Күз
аруы
– 2018 сайысы
Күзгі
бал – 2018 сайысы
Жүргізуші:
Қайырлы
кеш достар! Күз патшайымы сіздерді соңғы
сиқырлы сәтін, күзгі гүлдердің керемет
жұпарын, жиналған жемістердің айқын да
сиқырлы сұлулығын, әрине күзге тән ойшыл
және сонымен қатар қуанышты көңіл күй
сыйлау үшін шақырды.
Армысыздар
ағайын, құрбы – құрдас,
Бармысыздар
жан күйер, әз қауымдас.
Бүгінгі кеш
әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен
қол соғайық! – дей келе, құрметті
көрермендер бүгінгі дәстүрлі Күз
аруы
кешіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Біздерде
ойын сауық басталады,
Тамаша күй
тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол
соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы
шаршағанды!!!
Құрметті ұстаздар мен
оқушылар!
Біздің бұл байқауға жиналып
отырған мақсатымыз бүгінгі «Күз
аруы»
сайысының «Ханшайымын» іріктеп
шығару.
Жүргізуші:
Аққудай әдеміміз,
сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа
таңбыз.
Жан сұлуымен тән сұлуын тепе
– тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз,
- дей отырып ортаға қатысушыларды
шақырамыз!
Жақсығали
Зухра
Хайрушева
Ақгүл
Исенжулова
Айымжан
Жүргізуші:
Әділ
– қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге
айтып береді,
Кім өнерші, кім мықты?
– деп, әділ – қазы алқасымен таныстырып
өтейік.
Әділ – қазылар
мүшелері.
-------------------
Көп сөйлеп
жөн – жобадан аспайық біз,
Қандай
сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді
сіздер рұқсат етіңіздер,
Қанекей,
Күз аруы сайысын бастайық біз.
Ендеше
сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау
шарттарымен таныстырып өтелік
1
– тур: Таныстыру
2 – тур: «Өнерің өрге
жүзсін»
3 – тур «Сән үлгісі» және шаш
үлгісі
4 – тур: «Үй тапсырмасы» Ас
адамның арқауы
Сонымен алғашқы
сайысымызды бастаймыз «Таныстыру»
сайысы І ші қатысушымыз____________
Жүргізуші:
Он
саусақтан өнер тамған шебер болу
керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап
жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші
құрбыларым, қанекей,
Сайыскерлер сөз
берелік біз жекелеп, дей келе «Өнерің
өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Әр ару
өзінің дайындап келген өнерін ортаға
салады.
Ал, әділ қазылар өнерінің
бағасын беріп отырайық.
Жүргізуші:
Модельер
болу оңай ма?
Қиналып жатсаң мұңайма.
Әр
мамандық өзгеше,
Өз мәнінде, шырайда,
- деп келесі кезекте «Сән үлгісі» сайысы.
Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып
өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын
көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі
киімдер дайындап келуі тиіс еді. Табиғи
материалдар пайдалануына да болады.
Әр
ару дайындаған киімдерін киіп мода
көрсетеді.
Ал ендеше ортаға әр жұптың
сынып жетекшілерін шақырамыз. Сынып
жетекшілер! Қазір сіздер өз қыздарыңызға
шаштаразшы боласыздар. Шаштарына
сәндейсіздер, ендеше тапсырма түсінікті
болса, бастаймыз.
- Ал көрермен
оқушылар, сіздер ойын ойнауға қалай
қарайсыздар?
- Дайынбыз, жақсы ойнайық
(Оқушылардың жауабы)
Жүргізуші:
Жеңістер
мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес,
жеткізетін мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім
деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс,
жаң болсаң сен ұғатын.
«Күзгі аруы»
байқауын қорытындылау үшін әділ қазылар
алқасына аз ғана уақыт береміз! Ендігі
кезек әділ
қазыларда!
---------------------------------
Жүргізуші:
Осылайша
«Күзгі аруы» сайысы өз мәресіне жетті.
«Күз аруы» байқауының жеңімпаздары --
Бас жүлде__________________ қошеметпен ортаға
шақырамыз. Ең бастысы жоғарыда айтып
кеткенімдей біздің бұл байқауға жиналып
отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал»
«Ханшайымын» іріктеп шығардық
«Күз
ханшайымы»: __________________
Жүргізуші:
Тіршілік
– арман, бәрімізге де орын бар,
Басады
кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш
та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстаpым
менің, достарым менің
Бәрінде аман
болыңдар!
Осымен «Күз аруы» атты
кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош - сау
болыңыздар!