"Күзгі бақша"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Күзгі бақша"

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз мезгілі туралы балалардан ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Естияр тобында өткізілетін

«Алтын күз» ертеңгілігі


Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. 


Жүргізуші: Келді міне алтын күз, 
Сары шашты жарқын жүз. 
Мол өнімді ісімен 
Таңдандырып халқын күз. 


Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.

 
Бала: Тоңазыпатырап, 
Көп жеміс піседі. 
Сарғайып жапырақ, 
Саудырап түседі. 


Бала: Аспанды сұрғылт бұлт, 
Жан-жақтан жабады. 
Күнбірте суытып, 
Жауын көп жауады. 


Бала: Көк майсалы көрікті, 
Алқаптағы көпегін. 
Бұл күндері киіпті, 
Сары жібек көйлегін. 


Бала: Ағаштардан жамырап, 
Ұшты кенет жапырақ. 
Ой, алақай, тамаша, 
Шашу шашты жапырақ!

 
Ән « Күзгі жапырақтар». 


Жүргізуші:Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар! 


Жүргізуші: — Ал, балалар, балалар, 
Енді бері қараңдар. 
Бізге қонақ келмекші 
Сендерді бір көрмекші. 
Әуелі жұмбақ жасырам, 
Қулығымды асырам. 
Таба алсаңдар шешімін, 

Қонағымды дәл ортаға шақырам. 


Жұмбақ: Жиып-теріп болатын, 
Қамбаға астық толатын. 
Қызыл қырман ойнайтын, 
Қай мезгілде ойлайсың? 
Дұрыс, күз мезгілі. Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен? 
(Балалардың жауабы). 
Өтежақсы. Ендеше, уәде еткенім дей ортаға қонағымыз — Алтын күзді шақырайық! 
(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді). 


Алтын күз: Сәлеметсіздерме, балалар! 
Сәлеметсіздерме, қонақтар! 
Мен — Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін. 
Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма! 
Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы, 
Ойын ойнар түр-түрлі! 


Жүргізуші:Рахмет, саған Алтын күз! Қабылалдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып! 
Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар. 
Жапырақ пен сиқырлы, ойынды тез ойнаңдар. (Ойын «Кім тез жапырақтарды жинайды?»). 
Ойыннан соң Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар! 
Тағы қандай өнерлерің бар?

 
Жүргізуші:Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін 
Мақтанбақшы сендерге , көкөністер сан түрлі! 
( Ортаға «көкөністер» шығып, өздері туралы тақпақтар оқиды). 


Пияз: Асханадан шықпаймын, 
Атым — пияз, бұқпаймын. 
Көзден жасты шығарам, 
Тұмаудан бірақ сақтаймын! 


Қызанақ: Тал шыбығым бұралып, 
Бақшаларда қызарып. 
Тұрғанол мен- қызанақ, 
Күнге қарап ұялып! 


Қос картоп: Картоп-біздіңатымыз, 
Жерастында жатырмыз. 
Бір тамырдан тараған, 
Ағайынбыз бәріміз! 


Сәбіз: Өсіретін бойыңды, 
Дамытатын ойыңды. 
Қоянға да азықпыз, 
Сәбіздерміз жазықсыз! 


Қияр: Мен қиярмын,қиярмын.

Жап жасыл боп тұрамын.

Балғын дөмім бойымда,

Қызанақпен сыңармын.


Алма: Мен алмамын,алмамын.

Таңдай жұлар бар дәмім.


Алмұрт: Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы осіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.


Өрік: Мен өрікпін, өрікпін.

Табиғатта көрікпін.


Жүзім: Мен жүзіммін,жүзіммін.

Моншақ болып тізілдім.

Сары күзде үзіліп

Себетке кеп тізілдім.


Шие: Шиемін мен шиемін.

Піскенше тон киемін.

Бала келсе қасыма,

Басымды мен иемін.


Алтын күз: Бәрекелді, керемет!

 
Жүргізуші:Алтын күз, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесізбе? 
Алтын күз: Білмейді екем… 


Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз. ( Ойын «Көкөністерді ажырат»). 


Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Алтын күз, біздің балалар қандай епті, жылдам. Олар сізге жапырақтармен би билеп бермекші. 


(Жапырақтармен би). 


Алтын күз: Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар! Қолшатырларың қандай керемет! Қандай ақылды балаларсыңдар! 
Көктемде көшет отырғызсаңдар, күзде жемісін жейсіңдер. Адам ағзасына қажетті дәрумендер жемістер мен көкөністерде көптеп табылады. Сондықтан да күнделікті жеп тұрыңдар.

 
Жүргізуші: Алтын күз, біздің қыздарымыз аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Солай ғой, қыздар?! Ендеше «Алтын күз-2012» топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар! 
(Ортаға қағаздан, газеттен тігілген киімдер киген қыздар шығып киім үлгілерін көрсетеді). 


Алтын күз: Керемет! Қандайәдемі! Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сауболып тұрыңдар! Келесі кездескенше!

 
Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады.Музыка ойнап Алтын күзшығып кетеді). 


Жүргізуші: Алтын күздіңсыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға баруға жиналайық. Ал, келген қонақтарымызға « Сауболыңыздар!» дейотырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.10.2024
167
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі