400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

"Күзгі Ханзада мен Ханшайым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшамызда өткізіліп жатқан «Күзгі Ханшайым мен Ханзада!» атты күзгі балл сайысына ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу.Жас ұрпағымызды қазақ ұлтына тән имандылық, ибалық, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге, әдептілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты:Балабақшамызда өткізіліп жатқан «Күзгі Ханшайым мен Ханзада!» атты күзгі балл сайысына ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу. Жас ұрпағымызды қазақ ұлтына тән имандылық, ибалық, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге, әдептілікке тәрбиелеу.

Тақырыбы: «Күзгі Ханшайым мен Ханзада»

Айым: Армысыздар, құрметті ата - аналар мен балалар!

Билал: Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді.



Жанерке:Күз бізге жемістерімен, көкөністерімен егістіктегі астығымен келеді



Ақжол:Бүгінгі « Күзгі Ханшайым мен Ханзада» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Алдияр:Сыр беріп алтын күз келіп жетті,

Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.

Күз болып жердің беті жайқалды .

Ханшайым: Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.



(музыка әуенімен ортаға шығады)

Бейсенбай Нурания Нұртаза Ақжол «Золушка» ертегісіне қойылым

Рузиева Сабина Пышной Илья «Би»

Серік Еркемай Рахман Нұрдияр «Күзгі вальс»биі

Ақылжан Інжу Артық Алан «Алтын күз» әні

Адэлья мен Асылжан «Қайда өлеңі»

Ханшайым:Күз келіп хан мен ханшайым

Өткізді күзгі бал айын

Ханшайым тапқыр қыз болады

Ағызар сөйлеп сөз майын

Ал, ханымыз ақылды

Барша жұртты шақырды

Би де билеп ән айтты

Қуаныштан шалқыды.

Аделя:

Баяғы өткен заманда

Дін мұсылман аманда

Әділдік іздеп екі адам

Биге барып бас қосқан,

Ал, бүгінгі заманда

ЖЮРИ деген ат шыққан

Қазақшаға аударған соң,

Әділ қазы деп шыққан.

Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен



таныстырып өтейік:



Ән: Осень золотая

Ханшайым:Қайсы әнші, кім биші,

Талабына қарайық

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық!- деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.

1 - бөлім: «Тегімді менің сұрасаң...» (өзін таныстыру)



2 - бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі» (өнер сайысы)

3 - бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)

4 - бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ - жауап)

5 - бөлім: «Күзгі тағам»



Ханшайым:Ақыл - көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді

Мына отырған баршаңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді - деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң...» деп аталады. Сайысқа қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтеді.

2 - бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі»

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би - билеп, ал біреуі ән салыпты

Бүгінгі сайыста бәйге алуға

Сайыскерлер аянбай жан салыпты,- деп өнер сайысына кезек береміз.

Би: «4 двора» орыс биімен. Қарсы алыныздар



Ханшайым:

3 - бөлім: «Сұлулық сыры»

Сынбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын

Өнеріне сай келіп, дайын тұрған

Қыздарымызбен, ұлдарымызға қызығып қарасатын

Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынамыз!



сайыскерлердың аттары

Ханшайым:4 - бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар»

Сұрақтарды тыңдап ал,

Жауап беруге дайын бол.

1. Қазір қай мезгілі?

3. Біздің елбасшымыз кім?

4. Күз айларын ата?

5. апайыңның атын білесің бе?

6. Қандай ертегі білесіндер?

7. Біздің мектеп неше қабатты?



8. Адамдар күзде нені жинайды?



9. Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызғылт дәу жатыр. (қызанақ)

10. Отыз көйлек киген, Бір түйме жоқ ілген. (қырыққабат)

11. Көк ала киім киеді, күннің көзін сүйеді. (қарбыз)

12. Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. (пияз)

Ханшайым:

5 – бөлім«қолөнер бұйымдары»

Ата - анасымен біріге отырып, жасаған қолөнер бұйымдарына кезек береміз.



Ән:Қонақ Нұрай «Қошақан» әнімен



Қазағымның жігіттері мен қыздары жұп болып сынға түсті,

Салт - дәстүрлер жаңарып еске түсті

Ханшайым мен Ханзада анықталып сын сағатта,

Бұл сағатты ата - ана көптен күтті.

Қуаныш бүгін мынау құтты болсын

Қыздарымыз бен ұлдарымыз өсе берсін болып мықты!



Би «Шляпа»

Ханшайым:Жүзден жүйрік күшімен

Мыңнан тұлпар мықты шың

Құттықтаймыз ал енді

Ханзада мен ханымды

Өрге жүзіп өнері

Тауға өрлесін талабы

Шоқтай болып жанады

Қуанышпен жанары,- деп «Күз ханшайымы мен ханзадасын» шын жүректен құттықтаймыз.

Бүгінгі мерекелік іс - шарамыз аяқталды. Келесі кездескенше күніміз нұрлы болсын.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1407
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі