400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Күзгі балл

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

25.10.2018. Күз балл


Зал іші мезгіліне сай безендірілген. Залға салтаннатты әуемен балалар кіріп жарты шеңбер болып тұрады.


Мақсаты:

Білімділік: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіну.

Дамытушылық: Балалардың тілдік қорын молайту, көңіл – күйлерін көтеру, ой – өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Ата – аналарды мерекелік шараларға тарту, балалардың үлкенге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Жүргізуші.

Аруна: Терістіктен желдетіп,

Жаңбырлатып, селдетіп,

Шаттандырып біздерді,

Шат шадыман күз келді.

Шатыр тікті сары алтын,

Шартараптың бәрі алтын.

Алып келді мереке,

Астық, жеміс береке.

Батырлыққа жараса,

Көбейді той тамаша

Ән салды өзен, тал – құрақ,

Шашу болды жапырақ.

Құрметті ата – аналар, қонақтар, балалар! Жомарт күз мерекесі құтты болсын! Ел байлығын арттырған беркелі де, мерекелі де, күз мезгілі сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Олай болса «Балапан» тобының Күзгі балға арналған кешімізді бастаймыз.

Бүгін, міне, қуандырып біздерді

Берекелі күз келді, мерекелі күз келді!

Жүргізуші

Ой балалар! Естіп тұрсыңдарма? Жаңбыр жауайын деп тұр

жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді

Бұлт Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар Сәлетсіз бе!

Бұлт Күзгі көк бұлт мен болам

Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын

Қаласам қазір сендерге

Жаңбыр болып жауамын.

Балаларға жаңбыр шашады.

Жүргізуші

Жаңбыр, жаумай тоқтай тұр,

Дабылыңды соқпай тұр.

Үйріңді соқпай тұр!

-Біз саған арнап ән айтып береміз.

Жүгізуші

Балдәурен тобының орындауында «Күз» әнін қабыл алыңыздар.

Ән «Күз»

Бұлт Рахмет, балалар! Қандай әдемі ән. Сендер жаңбырдан қорқасыңдар ма?

Балалар жоқ жүргізуші білдірмей қолшатырды алады

Бұлт Қалай сендер, барлықтарын батылсындар?

Жүргізуші Міне біз қандай батылмыз!

Бұлт сенімен өте көнілді. Бірақ бізге әлі біреу жетіспейтін сияқты.

Бізде күн жоқ екен.Қане ,балалар бәріміз күнді қонаққа

шақырайық балалар орындарына отырып,қолдарын шапалақтап

аяқтарын тыпырлатып, күнді шақырады.


Күн келеді

Күн Сәлеметсіңдерме балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма, достарым?


Балалар Иә!


Күн Мен жарқырап төбеде

Нұрын төгіп тұрамын.

Шуақ шашып бәріне

Бала жанын ұғамын.


Бұлт Күн тоқтай тұр!

Сөзімен менің құлақ тұр.

Ішім толы суға,

Сусыз өмір бола ма?

-Ендеше мен беріне керекпін,мен мықтымын!


Күн Жоқ мен мықтымын!

Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдатады


Жүргізуші Тынышталындар, дауласпандар! Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру үшін

Күзді қонаққа шақырайық.

Би : Күзгі бал


Күз келеді музыка әунімен күз билеп келеді

Күз Сәлеметсіндер ме, балалар!

Ырысқа толы қоймалар,

Сабан тойы тойланар.

Берекелі күз болам,

Байлыққа мұртың майланар.

-Сендер мені шақырдыңдар ма?


Жүргізуші Сәлеметсіз бе, Алтын күз!Сізді шақырған біздің балалар.Алтын күз сен бізге көмектесші Бұлт пен күн кім мықты кім бірінші деп дауласып тұр.


Күз Олар неге дауласады? Қане балалар, Күн мен Бұлтты татуластырайық.

Ол үшін ойын ойнайық .

Ойын «Күн мен Жаңбыр»

Жүргізуші: Алтын күзге арнлған өлең шумақтарын кезек берейік

Аружан: Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.


Дияс: Көк аспанның мөлдіреп,

Алтын күзім елжіреп,

Асыр салып жүре бер,

Сары көйлегің желбіреп.



Аяла: Алтын сары, қызыл, көк...

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жапырлап.

Айгерім: Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шытырлап,

Тамшы жерде секірді.


Мариям: Күншуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.


Даниел: Әй, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші – алаша,

Ануар ма еді жатып ап!..

Жүргізуші: Қызыл, сары, алтын көк

Алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп.

Көз тартады жадырап.

Би: «Күзгі жапырақтар»

Назерке: Дамылдап жатқан балғындай

Тоқтатты сулар тасуын.

Ағаштар алтын жамбыдай

Шашады жерге шашуын.


Сұлтан: Жапырақтар жамырап

Сайға барып бекінді

Анасынан ажырап

Қалғна бала секілді.


Асхат: Жатыр дала жалтылдап

Жаз шуағы мол құйды

Күн астында алтын дән

Тербеледі толқиды.


Айсұлтан: Кейде құйын кетеді

Доп қылып ап қаңбақты.

Бейне тентек баладай

Ойран-асыр салады.

Алма бағын жағалай

Алмаларын қағады.


Гаухар: Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін

Біздің дала – бай дала,

Ел егінді жинайды.

Қырманға дән симайды.

Би: «Қырманға кел қалқатай»

Мағжан: Біздің дала – бай дала

Алтын астық айнала.

Астық дала сәулеті,

Астық – Отан дәулеті.

Біздің дала – бай дала,

Алтын астық айнала.


Үміт: Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешугіді білмеймін.

Піспей тұрған кезімде:

«Менен аулақ жүр», - деймін.

Уылжығын өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін


. Балауса: Тіл үйірген шырыным,

Жемістердің бірімін.

Мен маржандай шиемін,

Ұнатамын күн нұрын.


Нұрислам: Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау – салтымыз.

Толтырады астық қамбасын

Той-думанды халқымыз.


Ералы: Алма өрікті қамбаларға

Толтырды әкеп алтын күз.

Шәкірт болып парталарға

Отырды екен алтын күз.


Перизат: Күнді көрсе толағанар,

Бұлтты көрсе шамдалар,

Қысты қазір жолатпа,

Тола түссін қамбалар,


Жүргізуші: «Күз қандай тамаша»

Жүргізуші:

Ойын «Жемістер мен көкөністер»

Кілемнің үстінде жемістер мен көкөністер шашылып жатады 2-4 бала шығып,

Біріші себетке жемістерді, екінші себетке көкөністерді жинайды.


Жүргізужі: Алтын күз, Бұлт, Күн топқа барып қонақ болыңыздар.


Сары жібек көйлегін желбіретіп,

Жапырағын ағаштың селжіретіп.

Тойға бөлеп елімді күзім келді,

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Жапқандай жапырағымен іздерді,

Қуанып байлығымен ізгі елді.

Сабырлы сары алтын күз келді-

деп біз бүгінгі Күзгі балымызды аяқтаймыз. Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын. Жомарт күздің сыйы жыл бойы халқымыздың ақ дастарханына тойға қойылсын.


2018 жылдың күзгі сән үлгісінің топтамасы


Берекелі бақ – дәулет

Арта түссін тойланып.

Сау болайық бәріміз,

Келгенше күз айналып!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
991
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі