15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Күзгі бал кеші
«Қабанбай батыр атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі
шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Күз-берекем, күз-мерекем» кеші
2018-2019 оқу жылы
«Күз-берекем, күз-мерекем» кеші
Мақсаты:
Күз
мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып,
күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық,
күз-шаттық, күз-қуаныш екенінін
оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік
бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа
баулу.
Оқушылардың
адамгершілік мәдениетін көтеру.
Қоршаған
ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру,
еңбек етуге үйрету, кәсіптік бағдар
беру, экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі: «Алтын күз» атты плакат, жапырақ, гүлдерден жасалған
декоративті композициялар, «Күз байлығы» күздің сыйынан жасалған мүсіндер көрмесі, « Күздік икэбана» (ең әдемі гүл шоғы) атты көрме,табиғат өнімдерінен жасалған макеттер.
Іс – шараның барысы
1-жүргізуші: Күз- береке, байлықтың бастауы. Күз қауырт жұмыстың кезі. Қылышын сүйретіп келе жатқан қыс мезгіліне дайындалатын кез.
2-жүргізуші: Сондықтан да еңбектің қадірін түсіне білуге арналған бүгінгі тәрбиелік- демалыс кешіміз – жақсылықтың бастауы.
1 жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар!
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»
бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Өлкетану» базалық бағыты незінде өткізілгелі отырған «Күз-берекем,күз-мерекем » атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер.
Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілі туралы бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.
2 жүргізуші: Сәлемітсіздер ме , қымбатты достар мен қонақтар!Сіздерді осы мерекеде көргенімізге өте қуаныштымыз! Міне, бүгін мектебімізде «Күз-берекем,күз-мерекем» атты кеш тойланғалы жатыр. Күз- жыл мезгілдерінің бірі. Күзде күн суытып, барлық жан-жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе!? Иә, мен бұл мезгілді «Алтын күз!» деп айтар едім. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялады.
1 жүргізуші:
Баршаңызға! Баршаңызға!
Жиналғанға ұқсайды барша мұңда!
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгін, міне, қуандырып біздерді,
Берекелі күз келді,мерекелі күз келді!
Көбейді құт – береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді » тойлаймыз.Тойымызды бастамас бұрын әділ- қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1. ___________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
1-жүргізуші:
Мадина
білесің бе ?
– Күздің екі түрі бар. Біреуі – қуанышты, себебі, күзде егін көп болып, жеміс-жидектер пісіп, молшылық болады.
2-жүргізуші:
Иә,дұрыс
айтасың .
– Екінші күз мұңды күз, себебі, сарғайған жапырағынан айырылған, қурап біткен ағаштар мен өсімдіктер күзде солады. Аспан сұр болып суық күндер басталады. Күн де қысқарып, түн ұзарады.
1-жүргізуші:
–
Әр күзді әркім әрқалай сүйеді. Біреу
Алтын күз дейді. Оны сарғайған сары ала,
жапырақтары үшін сүйеді.
2жүргізуші:
Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын
Көңілдің серіппелі күйін ашсын
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып
Берекелі бірлікпен ортақтассың- дей келе отырып,құрметті көрермендер, бүгінгі жыл сайын мектебімізде өтетін дәстүрлі «Күз-берекем,күз-мерекем» мерекесіне жиналып отырмыз. Бұл сынға 5-7 сыныптардан 6 топ қатысқалы отыр.
2 жүргізуші:
Уа Халайық,халайық,
Бәріне жар салайық
Сәлем жолдап баршаңызға
Келіп тұр бүгін топтар ортаңызға
5а-сынып «Банан» тобы
5б- сынып «Анар» тобы
6а-сынып «Алма» тобы
6б-сынып «Ананас» тобы
7а-сынып «Қызанақ» тобы
7б-сынып «Апельсин» тобы
2 жүргізуші:
Алтын
күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді
серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен
шаттық бірге қатар қонып,
Береке
бірлікпенен ортақтассын,
– дей келе
кешіміздің шарттарымен таныстырып
өтейін
/жоспардардағы шарттарды оқып шығу/
1 жүргізуші:
І. Таныстыру / эмблемаларын макет түрінде қорғау / кезеңін бастаймыз
Күзгі мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға
Сайысушы топтарды шақырайық,
Таныстыру кезегін бір жалғаса
2 жүргізуші:
ІІ. «Алтын күз» (Өз шығармашылығынан 3-5 шумақ өлең оқу)
1 жүргізуші:
ІІІ. « Күз байлығы» (Күздің сыйынан жасалған мүсіндер көрмесі)
Береке
де осында,
Мереке де осында,
Күз
сыйының мүсіндері көрмесін ,
Қарайық біз тамсана
2
жүргізуші:
IV. Күзгі сән үлгісі ( 5-6 баладан кем болмауы керек, киім қолдан тігілуі керек )
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз жанымен
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен, -дей келе келесі кезекте сән үлгісі.
1 жүргізуші:
V. «Таң қалмаңыз» байқауы
Бұл жандардың қылығына сай ісі,
Сәулеленіп тұрады әрбір жай ісі.
Өнерлілерді шақырамыз ортаға,
Ендігісі актерлік шеберлік кезеңіне
2 жүргізуші:
V I. Күздік икэбана байқауы (Үй тапсырмасы)
Топтарға өнерпаздық жарасады,
Жеңу үшін бәрі де таласады.
Мектебіміздің тобы өнерлі команда ғой,
Риза болып мына жұрт қарасады.
1-жүргізуші: Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз- дей отыра, ортамызға мерекемізге көрік беретін әр – алуан жемістердің Хан мен ханшаларын ортамызға шақырайық. (сынып бойынша хан мен ханшаларды шақыру). Музыка әуенімен шақыру
2-жүргізуші
–
Кейбіреу
аяқ басуға да ерінер,
Би билеу көзге
әсем көрінер,
Бозбала мен бойжеткен
топ ортада,
Аққудай көлде жүзген
дөңгеленер
Хан мен Ханшайымның вальс өнерін тамашалаңыздар
1-жүргізуші: Еседі күздің желі жер бауырлап,
Барады қолын бұлғап, жаз бұлдырып.
Қыс ызғарын сездіріп,қарасаңыз,
Көк аспан күз бұлтымен тұр тұнжырап.
2-жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістерден тұратын,
Өмір күрес жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын. Ендігі сөз кезегін әділ- қазы алқаларына береміз
1-жүргізуші:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Егер де сіздер рұқсат етсеңіздер
Осымен «Күз-берекем,күз-мерекем» кеші аяқталды. Ендігі сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген