2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Күзгі бақ ашық сабақ

Күзгі бақ ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаллардың күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бөлімі: Кіріктірілген ойын іс әрекеті.

Тақырыбы: «Күзгі баққа саяхат!»

Мақсаты: Балаллардың күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. Жаңа сөздерді үйрену және сөздік қорын байыту. Күз туралы білімдерін ойындар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы бекіту.

Күздің белгілерін білуге үйретуді жалғастыру, балабақша ауласындағы ағаштардың атауларын біліп ажыратуға үйрету. Табиғи көріністің көркін байқауға үйрету. Жемістермен көкөністер жайлы білімдерін бекіту. Ажырату ізденгіш әрекеті бойынша түстерін ажыратуға үйрету. . Денсаулықтың маңыздылығын түсінуге үйрету, дәруменге мол тағамдар арқылы денсаулықтарын сақтап, нығайтуға дағдыландыру. Сөз қорларын молайтып, байыту. Шығармашылықтарын дамыту.

Әдіс – тәсіл: Әңгімелесу, дидактикалық суретпен жұмыс, түсіндіру, сөздікпен жұмыс, қайталау, тапсырмалар, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: Алтын күз

Алдын-ала жұмыс: Бақша ауласында бақылау: Күн салқын; Жапырақтар түсіп жатыр; Жел; Балабақша ауласындағы ағаштар;

Құрал-жабдық: , дидактикалық суреттер (моделдер).

Әрекеттің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті




Мотивациялық -  ынталандыру кезең

Кіріспе бөлім:

Ұйымдастыру кезеңі:

-         Балалар бүгін сендермен күзгі баққа саяхатқа барамыз.Онда біз жапырақтардың сарғайғанын, ағаштардың өзгере бастағанын,құстардың жылы жаққа ұшып бара жатқанын көреміз. Және сол жақтан күз ханшайымен күзгі табиғатты бақылап бақты аралайтын боламыз.

-Ой балалар қараңдаршы айнала қандай әдемі! Айнала қандай әдемі! Күзгі табиғаттың сұлулығында шек жоқ екен ия.

- Талдарды қараңдаршы жапырақтары сап сары алтын түске боялған екен ия балалар!




Балалар шеңберге жиналып ортаға тұрады.







Балалар өз орындарына жайғасып отырады.







Балалар айналасына мұхият назар аударып, қарап бақылайды!



-Иә деп жауап береді.










Ұйымдастыру-ізденгіш кезең

Негізгі бөлімі.

-  Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде қанша ай бар? Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?Табиғатта қандай өзгерістер болады?

-         Күз – жылдың өте қызықты бір мезгілі ия балалар , ауа-райыда әр түрлі болады: бірде күншуақ, кейде жаңбыр жауады.

Тәрбиеші

Балалар сендер күз туралы тақпақ білесіңдерме?

Ал айта қойыңдар!

Жарайсыңдар өте жақсы менің ақылдыларым!







Тәрбиеші

Ой балалар қараңдаршы мүнда күз ханшайымы ұйықтап қалыпты!

Балалар біз күз ханшайымын ояту үшін бірнеше тапсырма орындауымыз керек.

Тәрбиеші

Балалар сендер тапсырмаларды орындауға дайынсыңдарма?

Олай болса бірінші тапсырмамыз балалар!

Көкөністер мен жемістерді ажыратып атын атап қайда өсетінін айтып беретін боламыз

Жарайма балалар?

Ортаға екі баладан шығып жемістер мен көкөністерді ажыратып береді.

Тәрбиеші

Балалар бұл не?

Бұл алма!

Алма қайда өседі?

Бұл қияр!

Қияр қайда өседі?

Қияр жерде өседі!

Балалар екі екіден шығып коконіс пен жемістерді ажыратып айтып береді.

Тәрбиеші

Жарайсыңдар балалар сендер өте ақылды екенсіңдер!

Балалар сендерге келесі тапсырма ойын берілген екен!

«Ойын» Дәмін ажырат!

Балалар сендер көздеріңді жұмыңдаршы! Мен сендердің ауыздарыңа жеміс, немесе көкөніс, саламын сендер соны ажыратын боласыңдар жарайма балалар!

Жарайсыңдар балалар сендер өте ақылды дәмсезгіш бала екенсіңдер! Балалар қараңдаршы біз тапсырма орындаған сайын күз ханшайымымыз оянып келе жатыр!

Тәрбиеші

Балалар біз енді күз ханшайымына өлең айтып берейікші!

Мүмкін біздің даусымызды естіп оянатын шығар! Барлығымыз билеп ән айтаық ия балалар!

Ән «Күз»

Жарайсыңдар балалар!


Тәрбиеші.

Балалар біздің келесі тапсырмамыз әдемі сары жапырақтарды, ермексазбен саусақтың көмегімен салатын боламыз! Дайынсыңдарма? Мен сендерді шығармашылық орталыққа шақырамын балалар!

Тәрбиеші

Балалар сендер өте әді етіп салыпсыңдар жарайсыңдар!

Өте ақылды балалар екенсіңдер!

«Күз ханшайымы»

Балалар салематсыңдарма сендерге рахмет мені оятқандарың үшін!

Мен сендер болмағанда оянбай қалар ма едім рахмет сендерге!

Тәрбиеші

Күз ханшайымы біздің балалар сізді ояту үшін берілген тапсырмаларды ешқндай қатесіз орындады!

Біздің сізге тағы бір тосын сиымыз бар сізге ертегі сахналап бергіміз келіп тұр! Сіз бізді тамашалуға дайынсызба?

«Күз ханшайымы»

Әрине мен дайынмын балалар.

Ертегі «Шалхан»







Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар. Ақылды алғыр екенсіңдер.

Сендер сондай ақылды екенсіңдер. Бәрін біледі екенсіңдер. Сендерге дайындап қойған сыйлығымды табыстайын. Сендерге рахмет, менің кетуім керек. Сау болыңдар!

Тәрбиеші күзге: - Алтын күз! Сен біздің денсаулығымызды үнемі ойлап бізге көптеген дәруменді тағамдар силайсың. Рахмет  саған! Сау бол








  Күз мезгілі.

Ауа райы салқын болады. Жапырақтар сарғайып жерге түседі. Жауын шашынды болады.

        Тұмарай

  • Берекесін сыйлауға

  • Өлкемізге күз келді

  • Жемістерін жинауға

  • Шақырады біздерді.

Б.Мұхаммед-Али

  • Құстар қайтты ән салып,

  • Бұлт шарлады аспанды.

  • Қыс келеді жар салып,

  • Күзгі суық басталды.

Берекет

  • Алқаптан ел бидайды,

  • Қоймаға кеп жинайды.

  • Тырнасы тізілген,

  • Ұнатамын күзді мен.



-Иә дайынбыз тапсырма орындауға.

  Жарайды.





Талда өседі, ол жеміске жатады.



  Қияр жерде өседі,

ол көкөніске жатады.


















- Жарайды деп көздерін жұмып көкөніспен жемістің дәмін ажыратады.











-Иә деп балалар қызығушылықпен ән айтып береді.












- Өздеріне берілген тапсырманы мұқия орындауға тырысады.






















Қатысатын Кейіпкелер:

Ата рөлінде: Орынғали.

Әже рөлінде: Айдай.

Немере рөлінде :Дамина

Күшік рөлінде :Али

Мысық рөлінде :Нұрислам

Тышқан рөлінде: Берекет











Рахметтерін айтады.



- Сау болыңыз!




Рефлексиялық - түзету

Қорытынды бөлімі.

-         Барлық ертегілерде соңы болады, сол сияқты біздің сабағымыздың да соңына жеттік. Айтыңдаршы балалар, бүгін біз қайда саяхат жасадық?

- Біз бүгін не істедік?





Кімді көрдік күзгі бақтан?

Қандай ертегіні сомдадық?



Сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?


Сендерге көп-көп рахмет, дендерің сау болсын, ауырмандар. Келесі кездескенше!






  • Күзгі баққа.

  • Жемістер мен көкөністерді ажыраттық дәмін таттық.

  • Күз ханшайымын көрдік.

- Шалхан ертегісін.



-Ия, ұнады

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Күз мезгілі жайлы, күзде қандай маусымдық өзгерістер болатыны жайлы, балабақша ауласында қандай ағаштар өсетіні жайлы білді.

Үйренеді: Табиғи көріністің көркін байқауға үйреніп білімдерін бекітті. Ажырату ізденгіш әрекеті бойынша , түстерін ажыратуға үйренді.

Түсінеді: Денсаулықтың маңыздылығын түсінеді, дәруменге мол тағамдарды жеу керек екендігін біледі, түсінеді. Өз ойларын анық, толық және ашық айта алады.









Манғыстау облысының білім

басқармасының Жаңаөзен

қаласы бойынша білім бөлімінің

«№ 17 «Рауан» бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы

МКҚК – ның әдіскері

___________Жанжигитова Р.С

«______» «______»________




Ұйымдастырылыған ойын іс әрекеті

Тақырыбы: «Жайдарлы күз, жарқын күз!»
















2024-2025 оқу жылы


20 Наурыз 2025
155
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі