңке ағашы, жеміс ағаштары тағы да
басқа ағаштардың жапырақтары сарғаяды. Тек қана шырша ғана қысы-жазы жасыл қалпында болады.
Мақсаты:
Күз ағашы туралы ұғымдарын бекіту. Табиғаттың күз мезгілінде өзгеретінін айтып жеткізу.
Күз ағашының ерекшелігімен таныстыру.
Сұрақтар:
- Сендерге күз мезгілі ұнайды ма?
- Несімен ұнайды?
- Күзде ағаштарда қандай өзгеріс болады?
Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:
Жиып теріп болатын
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгілде болады? (күз)
Ойын: «Жапырақ жинау» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар екі топқа бөлініп, берілген бұйрық бойынша жапырақ жинауға кіріседі. Кім көп жинайды,
сол жеңімпаз болады.

түстерді ажырата алуға, үйрету.Ойынды 3-4 рет қайталау.
Еңбек: Алаңдағы жерге түскен жапырақтарды түс-түсімен жинау.
Мақал-мәтел: «Еңбек түбі -береке,
Көптің түбі - мереке».
Мақсаты:
Түстерді ажырата алуды үретуді жалғастыру.Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.
Жеке жұмыс: Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.
Қорытынды: «Біз не білдік?»
Ағаштың ұзақ өмір сүретіні жайында.
Күзде жапырақтардың өзгеретіні жайында білдік.

Серуен №6
Қыркүйек айы
Түскен сары жапыраққа бақылау
Жапырақтың түсі неге сары? Сары болатын себебі – ол күз мезгілінде сарғайып жерге түседі.
Күз мезгілі аяқтала өз «киімдерінен» айырылып, қысты тек бұталарымен өткізеді. Ал, көктем,
жазда қайта бүршік атып, жапырақ жаяды.
Мақсаты:
Балаларға жапырақтың өсуі жайында, әр мезгілде түрленетіні жайында айтып, түсіндіру.
Талды сындырмауға,табиғатты аялауға үйретіп, тәрбиелеу.

Ойын: «Ұзындыққа секір» қимылды ойыны.
Ережесі:
Балалар бір-бірден қатарға тұрып, сызық сызылады. Мәреге дейін сол орынында тұрып секіруі тиіс.
Мақсаты:
Жылдамдыққа, ептілікке үйрету.
Ойын:«Қырықаяқ» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар екі жаққа бірдей бөлінеді. Берілген мәреге дейін екі топ бірінен-бірі ұстап,
айнала жүгіріп, сол белгіге жүгіруге тиіс.
Мақсаты:
Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Еңбек: Алаңдағы жерге түскен жапырақтарды жинау. Әр түсті жапырақтан әр түрлі жұмыстар жасау.
Мақал-мәтел:«Татулық – табылмас бақыт».

Жеке жұмыс: Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.
Қорытынды: «Біз не білдік?»
Жапырақтың әр түске енуін.
Талды сындырмауды.
Марапаттау сәті
Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау

Серуен №7
Қыркүйек айы
Ұшатын құстарға бақылау
Құстар әр түрлі болады. Біз тек ұшатын құстарды қарастырамыз. Күзде құстар жылы жаққа ұшуға
қамданады. Себебі, жазда, жылы жақта тіршілік ететін құстар қысқа қалса олар өмір сүре алмайды.
Әр құстың мекендейтін жері бар. Солардың ішінде қарға қысы жазы бір орында мекен ете алады.
Өйткені ол құс төзімді келеді.
Мақсаты:
Балаларға құстар жайында түсінік беру. Құстардың тіршілігімен таныстыру.
Сұрақтар:
- Қандай құс қысқа төзімді?
- Сендер қандай құсты жақсы көресіңдер?
Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:
Құстар, құстар сызылтып ән салады,
Сол әнімен тербетеді даланы.
Ойын: «Арқан тарту» қимылды ойыны
Ережесі:
Арқанды балалар тәрбиеші бұйрығынан кейін екі жаққа тартады.
Мақсаты:
Жылдамдыққа, ептілікке үйрету.
Еңбек: Алаңды тазарту, үлкендерге көмектесу.
Мақал-мәтел:
«Еңбексіз өмір – сөнген көмір».

Жеке жұмыс: Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар
балалармен жеке жұмыс
Қорытынды: «Біз не білдік?»
Құстардың тіршілігімен таныстық.

Серуен №8
Қыркүйек айы
Тірі табиғатқа бақылау
Табиғат екі түрге бөлінеді: тірі табиғат және өлі табиғат. Тірі табиғат – адам, өсімдік, жануарлар,
Жәндіктер.Ол – тіршілік көзі. Өседі, дамиды, қимылдайды. Өлі табиғат – тау, тас, құм, ауа, су.
Бір орында тұрады, өніп, өспейді.
Мақсаты:
Балаларға өлі және тірі табиғат жайында ақпарат беру, ажырата білуге үйрету.
Сұрақтар:
- Табиғат неше түрге бөлінеді?
- Шегіртке өлі табиғатқа жата ма, әлде, тірі табиғатқа жата ма?
- Не себепті?
Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:
Ат басты, арақар мүйізді,
Бөрі кеуделі, бөкен санды.
Ол не? (шегіртке)
Ойын: «Ақ серек пен көк серек» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар екі жаққа теңдей бөлініп тұрады. Бір жақтағы балалар екінші жақтағы бір баланы
әндете шақырады.Аты аталған бала жүгіріп келіп, қарсы беттегі қатарды үзіп шығуы тиіс.
Үзе алған бала өзімен бірге өз тобына бір ойыншыны алып кетеді. Үзе алмаса сол топта қалады.
Мақсаты:
Жылдам жүгіруге, көздеуге, ептілікке үйрету.

«Ердің атын еңбек шығарар».

Өлі табиғат, тірі табиғат жайында білдік.
Марапаттау сәті
Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Серуен №9
Қазан айы
Топыраққа бақылау
Топырақ – табиғаттың бір бөлігі. Оны адамдар өзінің қажетіне жаратады. Өйткені топырақ болмаса,
біздің жеп отырған нанымыз, асымыз болмас еді. Топырақтың құнарлысы және шірігі болады.
Құнарлы топырақта барлық өсімдік жақсы өседі.
Мақсаты:
Балаларға топырақтың пайдасы, зияны жайында айтып, түсіндіру. Ойлану, сөйлеу қабілетін арттыру.
Тілдерін дамыту.
Сұрақтар:
- Топырақтың адамға қандай пайдасы бар?
- Топырақ табиғаттың қандай түріне жатады?
- Не себепті?
Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:
Дала десем, мал елестер көзіме,
Дала десем, дән елестер көзіме.
Дала десем, ән естілер құлаққа,
Мұның бәрі топырақтан жаралған.
Ойын: «Асық ату - алшы» қимылды ойыны
Ережесі:
Үш бала шығып сақаларын лақтырады. Бірінші кезекте –алшы түссе, екінші кезекте – тәйке түссе,
үшініш кезекте – бүк түссе, төртінші кезекте – шік түссе осылайша ойын жалғаса береді.
Мақсаты:
Балаларға асық ойындары жайында білім беру. Асық ату, ойлау дағдыларын қалыптастыру,
ептілікке баулу.
Еңбек: Алаңды өскен, сарғайған арам шөптерді жұлу.
Мақал-мәтел:
«Ердің атын еңбек шығарар».
Мақсаты:
Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.

Топырақтың қасиетін, пайдасы жайында білдік.

Серуен №10
Қазан айы
Фикус гүліне бақылау
- Бөлмеде өсетін фикус гүлінің жапырағы жалпақ, адамның денсаулығына пайдалы. Ол ауаны
тазартып тұрады.Бір ғана фикус гүлінің әр түрі бар. Оның бірі жарықты сүйсе, бірі жарықты
қажет етпейді.
Мақсаты:
Бөлме гүлінің пайдасы жайында, олардың күтімі жайында айтып, түсіндіру.
Гүлдерді жақсылап күтуге тәрбиелеу.
Сұрақтар:
- Фикус қандай гүл?
- Олардың адамға қандай пайдасы бар?
Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:
Апай екті алаңға,
Фикусты жұпар өсетін.
Фикус ұнап маған да
Жасыл әлем жасасын.
Ойын:«Орамал тастамақ» қимылды ойыны
Ережесі:
Әуенмен балалар дөңгеленіп отырады. Сол кезде бір бала ортаға шығып орамалмен әндетіп жүреді.
Әуен тоқтағанда ойын бастаушы ортада тоқтап қалуы керек. Сол кезде екі бала жүгіріп келіп,
оны алып үлгеруі тиіс.Орамалға кім бірінші келеді, сол бала жеңімпаз атанып,ойынды
ары қарай жалғастырады.
Мақсаты:
Балаларды әуенмен жүруге, дәлдеп орамалды екі жаққа қоюға, ептілікке тәрбиелеу.
Ойын: «Білектесу» қимылды ойыны.
Ережесі:
Ойыншылар бір-бірмен білектесіп жарысады. Екі бала бір-біріне қарама-қарсы отырып, шынтағын
үстелге тегіс тигізе, қол күштерін сынасады.
Мақсаты:
Балаларды жылдамдыққа, ептілікке, шымырлыққа тәрбиелеу.
Еңбек: Гүлдерді жапырағын жуу.
Мақал-мәтел:«Ер дәулеті – еңбек,
Еңбегіне қарай өнбек».
Мақсаты:Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.
Жеке жұмыс: Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс
Қорытынды: «Біз не білдік?»
Гүлдердің адам ағзасына пайдасын.

Серуен №11
Қазан айы
Қайыңға бақылау
Қайың – ақ түсті қабығымен ерекшеленетін, әдемі, көпжылдық ағаш. Ол көктемде ерте бүршік жарып,
жапырағын кеш түсіреді. Оның көп түрлері бар. Бұтағы мен діңі берік. Күзде ерекше сары түске
боялатын қайың жапырақтары саябақтарға көрік береді. Қайың шырынының емдік қасиеті мол.
Сусын ретінде де пайдаланады.
Мақсаты:
Балаларға жалпы ағаштар жайында, оның ішінде қайың ағашы жайында түсінік беру. Өсу жолы мен
пайдасын айтып өту. Оларды сындырмауға, аялауға тәрбиелеу.
Сұрақтар:
- Қайың қандай ағаш?
- Жапырақтары күз соңында қандай болады?
Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:
Бүршігі мен қабығы-ем, шырыны бар,
Қасиетін қайыңның ұғыныңдар.
Теңеп оны сыланған сұлу қызға,
Сусын жасап ішетін шырыны бал.

Еңбек: Қайың ағашының жанын тазарту..
Мақал-мәтел:
«Ер дәулеті – еңбек,

Қайыңның көпжылдық ағаш екенін.
Қасиеті мен пайдасын және сұлулығын.

Серуен №12
Қазан айы
Бегония өсімдігіне бақылау
Көркем жапырақты, гүлдейтін өсімдік. Қызғылт көк түсті жапырақтары көз тартады. Бұл гүлдердің
күтімдері де әр түрлі болады. Өсімдікті үш күнде бір суарса жеткілікті. Ал, қыста аптасына бір рет
суарады. Ол тұқымы мен бұталары арқылы көбейеді.
Мақсаты:
Балаларға бөлме гүлі бегония гүлімен таныстыру. Оларды аялап күтуге үйрету.
Сұрақтар:
- Бегония өсімдігінің жапырағы қандай?
- Өсімдікті қалай суарады?
- Адамға қандай пайдасы бар?
Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:
Бегония бөлмеде,
Бақшада да өседі.
Көркемдеуге көшені
Қолайлы гүл деседі.
Ойын: «Қыз қуу» қимылды ойыны.
Ережесі:
Ұл бала мен қыз бала атқа мініп, ереже бойынша бірін – бірі қуады. Қызға жеткен ұл оның
бетінен сүюі шарт. Ал, жете алмаса, келесі айналымда қыз ұлды қамшымен ұрады.
Мақсаты:
Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. Қызды сыйлауға, икемділікке, ептілікке үйрету.
Ойын: «Білектесу» қимылды ойыны
Ережесі:
Ойыншылар бір-бірмен білектесіп жарысады. Екі бала бір-біріне қарама-қарсы отырып,
шынтағын үстелге тегіс тигізе, қол күштерін сынасады.

Еңбек: Гүлдерге су құю, жапырақтарын тазарту.
Мақал-мәтел:«Бейнет түбі - зейнет».

Жеке жұмыс: Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.
Қорытынды: «Біз не білдік?»
Өсімдіктің бұталары мен тұқымы арқылы көбейетінін білдік.
Әдемі, қызғылт гүл.

Серуен №13
Қазан айы
Қарағай ағашына бақылау
Мәңгі жасыл өсімдік таулы аймақтарда кездеседі. Ол өте тез өседі. Жер шарында 100 – ден аса түрі
бар. Тамыры жайыла өседі. Сондай-ақ, жай және тез өсетін түрі бар. Қарағайдың бүршіктері
өте әдемі. Одан неше түрлі бұйымдар жасалады.
Мақсаты:
Балаларға қарағай ағашы жайында толық түсінік беру. Өсуі мен пайдасын айтып,
түсіндіру, тілдерін дамыту. Ерекшелігін көру.
Сұрақтар:
- Қарағай қанша жыл өмір сүреді?
- Ол қандай ағаш?
- Адамға қандай пайдасы бар?
- Қайда кездеседі?
Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:
Өрмелеген баладай,
Өсер тауда қарағай.
Қияда тұрар қасқайып,
Қиындығына қарамай.
Ойын: «Дойбы» ойыны
Ережесі:
Дойбының арнаулы тақтасы болады. Әрбір жеке шаршылар ақ және қара түске боялған.
Екі адам кезектесіп, бір-біріне қарсылас болып ойнайды.
Мақсаты:
Балаларды икемділікке, тез ойлауға, ептілікке тәрбиелеу.

Балаларға асық ойындары жайында білім беру. Асық ату, ойлау дағдыларын қалыптастыру, Ептілікке баулу.
Еңбек: Ойыншықтарды жуу, орнына қою.
Мақал-мәтел: «Жақсы бала – елдің ырысы».

Тұқымы мен қалемшелері арқылы көбейеді.Көпжылдық өсімдік.
Марапаттау сәті
Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Серуен №14
Қазан айы
Күздік жемістерге бақылау
Күздік жемістер – күз мезгілінде пісетін бау-бақша өнімі. Олар: алма, өрік, қарақат, алхоры,
шие, алмұрт,долана, алша, анар, т.б.
Мақсаты:
Балаларға жемістерді ажырата білуге, дәміне қарай атап, адам денсаулығына қаншалықты
пайдалы екенін айту. Жемістерді күтуге, сақтай білуге үйрету.
Сұрақтар:
- Сендерге жемістер ұнайды ма?
- Қандай жемістерді білесіңдер?
- Адамға қандай пайдасы бар?
Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:
Қыста, жазда, күзде де,
Тұрады жасыл түске еніп.
Шипасы мол шыршаның,
Тыңайтар бізге күш беріп.
Ойын: «Қарғымақ» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар екі жақтан екі арқанды ұстап тұрады.. Ортасынан балалар біреулеп қарғып секіреді.
Мақсаты:
Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу
Еңбек: Ойыншықтарды жуу, орнына қою.
Мақал-мәтел:
«Жақсы бала – елдің ырысы».

Күздік жемістердің пайдалы екенін.

Серуен №15
Қазан айы
Солған гүлдерге бақылау
- Балалар, гүлдер неге солып барады? Қазір күз мезгілі. Күн суытты.
Сол себепті гүлдер күн көзін көбірек қажет етіп тұр.
Мақсаты:
Балаларға гүлдің солу себебін түсіндіру. Оған аянышпен қарап, оны күтіп, баптауға үйрету.
Сұрақтар:
- Гүлдер неге солады?
- Қандай гүлдерді білесіңдер?
- Адамға қандай пайдасы бар?
Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:
Қызыл, жасыл гүл егіп,
Баптап күттік, түрлеттік,
Қалмасын деп қуарып
Көптеп-көптеп су бердік.
Ойын:«Соқыр теке» қимылды ойыны
Ережесі:
Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Бір баланың көзін байлап, ортаға шығарады.
Айнала тұрған балалар «Соқыр теке» тиіп, қашып жүреді.
Оның қолына түскен бала ойында ары қарай жалғастырады.
Мақсаты:
Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Гүлдің неге солатынын.

Серуен №16
Қазан айы
Бұлттарға бақылау
Аспанда жауын жауар алдында жиналады. Бұлт ұлпа мақта секілді ақ болады.
Бұлт дегеніміз – ол су бетінен жиналған бу.
Мақсаты:
Балаларға ауа-райы құбылыстарымен таныстыру, өз бетінше ауа-райын бақылай алуға үйрету.
Сол жайында өз сөзімен әңгімелеп айтып беруге баулу.
Сұрақтар:
- Бұлт қай кезде шығады?
- Ол күн көзін неге жабады?
- Адамға қандай пайдасы бар?
Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:
Көзі жасты жылауық,
Келе жатыр бір алып.
Ол не? (бұлт)

Ойын: «Қырықаяқ» қимылды ойыны.
Ережесі:
Балалар екі жаққа бірдей бөлінеді. Берілген мәреге дейін екі топ бірінен-бірі ұстап, айнала жүгіріп,
сол белгіге жүгіруге тиіс.
Мақсаты:Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Еңбек: Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.
Мақал-мәтел:
«Ердің атын еңбек шығарады».

Бұлттардың аспанды жапқанда жауын жауатынын білдік.

Серуен №17
Қараша айы
Күздік бидайға бақылау
Балалар, күзде егістіктердегі бидай піседі. Оны орып, жинап, қамбаға құяды. Содан кейін жуып,
кептіріп, тазалап диірменге өткізеді. Диірменнен шыққан ұннан әртүрлі тағамдар дайындайды.
Бидайдың масағын жинап алғаннан кейін сабағын малға қорек (шөп) ретінде қолданады.
Сендердің күнделікті жеп жүрген торт, печенье, тәтті нандарың міне, осы бидайдан жасалады.
Мақсаты:
Бидай жөнінде түсінік беру. Күзгі табиғаттың адамзатқа тигізер, берер өнімі жайлы ұғындыру.
Еңбектенуге баулу. Нанды қадірлеуге үйрету.
Сұрақтар:
- Бидай қай жерде өсіріледі?
- Бидайдан қандай тағамдар жасалады?
Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Ойын: «Тоғанда балықтар жүзеді» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар әуенмен балықтардың қимылын салып жүреді. Белгі берілгенде «балықтар»
сол қимылда тоқтап қалады. Байқаусызда қозғалып қойған «балық» ойыннан (судан) шығады..
Мақсаты:
Елестету арқылы баланы өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Бидайдың адамға пайдасы жайында білдік.
Бидайдан жасалатын өнімдер жайлы білдік.
Диқаншы еңбегі ауыр..

Серуен №18
Қараша айы
Нанның келу жолдарына бақылау

Бидайды баптайтын адамды диқан деп атайды.
Мақсаты:
Нанның тұқымдық бидайдан нан болып, дастарханға жеткенге дейінгі өтетін кезеңдерін,
еңбек мазмұнын түсіндіру.
Сұрақтар:
- Нан дастарханға қалай келеді?

Жеке жұмыс: Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс
Қорытынды: «Біз не білдік?»
Нанның жасалу жолдарын білдік.

Серуен №19
Қараша айы
Тікұшаққа бақылау
Көліктердің бірі әуе көлігі – тікұшақ. Ол адамдарды керек жеріне лезде жеткізеді. Оның аты айтып тұғандай,
ол аспанға бірден тік көтеріледі. Өте үлкен бұл әуе көлігі өте қолайлы. Оның ұаштын жері жазық
алаңқай болуы керек. Себебі оның төбесіндегі айналатын қалақшалары іске қосылғанда өте күшті жел болады.
Оны арнайы оқып, дайындалған мамандар ғана ұшыра алады.
Мақсаты:
Көліктерді еске түсіре отырып, тікұшақ жайлы түсінік беру. Тілін дамытып, ойлау қабілетін арттыру.
Өз бетінше әңгімелеп беруге үйрету.
Сұрақтар:
- Тікұшақ қандай қызмет атқарады?
- Ол аспанға қалай көтеріледі?
- «Әуе көлігі» деп не себепті айтамыз?
Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:
«Ұшқыш болғым келеді» Қ.Аманжолов
Айға әнін тыңдатқан, Ұшқыш болмай немене!,
Ақын жырын жырласа, Қуат бітті денеме,.
Таңшолпанын қуантқан, Қанатым бар қайыспас!
Ұшқыш болғым келеді!. Ұшқыш болғым келеді!
Ойын: «Ақ серек пен көк
серек» қимылды
ойыны
Ережесі:
Балалар екі жаққа теңдей бөлініп тұрады. Бір жақтағы балалар екінші жақтағы бір баланы әндете шақырады.
Аты аталған бала жүгіріп келіп, қарсы беттегі қатарды үзіп шығуы тиіс. Үзе алған бала өзімен бірге
өз тобына бір ойыншыны алып кетеді. Үзе алмаса сол топта қалады.
Мақсаты:
Жылдам жүгіруге, көздеуге, ептілікке үйрету, күштілігін арттыру.
Ойын: «Қырықаяқ» қимылды ойыны

Мақал-мәтел: «Ердің атын еңбек шығарады».
Мақсаты:Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту
Қорытынды: «Біз не білдік?»
Тікұшақ өте күшті әуе көлігі.
Ол төбесіндегі қалақшаларының көмегімен ұшады.

Серуен №20
Қараша айы
Бұлтқа бақылау
- Балалар, естеріңде болса, табиғаттың екі түрі бар деген болатынбыз. Олар – «тірі табиғат»
және «өлі табиғат». Солардың бірі – тұман мен бұлт судың булануы нәтижесінде пайда болады.
Ауа-райы бірде суық, бірде жылы болғанда жер бетінен бу көтеріледі. Оны - тұман дейді.
Ал, үлкен-үлкен теңіздерде, көлдер мен өзендерде күн ысып, су буланады да аспанға көтеріледі.
Ол бу бізге білінбестен аспанда бір жерге желдің арқасында жиналады. Міне, содан бұлт пайда болады.
Бұлт жерге жаңбыр болып жауады. Тұман қалың болса адам алдындағы нәрсені көрмейді.
Бірақ тұман көп тұрмайды, ол тез сейіледі.
Мақсаты:
Өлі және тірі табиғат туралы түсінік беру. Табиғаттың екі түрге бөлінетінін еске түсіру арқылы
балаларға бұлт, оның пайда болуы жайлы мәлімет беру. Өлі және тірі табиғаттың адам
өміріндегі маңызын айту.
Сұрақтар:
- Өлі және тірі табиғатқа нелер жатады?
- Оның адамға қандай пайдасы бар?
- Бұлт қалай пайда болады?
Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:
«Қара бұлт»
Жаңбыр-жаңбыр қара бұлт, Бұлт қойнында шатырлақ,
Төне қалды тау жақтан. Найзағай да толы екен.
Күңгірт тартты дала күрт, Күн күркірі сатырлап,
Қорғасындай салмақтан. Нөсер жауын мол екен.
Ойын: «Кім мерген?»қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар қарды домалақтап, арнайы көздеген затқа дәлдеп тигізіп ойнайды.
Мақсаты: Балаларды ерлікке, дәл тигізуге, күшті болуға баулу.
Еңбек: Торғайларға жем шашу.
Мақал-мәтелдер
Ырыс алды – ынтымақ.
Бірлік бар жерде тірлік бар.
Мақсаты: Балаларды бір-біріне деген қамқорлыққа, достыққа, ұйымшылдыққа,сүйіспеншілікке,
еңбекқорлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Дене шынықтыру іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс жасау.
Қорытынды: «Біз не білдік?»
Өлі табиғаттың да адамдар үшін пайдасының көптігін білдік.
Бұлттың қалай пайда болатынын.

Серуен №21
Қараша айы
Ауладағы иттерге бақылау
- Иттердің түрлері өте көп. Ит адамның досы.Ол адамдарға үйді күзетуге көмектеседі.
Оның құлағы жақсы естиді. Жүйрік. Түрлеріне қарай олардың аттары да сан алуан.
Иттің баласын – күшік деп атайды.
Мақсаты:
Балаларға ит туралы түсінік беру. Оның адамға деген пайдасын айту. Ойлау, есте сақтау
қабілеттерін арттыру. Тіл байлығын дамыта отырып, сөздік қорын молайту.
Жануарларды қорғауға үйрету.
Сұрақтар:
- Өлі және тірі табиғатқа нелер жатады?
- Ит қандай болады?
- Оның адамға қандай пайдасы бар?
- Не жейді?
Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:
Ит – жеті қазынаның бірі.
Ит адамның досы.
Итті ұрма, басына теппе!
Ойын: «Тату тәтті отбасы» қимылды ойыны
Ережесі:
Алаңда балалар әр отбасы болып бөлінеді. Әуенмен билеп жүреді. Педагог әуенді тоқтатады да:
«Тату тәтті жанұяда 2 (3,4) адам тұрады!» деп хабарлайды. Сол кезде балалар аталған
санға қарай бөлінуі тиіс. Осылайша ойын жалғаса береді.
Мақсаты:
Тез шешім қабылдай алуға, жылдамдыққа, ептілікке, сыйластыққа үйрету.
Еңбек: Бөлме гүлдеріне су құю.
Мақсаты: Балаларды бір-біріне деген қамқорлыққа, достыққа, ұйымшылдыққа,
сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Иттің адамға дос екендігін білдік.

Серуен №22
Қараша айы
Бөлме гүлдеріне бақылау
Балалар назарын топта «Табиғат бұрышындағы» гүлдерге аударамыз.
Олар өздері білетін гүлдедің аттарын атайды. Олар: «Қазтамақ» (герань), «Қытай раушан гүлі»,
«Сиягүл», «Түймедақ» (ромашка), «Фикус», «Бегония», т.б. Бөлме өсімдіктерінің тек қана сән
үшін ғана емес, ауаны тазартатын да қасиеті бар. Гүлдердің жапырақтарын сулы шүберекпен
сүртеді немесе су бүріккішпен су бүркеді. Тамырын зақымдап алмай таяқшамен топырағын қопсытады.
Мақсаты:
Бөлме гүлдері туралы түсінік беру. Гүлдердің түрлерімен таныстырып, бөлме гүлдерін бақша
гүлдерінен ажырата алуға үйрету. Өсімдіктерді күту ережелерімен таныстырып, күтіп баптауға тәрбиелеу.
Сұрақтар:
- Гүлдерге қалай қамқорлық жасаймыз?
- Бөлме гүлдерінің қандай пайдасы бар?
Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:
«Гүл»
Үйде тұрып өсетін, Жел ысқырып, күз келді,
Әкеп гүлдің көшетін, Жапырақтар түсті енді.
Топырақты салдым да, Жаурамасын біліп гүл,
Отырғыздым қалбырға. Тысқа қарап күліп тұр.
Ойын: «Өрмекші мен шыбын»қимылды ойыны
Ережесі:
Әуен ойнағанда шыбындар адуындап ұша бастайды. Әуен тоқтағанда олар қонады.
Ол қозғалғанда өрмекші олады аңдып, ұстауға шығады. Әуеннің орынына бубен қолдануға болады.
Мақсаты:
Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Мақал-мәтел
«Ердің атын еңбек шығарады».
Қорытынды: «Біз не білдік?»
Гүлдер дала, бақша гүлдері болып бөлінеді.

Күзгі ауа-райын
бақылау картотекасы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Күзгі ауа-райын бақылау картотекасы

шағым қалдыра аласыз