400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

"Күзгі бал" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектепке дейінгі және балабақша тәрбиеленушілері арасында өтетін «Күзгі бал - 2016» сайысының СЦЕНАРИІ

1-жүргізуші:-Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар!

2-жүргізуші: Балабақша бүлдіршіндері арасында өтетін «Күзгі бал - 2016» сайысына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:Сары жібек көйлегін желбіретіп, Жапырағын ағаштың селдіретіп. Тойға бөлеп елімді күзім келді. Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.-дей келе бүгінгі сайысымызды бастаймыз.

2-жүргізуші: Кірпігі ине болып қадалды да, Ұшқындап көрермендер жанарында, Балбұл жанып сайыскерлер шықты ортаға, Қол ұрмай қалған сірә,адам бар ма?-дей отырып сахнаға қатысушыларымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!1-жүргізуші: Олай болса сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.2-жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 5 кезеңнен тұрады: 1 - кезең: «Кел, танысайық» - таныстыру бөлімі 1-жүргізуші: 2 - кезең: «Өнерлі бала – елдің көркі» - өнер бөлімі 2-жүргізуші: 3 - кезең: «Сұлулық сыры» - сән бөлімі1-жүргізуші: 4 - кезең: «Күз ғажайыптары» үй тапсырмасы бөлімі2-жүргізуші: 5 - кезең: «Викториналық сұрақ» бөлімі

1-жүргізуші: Сайыскерлер келіп жетті танысуға, Бойындағы бар дарынды дарытуға. Қорықпастан ортамызға келіп жетті, Әдеппен,ізетпенен танысуға. -дей отырып сайысымыздың І-кезеңін бастаймыз.Таныстыру бөлімі



2-жүргізуші: Бүлдіршіндер көп-көп рахмет. Әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде,сайысымыздың бірінші бөліміне баға берсек.

1-жүргізуші: Жапқандай жапырағымен іздерді, Қуантып байлығымен ізгі елді. Бір тойдырып қайту үшін елімді, Сабырлы сары алтын күз келді.-демекші сайыскерлеріміз екінші кезеңге дайын болғанша орындауындағы «Егемен ел – Қазақстан» әнің қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: «Өнерлі бала – елдің көркі» - демекші келесі ІІ -кезең өз өнерін көрсету бөлімі.

2-жүргізуші: Өнер бөлімі бойынша әділқазылардың бағасын алайық.

1-жүргізуші: Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз келесі кезеңге дайын болғанша орындауындағы « » әсем әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: ІІІ кезең - «Сұлулық сыры» - сән бөлімі



2-жүргізуші: Құрметті әділқазылар, сіздерді бүлдіршіндер сән үлгілерімен таң қалдыра алды ма? Бағаларыңыз қандай?

1-жүргізуші: Құрметті әділқазылар IV бөлім «Күз ғажайыптары» үй тапсырмасы бөлімі бойынша берер бағаларыңыз қандай?

2-жүргізуші: Олай болса V бөлім «Викториналық сұрақ» бөлімі. Әр топ қатысушысына бір сұрақтан қойылады.

1-жүргізуші: Викториналық сұрақтар
  • Отбасында қанша адамсындар?
  • Әкен қайда жұмыс істейді? Ал анаң ше?
  • Әкеңе қалай көмектесесін? Ал анаңа қалай көмектесесің?
  • Сен өскенде кім боласың?
  • Үйде ең бұзық кім?
  • Балалар кешке нешеде ұйықтау керек?
  • Мектепке бару керек пе? Не үшін?
  • Бір жаққа қыдырған жақсы ма әлде үйде болған ұнай ма?
  • Саған бәрінен қай мереке ұнайды? Не үшін?
  • Адамдар кітапты не үшін оқиды?
  • Сенің досын кім?
  • Сен қандай мультфильмды ұнатасын?




2-жүргізуші:-Барлығы тегістей сұраққа жауап берді,енді сөз кезегі әділқазылар өздеріңізде.1-жүргізуші:Осымен сайыскерлеріміз бес кезеңнен өтіп өздерінің бойларындағы бар өнерлерін көрсетті,ендігі кезек әділ-қазыларда.Әділ-қазылар дайын болғанша Мади «» қабыл алыңыздар.2-жүргізуші: Бүгінгі сайыстың өтуіне ат салысқан бүлдіршіндерге, ата-аналарына, тәрбиеші апайларға мың алғыс!

1-жүргізуші: Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13.02.2019
1153
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі