|
(Қонақ
келу)
-Балалар, біздің
әдемі дауысымызды естіп ортамызға Күз ханшайымы келіп
қалыпты
-Сәлеметсіз бе,
Күз ханшайымы!
Күз
ханшайымы:
-Сәлеметсіздерме!
Әсем
өрен достарым
Өмірге көп қосқаным
Қымбатты сый алыңдар
Қызығыма қаныңдар
Молайттыңдар
шаттықты
Ән
айтайық бақытты.
Педагог:
-Балалар, Күз
ханшайымымен бірге ән айтамыз
ба?
-Ендеше
барлығымыз орнымыздан тұрып, «Урожай
собирай» әнін
орындайық
Қызықты сәт (
Жаңбырдың дауысы естіледі. Көк түсті шарлардан жасалған бұлттар
ұшырады)
-Ой, балалар,
жаңбыр жауып кетті. Қане барлығымыз қолшатырдың астына
тығылайық
-Балалар, күз
мезгіліндегі жаңбыр салқын
болады
-Сондықтан күзгі
жаңбыр кезінде жаңбырдың астында ойнауға
болмайды
-Балалар, жаңбыр
басылғанша әдемі ән
тыңдайық
-Күз мезгілі
салқын. Күзгі жаңбыр да салқын
болады.
(Күз мезгілінде
жаңбыр жауып тұрған суреттерді көрсету. Балалармен бірге әңгіме
құрастыру)
-Балалар,
сендердің көңіл күйлеріңді көтеру үшін тамаша көңілді ән орындап
беремін.
-Бүгінгі
тыңдайтын әнімізді композитор Кеңес Дүсекеев ағамыз жазған
екен.
Композитор
К.Дүйсекеев туралы мәлімет беріп,суретін көрсетіп таныстырады. Ақын
Ш.Сариев туралы айтып
өту.
Ән тыңдау:
«Жау-жау,жаңбыр»
(К.Дүйсекеев,
Ш.Сариев).
-Балалар, күзгі
жаңбыр қандай болады
-Дұрыс
айтасыңдар. Салқын, ызғарлы, көңілсіз
болады
-Ал біздің тыңдап
отырған әніміз көңілді ме көңілсіз
бе?
-Дұрыс
айтасыңдар, балалар,
көңілді
Ән мәтіні туралы
сұрап,балардың жауаптарын
тыңдап,
толықтырып,
түсіндіреді.
-Балалар, әннің
қайырмасын «ля» дыбысына айтып
көрейікші
Әннің мәтінін
балалармен бірге қайталау, жаттау. Сөздердің анық айтылыуын
қадағалау.
-Ой, балалар,
жаңбыр басылған сияқты. Ендеше
барлығымыз
Шеңберге тұрып
бойларымызды сергітіп
алайық.
Сергіту
сәті:
Күркіреді
күн-күн,
Терезелер шың-шың
(қолдарын жоғары көтеріп,
шапалақтайды)
Жауды жаңбыр
топ-топ, (аяқтарын
топылдатады)
Шелек-шелек
көп-көп (қолдарымен жаңбыр жауғанын
көрсетеді)
Жон арқаңды
тос-тос, (тізелерін бүгіп отырып
қалады)
Күнбағыс боп
өс-өс.(қолдарын жоғары созып орындарында
секіреді)
Аспапта
ойнау:
-Балалар, бүгін
біз металлафон аспабында ойнауды
үйренеміз
«Тамшылар» (румын халық
әні,өңдеген
Т.Попатенко)
әуеніне
металлофонда ойнап үйрету.Таяқшаны дұрыс ұстап соға білуге, әуенді
тыңдап, аспапта ойнауға
дағдыландыру.
|