400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күзгі бал кеші "Жомарт күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру. Күз мезгіліндегі өнім көкөністерден көрініс сахналандыру. Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру. Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жомарт Күз (Күзгі бал кеші)
Мерекеге сай безендірілген сынып.
Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.
Балалардың қолдарында жапырақтар.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Жомарт Күз» атты ертеңгілігіне қошкелдіңіздер.
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
-
Қараңдаршы, бүгін біздің сыныбымыз қандай әдемі болып кеткен.
Қолымызға не ұстап келдік?
-
Жапырақтар.
-
Осы жапырақтардың түсі қандай?
-
Сары.
(
Сырттан бір дыбыс естіледі,желдіңшуы)
-
Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу?
(
Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы:Сәлеметсіздерме, балалар!
Балалар: Сәлеметсізбе!
Күз ханшайымы:
Мен–Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Тәрбиеші: Қошкелдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайындыбәрі,
Шықса–жасыл,
Түссе–сары. Бұлне?
Балалар: Жапырақ
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар . Егерде тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.
Тәрбиеші: Әрине, қымбаттыКүзханшайымы! БіздіңбалаларКүз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «АЛТЫН КҮЗ»
Міне
Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы - сұрақтар.
1-
сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? (Ерте Күз, алтын Күз, қара Күз)
2-с
ұрақ: Күз айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша )
Тәрбиеші: Ендеше ортаға Күз айларын шақырайық.
Аяна : (Қыркүйек)
Бірінші қыркүйек
Білімге бастады.
Мал мен аң жүр билеп,
Құс шарлап аспанды.
Арман: (Қазан)
Жаңартқан ғаламды
Жаңбырлы ғажапай
Осынау заманды
Орнатқан қазанай.
Перизат: (Қараша) Молбайлық тергені
Шаттығы қаншалық.
Қарашы, өрледі
Қараша ән салып.

Тәрбиеші:Мінеки, балалар .Күз айларымен таныстыңдар.
Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, пияз, қияр, картоп,
Бұршақ, асқабақ, қызылша,
Қызанақ, орамжапыраққа қарашы.
Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.

Ринат : (Қызылша)
Менде бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те
үстелде.
Наргиза : (Қияр)
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Бек (Асқабақ)
Өсембақша-бауында
Қатты ұқсаймын қауынға
Жемек болып шикідей
Күлкі болмай қауымға.
Даяна : (Пияз)
Боламын мен дәмдеуші
Барлық-барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Тыныштык : (Картоп)
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық!
Көкөністер барлығы:
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?

Тәрбиеші:
Көкөністер бәріде
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жақсы біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер
БИ: «ЖАПЫРАҚТАР»
Тәрбиеші:Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнадыма?
Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.
Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық Күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты бойынша ұлдармен қыздар екі себетке жемістер мен көкөністерді жинайды. Кім жылдам жинайды екен? Тексереміз.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Енді екінші тапсырмамды тыңдаңдар, жұмбақшешу.
2-
тапсырма:1.Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.Бұл не?
(Сәбіз)
2. Жайлы, ж
ұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін
Қабат-қабат тоным бар
Қалай оны шешемін.
Бұл не? (Орамжапырақ)
3. Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Бұл не?(Пияз)
4.
Аспай піскен, қайнамай түскен.
(Жеміс)

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!Жұмбақты да шеше аласыңдар.
Аленді қонақтарымызды сынап көрейік. «Ұйқасын тап» ойыны ойнайық.
Ойын: «Ұйқасын тап»
1.
Пісетін кезі дәл Күзде
Мезгілсіз оны
үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты-(шабдалы)
2.
Кіп-кішкене болсада,
Ағаштың басыниеді.
Жемістерін айырып,
Танисы
ңба...?(шиені)
3. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері- бақша-бақ.
Күрең қызыл шіркін-ай,
Оның аты....(таңқұрай)
КҮЙ: «ЕРКЕМАЙ» Нұрсұлтан
Тәрбиеші:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге Күз келді.
Жемістерін жинау
ға
Шақырады біздерді.
Жемістерді қарсы алайық.
(
Осы кезде әуен ойналады. Ортаға жемістер шығады.)
Аяулым : (Алмұрт)
Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттын.
Ба (
Алмхтияр а)
Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
Нуршат: (Жүзім)
Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім.
Айдана: (Өрік)
Өрікпін, мен өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін
Баптап мені күткен соң,
Талды бойлап өріппін.
Серик : (Шие)
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен бас иемін.
Ән: «ҚАЙДА?»
Күз ханшайымы:-Өте тамаша,балалар! Қазір мені мен ойын ойнайсыңдарма?
Бұл ойын«ЖАПЫРАҚ ТЕРУ»деп аталады.
Тәрбиеші:-Енді,Күз ханшайымның үшінші тапсырмасын орындайық.

Күз тақырыбына тақпақтар айту.


Ән: «АНАШЫМ ЖАН АНА» Ақжүніс
Тәрбиеші:
Бидай, арпа, тары бар,
Сұлы, күріш бәрібар.
Әне жырлап барады,
Әнге құлақ салыңдар.
(
Ортаға әуенмен дақылдар шығады.)
Думан : (Бидай)
Нан анасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын.
САЯТХАН: (Арпа)
К
үміс мұртты арпамын,
Ырыс-құтты арпамын.
Еңбектеніп баптаған,
Еліме сый тартамын.
Нурсултан : (Тары)
Ақ, қарамын, сарымын,
Мен өнімді тарымын.
Халқымең еңбек сіңірсе,
Қайтарамын қарызын.
Акжунис: (Сұлы)
Мен сұлымын, ұланның,
Тұлпарына ұнадым.
Бапта
ған әрдиқанға,
Басымды иіп тұрамын.
АНЕЛЯ: (Күріш)
Күнді сүйген күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім,
Ала жаздай су іштім.
Тәрбиеші: Дақылдар, сендерге көп рахмет!

ТАҚПАҚ: «ПРО ОСЕНЬ»ДАЯНА
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.
Тәрбиеші:Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.
Күз ханшайымы: САУ БОЛЫҢДАР БАЛАЛАР!
(
Осыкездеәуенойналады, Күз ханшайымы қоштасыпкетеді)
Қош бол,Күз ханшайымы.
Тәрбиеші: Күздің

кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көпең бекетукерек. Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Қазіргі сендердің еңбектерін сабақ оқу. Міне, балалар осымен«Жомарт Күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.












































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
1315
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі