400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

күзгі бал

Материал туралы қысқаша түсінік
күзгі бал өткізуге өте қажетті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

2017/2018оқу жылы
Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Жүргізілу барысы: Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар және қонақтар
1-жүргізуші:

 Армысыздар ағайын, құрбы - құрдас!
Бармысыздар жанкүйер, әз- қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық.
2-жүргізуші:

Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отырайық
Ұмыттырар күн бойғы шаршағанды.
1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Күзгі бал - 2017» байқауына қош келдіңіздер!
2- жүргізуші:

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде ататұғын жаңа таңбыз.
Жан мен тән сұлулығын тепе - тең ғып,
Бар елді өзімізге қаратамыз.
Ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз.(музыканың сүйемелдеуімен ортаға қатысушы жұптар шақырылады)


1- жүргізуші: 9 «ә» Оразбек Айжан, Базарбаев Олжас
2- жүргізуші:9 «б» Сабыр Нұрсұлтан, Тілеубай Аяулым
1-жүргізуші: 9 «в» Оңғаров Аян, Сатқанбаев Аружан
2- жүргізуші:  9 г Жумагалиева К Қыдырниязов Асылбек

1- жүргізуші: 10 а Сугирбаева Диана Сеймаков Әділ
2- жүргізуші: 1-жүргізуші: 10 «ә» Зерипов Батырбек, Батырбаева Ақбота
2- жүргізуші: 9 «в» Хайырбергенова Ақмарал,Молдаминов Асылбек

1-жүргізуші: 10«г» Токбаева Әсем, Билеуов Ардақ

1-жүргізуші:

Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан

. Ендеше әділ баға беретін әділ қазы алқаларымен танысайық.

Какабаева Г

Козгамбаева Л

Әпшеқызы Г



1- жүргізуші:Көп сөйлеп жан жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер
Қанеки, жұптар сайысын бастайық біз.
2- жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныстырып өтейік:
1.
«Таныстыру»
2. «
Үй жұмысы Табиғат туралы видео ролик»
3. «
Сұрақ жауап география, биология, химия пандеринен»
4. «
Сән және қол өнері»
5. «Өз өнері»
1-жүргізуші: Қош келдіңіз көрермен,
«Күзгі бал» сын-кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімді таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырсын.
2-жүргізуші: Әділ қазы алқасының берер бағасын білсек.
1-жүргізуші: Өнерсізден қашып жүр
Өнермен үлгі шашып жүр
Өнерді көп білетін дана болар
Өнерсіздің ісі шала болар
2-Жүргізуші:Тау әсем қарағайлы аршасы бар
Сол тауға талапты жас барса шығар
Өнер көп бұл дүниеде адам ашқан
Бойыңда сол өнердің қаншасы бар?
Табиғат туралы видео ролик
1-жүргізуші: Әділ қазы бағаларымен танысайық.
2-жүргізуші: Ендігі сайыс білім нәрімен сусындаған жұптардың жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін саралаймыз

Сұрақтар

1-жүргізуші:Әділ қазы алқасының берер бағасын көрейік.

2-жүргізуші: Ақ боз үйді үлпілдеткен 
Боз даланы бүлкілдеткен 
Әсем едің, шіркін неткен 
Құлпырады сәнді бақтар 
Құлпырады бүгін қызбен ұлдар

. Келесі кезең «Күзгі киім үлгісін көрсету» Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.

1-жүргізуші:  Күзгі жеміс - жидектен
Жасаған тамақ тұр міне
Мұрныңды жара есіктен
Неткен дәмді тағам ең!


Қанеке? Қайсымыз жылдамбыз-ай. Ендеше келесі кезекте дайындаған күзгі дәмдеріне берсек.: 

1-жүргізуші: Сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазылардың бағасын білсек.
2-жүргізуші:

Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда
маңызды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,

Бүгінгі кеш тобымыздың

Өз өнері

Әділ қазылардың бағасын білсек

1-Жүргізуші: 

Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң оны ұғатын
2-жүргізуші: 

Өнердің сан түрлерін сараладым,
Дайынба, әділқазы бағаларың, - деп сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Марапаттау рәсіміне кезек берелік.
2-жүргізуші: Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
1-жүргізуші: «Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Көрермендер көбейсін күннен - күнге
Келе берсін қонақтар ғарыштан да - деп «Күзгі бал - 2017» сайысын аяқтаймыз.

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
441
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі