«БЕКІТЕМІН»
Маңғыстау облысы білім басқармасының
«Оңалту орталығы» КММ-нің
директоры _____________ Нуртаева Ж.А
Ашық түзету-дамыту жұмысы
Тақырыбы: «Күзгі баққа
саяхат»
Дайындаған:«Бақыт» тобының тәрбиешісі:Буркутова С
Жаңаөзен қаласы
2025 жыл
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Өтпелі тақырыбы: «Менің отбасым»
|
Тақырыбы |
«Күзгі баққа саяхат» |
|
|
Күні: |
||
|
Топ: «Бақыт» |
Қатысқан бала саны: 4 |
|
|
Нақтамасы: |
Сөйлеу тілінің дамуының тежелуі. |
|
|
Мақсаты: |
Балалардың танымдық үрдістерін, қиял, ой-өрістерін дамыту.Ұсақ қол моторикасын қалыптастыру. Күз мезгілі туралы түсінік беріп, ерекшеліктерімен таныстыру. |
|
|
Күтілетін нәтиже: |
Жапырақтың суретін салуды үйренеді. |
|
|
|
|
|
|
Өткенді қайталау: |
Күз мезгілінің ерекшеліктерін атайды. |
|
|
Түзету-дамыту жұмысы |
||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Дұрыс әсерлі көңіл-күй орнату Ұйымдастыру Жаңа тақырып бойынша жұмыс |
Амандасу: Шаттық шеңбері: Кәне, кәне тұрайық Үлкен шеңбер құрайық. Тұрсақ егер шеңберге, Алақанды ұрайық. Оң жақтағы балаға, Сол жақтағы балаға. Шапалақта шапалақ, Шапалақта шапалақ. -Жарайсыңдар, балалар! -Балалар, қараңдаршы, бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық. (балалар амандасады). -Балалар, ал енді орындарымызға ыңғайланып отырайық. Мен 1,2,3 дегенде көзімізді жұмып (жәй әуен ойналады), көз алдымызға қай жыл мезгілінің ерекшеліктерін сипаттап тұрғанымды елестететін боласыңдар. -Кәне,1,2,3. Көзімізді біз жұмамыз. -Табиғаты өте сұлу, айнала сап-сары алтындай сары түске боялған ағаштардың жапырақтары желмен ұшып, жерге түсіп жатыр. Күн суық, жиі жаңбыр жауады.Жаңбыр жауған сайын қолымызға қолшатыр ұстап, үстерімізге жылы киімдерімізді киіп алдық. Құстар болса жылы жаққа ұшып барады. Жемістер мен көкөністер піседі. -Балалар, енді осы сезіммен терең дем алып, 1,2,3 дегенде көзімізді ашамыз. -Балалар, айтыңдаршы, мен қай жыл мезгілін сипаттадым. -Күз -Дұрыс айтасыңдар, балалар, қәзір жылдың күз мезгілі. Слайд көрсету. -Балалар, көгілдір экранға назар аударайық. -Балалар, қәзір жылдың күз мезгілі. -Күзде ауа-райы қандай болады? -Суық. -Күзде не жауады? -Жаңбыр. -Күз мезгілінде неше ай бар? -Үш ай бар. -Балалар, ай аттарын атайықшы -Қыркүйек, қазан, қараша. -Керемет, жарайсыңдар, балалар! -Балалар, біздер осы күз мезгілінің ерекшеліктерін көзімізбен көру үшін күзгі баққа автобуспен саяхатқа барамыз. (әуенмен автобус әні орындалады). -Міне, күзгі баққа да келіп жеттік, автобустан түсейік. -Ой, балалар,қараңдаршы, күзгі бақтың қақпасы жабық тұр екен. Енді күздің табиғатын қалай тамашалаймыз? (Осы кезде Күз ханшайымы келеді). -Сәлеметсіңдер ме, балалар!Менің күзгі бағыма қош келдіңіздер!Сен осы бақтың ханшайымы боламын. -Балалар, сендер менің күзгі бағымды тамашалауға келген шығарсыңдар. Солай ма? -Күзгі бақтың табиғаты өте әдемі. Алдымен сендер менің тапсырмамды орындасаңдар ғана мен күзгі бағымды көрсететін боламын. Келісесіңдер ме? -Ия -Кәне, балалар, Күз ханшайымының тапсырмасын орындауға дайынбыз ба? -Ия -Олай болса, балалар, менің алтын жапырағымда түрлі тапсырмалар бар, мен сол тапсырмалар арқылы сендердің білімдеріңді байқап көрейін. -Балалар, алтын жапырағымның I-тапсырмасы: -Күз туралы тақпақ білесіңдер ме? Даниял:ия Алтын, сары, қызыл, көк Алуан, алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп. Көз тартады атырап. -Жарайсыңдар, балалар! II-тапсырма:«Артығын тап» ойыны:Балаларға суреттер ұсынылады.Үш суреттер арасынан мағыналық байланыс болады, ал төртінші сурет артық. Мысалы: алма, алмұрт, жүзім, қарындаш. Артық зат қарындаш, өйткені ол оқу құралына жатады. Ал қалғандары жемістер. Балалар берілген суретте қайсысы артық екенін тауып көрсетеді. Күз ханшайымы:Балалар, сендер білімді, ақылды балалар екенсіңдер! Сенің тапсырмаларыма өте тамаша жауап бердіңіздер.Мен сендерді күзгі бағымның әдемі көрінісін тамашалауға шақырамын. -Балалар, қараңдаршы, күзгі бақта жемістер түсіп қалыпты. -Кәнеки, балалар, осы жемістерді Күз ханшайымына себетке жинап берейік. -Балалар, сендерге рахмет, жарайсыңдар!Сендердің білімдеріңді көріп,көңілім көтеріліп қалды.Әрқашанда ақылды, тәртіпті болыңдар! -Балалар, біздің орталыққа кететін уақытымыз болды.Күз ханшайымы сізге көп рахмет! Күзгі бақ біздің балаларға ұнады. Сіздің арқаңызды біздің балалар күз туралы көп мағлұмат алды.Сау болыңыз! -Балалар автобусқа отырайық. -Орталыққа келіп қалдық, кәне, автобустан түсіп, орындықтарымызға отырайық. -Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде күзгі жапырақтың бейнесін бояуды үйренеміз.Фольга бетіне бейнеленген жапырақ бейнесін сары түсті гуашпен бояймыз. Ол үшін бізге қылқалам, бояу қажет болады. Қылқаламды алып, қалай бояйтынымызды көрсетейін (ауада). -Қане, балалар мұқият қарап отырыңдар, мен көрсетейін. Қылқаламды суға батырып, керек бояуларымызды жағып аламыз да, фольгаға жағып, ақ қағаз бетіне басып көреміз. Біздің қағазымызда сары жапырақтың суреттері пайда болды. Енді осы жапырақтың ортасындағы сызықтарын жүргіземіз, әдемі болуы үшін. -Балалар, жапырақтың суретін салып болған соң қолдарымызды дымқыл сулықпен сүртеміз. -Қандай тамаша, әдемі сары жапырақтарды бейнеледіңдер, жарайсыңдар! Сергіту сәті: Жапырағы ағаштың, Күз келді де тағы ұшты. (қолдарын жайып ұшады). Айналаны желменен, (орындарында тұрып айналады). Жерге қонды жәйменен (жәймен отырады). Атам оны сыпырды. (сыпырғандай қимылдайды) Сыбдыр-сыбдыр етілді Сары жапырақ жиылды, Таудай болып үйілді. (таудай дегенді қолмен көрсетеді). Қимылды ойын:«Көңілді қақпақтар» Мақсаты:Жылдамдықты, ептілікті дамыту. Шарты:Музыка ойналады, балалар орындықтарды айналып билеп жүреді. Музыка тоқтағанда, орындыққа отырып қалу керек. Жетіспей қалған бала қолындағы қақпақтағы суретті сипаттап, ойыннан шығады. |
көңілді музыка интербелсенді тақта |
|
Рефлексия, бекіту |
Қорытындылау: -Балалар, бүгін біз саяхатқа қайда бардық? -Күзгі баққа немен бардық? -Сендерге күзгі бақ ұнады ма? -Күзгі бақта кім бар екен? -Жарайсыңдар, балалар! Мақтау-мадақтау. |
баққа автобуспен ия күз ханшайымы |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Күзгі баққа саяхат»

шағым қалдыра аласыз