1-жүргізуші: Армысыздар ағайын, құрбы - құрдас!Бармысыздар жанкүйер, әз - қауымдас!Бүгінгі кеш әуенін біз бастайықСайыста көңілменен қол соғайық.Біздерде ойын - сауық басталады,Тамаша күй тартылып, ән салады.Қошеметтеп, қол соғып отырайықҰмыттырар күн бойғы шаршағанды.2-жүргізуші: Армысыздар, мейірімді ата - аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,«Аяулы күз, Алтын күз » мерекесімен құттықтаймын.Енді 10 а сынып оқушылары Ажар, Аяулым,Ержан: « Күзгі бақ» әнін қарсы алыңыздар.1-жүргізуші: Ерке өсіп, ең жайланған ұл мен қыз,Асыға сәлем жолдап, жүректен біз.Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз. «Аяулы күз, Алтын күз »атты байқауымызға қатысатын үміткерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз. 8А сыныбы :8В-9В сыныбы:9А сыныбы:10А сыныбы: Адиков Әділ, Алтынбекова Құралай2-жүргізуші: Ал енді әділ баға беретін әділ қазыларымызбен таныссақ: Емшібай Болат, Рустемов Алмаз, Талғатқызы Айсұлу, Хайтбаева Ақбота1-жүргізуші: Сайыс бес бөліммен тұрады:1. Кел танысайық2. Сұрақ-жауап 3. Өз өнерін көрсету4. Телебағдарлама 5. күзгі сән үлгілерін көрсету. 6.Күзгі сыйы. (Үй жұмысы, тамақ пісіріп әкелу)2-жүргізуші: Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен жұптың қайсысы бірінші болып шығатынын анықтап алайық. Ол үшін жеребе тартса дейміз жігіттер.Ал енді қатысушыларымызды сахна сыртына дайындалуға шығарып салып, 10 сынып оқушыларынан Күзгі вальс.Таныстыру:1.
2.
3.
4.Ал енді қатысушыларымызды сахна сыртына дайындалуға шығарып салып, 10 сынып оқушыларынан Күзгі вальс.1-жүргізуші: Өткізді күзгі бал айын.Ағызар сөйлеп сөз майын,Ал ханымыз ақылды.Барша жұртты шақырды,Би де билеп ән айтты.Қуаныштан шалқыды.Ханзадаларымыз бен ханшайымымызды логикалық түрде тексерсек , «Сұрақ-жауап» бөліміне кезек берейік. Жұптарға арнайы сұрақтарды мектебіміздің кітапханашысы Байгазина Уазиға Алжапаровна қояды.1.
2.
3.
4.10 сынып оқушыларынан « скетч»
1-жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан, Шығады деп дарынды.Халық айтса, қалт айтпас,Әрқашанда нанымдыСол шындықты күнделікті,Көріп жүрміз өмірден.Өнерімен танысайық,Тілекші боп көңілден. Ортада сайыскерлеріміздің «Өз өнерлерін»тамашалайық.1234Бүгінгі Күзгі балға келе алмаған қонақтарымыз бар. Солардың құттықтауларын тыңдайық Ал енді үй тапсырмасына кезек берейік. Әр жұпқа бір телебағдарламаға пародия жасауға тапсырма берілген:Сонымен бірінші жұпты қарсы аламыз:Екінші жұп:Үшінші жұп:Төртінші жұп:1-Жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.Күз сәні өнерімен ортаға шығып,Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен- деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.1234
6 Ал енді сұлуларымыздың дайындап әкелген тағамдарына баға берсек:12342-жүргізуші:Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын,Көңілдің серіппелі күйін ашсын.Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,Береке бірлікпенен ортақтассын.Сөз кезегін әділ-қазы алқасына берсек.Сөз кезегін мектебіміздің директоры Кисыкова Гульназға берейік.Ержанның орындауында керемет ән «Шудың бойында» 1-жүргізуші: Алтын күзіміз өзінің бай өнімі, алтын жапырақтары, берекелі, мерекелі, сиқырлы кейпінде біздің ойымызда жақсы бағытта сақталары сөзсіз!2 -жүргізуші: Осымен ,«Аяулы күз, Алтын күз » байқауы өз мәресіне жетті. Күздің әдемі бағының келбетін, сұлу табиғатын, жайлы күндерін естеріңізде сақтап, келесі күзімізге дейін аман-сау болыңыздар дейміз!10 сынып оқушыларынан флешмоб.