Мектепалды даярлық «Көгершін» тобына арналған
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі №3
Өткізу күні: 13.09.2021 жыл
Тәрбиеші:Капышева Ж.В.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Жомарт күз»
Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар»
Мақсаты: Балалардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Қ. Шаңғытбаевтың «Күзгі жапырақтар» өлеңінің мазмұнын түсіндіру арқылы күз мезгілін сипаттап айтуға үйрету. Сұрақтарға жауап бергізу арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту. Балаларды еңбексүйгіштікке, еңбек етуге тәрбиелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету: күз мезгілінің үлгі суреті, жұмыс дәптері
Билингвалды компонент: күз – осень, жапырақтар – листья, жасыл жапырақ – зеленый лист.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.
Ұйымдастырушылық кезеңі:
Қуан, шаттан,
алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
2. Негізгі бөлімі:
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?– Күз мезгілі екенін қайдан білесіңдер?
– Күз мезгілінде неше ай бар?
– Қазір сендерге мен күз мезгілі туралы жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары.
– Иә, балалар, күз мезгілінде жапырақтар жерге түсіп, сары алтындай болып жарқырап
жатады. Байқап қарасаңдар, жапырақтардың бәрі бірдей сары емес, қызғылт, қоңыр болып
көрінеді. Тура бір даланы бояп тастаған тәрізді.
Ақын Қ. Шаңғытбаев табиғат туралы көптеген өлеңдер жазған.
Сол өлеңдерінің бірі – «Күзгі жапырақтар».
– Өлең шумағын зейін салып тыңдасаңдар, күзгі бақтың қандай керемет екенін
сезінесіңдер.
«Күзгі жапырақтар»
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырық.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Күншуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап.
– Өлеңде қай мезгіл бейнеленген?
– Не жайлы айтылған?
– Ақын жапырақтарды неге теңеген?
– Бұл өлеңнен жапырақтардың жерде алаша сияқты жататынын, алтындай
жалтырайтынын, желмен түскен жапырақтар шашуға ұқсап шашылатынын, күз мезгілінің
дарқан, кең екенін білдік.
– Күз мезгілі қандай?
– Күз мезгілінде айнала сары болады.
– Ағаш жапырақтары жерге судырап түседі.
– Жер бетін жапырақ жапқан. Бір жер сары, бір жер – қызғылт сары. Керемет көрініс.
– Сендерге өлең ұнады ма ?
Сергіту сәті:
Оңға қарай түзу тұр,
Солға қарай түзу тұр.
Алға қарай бір қадам,
Артқа қарай бір қадам.
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Дидактикалық ойын:
«Қай ағаштың жапырағы?»
Ойын шарты: Әр жапырақтарды өзі өсетін ағаштарына апарып ілу.
3. Қорытынды
– Балалар, бүгін кімнің өлеңін жаттадыңдар?
– Өлең қалай аталады?
– Дыбыстың қандай түрімен таныстыңдар?
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Күзгі жапырақтар"
Мектепалды даярлық «Көгершін» тобына арналған
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі №3
Өткізу күні: 13.09.2021 жыл
Тәрбиеші:Капышева Ж.В.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Жомарт күз»
Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар»
Мақсаты: Балалардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Қ. Шаңғытбаевтың «Күзгі жапырақтар» өлеңінің мазмұнын түсіндіру арқылы күз мезгілін сипаттап айтуға үйрету. Сұрақтарға жауап бергізу арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту. Балаларды еңбексүйгіштікке, еңбек етуге тәрбиелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету: күз мезгілінің үлгі суреті, жұмыс дәптері
Билингвалды компонент: күз – осень, жапырақтар – листья, жасыл жапырақ – зеленый лист.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.
Ұйымдастырушылық кезеңі:
Қуан, шаттан,
алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
2. Негізгі бөлімі:
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?– Күз мезгілі екенін қайдан білесіңдер?
– Күз мезгілінде неше ай бар?
– Қазір сендерге мен күз мезгілі туралы жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары.
– Иә, балалар, күз мезгілінде жапырақтар жерге түсіп, сары алтындай болып жарқырап
жатады. Байқап қарасаңдар, жапырақтардың бәрі бірдей сары емес, қызғылт, қоңыр болып
көрінеді. Тура бір даланы бояп тастаған тәрізді.
Ақын Қ. Шаңғытбаев табиғат туралы көптеген өлеңдер жазған.
Сол өлеңдерінің бірі – «Күзгі жапырақтар».
– Өлең шумағын зейін салып тыңдасаңдар, күзгі бақтың қандай керемет екенін
сезінесіңдер.
«Күзгі жапырақтар»
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырық.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Күншуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап.
– Өлеңде қай мезгіл бейнеленген?
– Не жайлы айтылған?
– Ақын жапырақтарды неге теңеген?
– Бұл өлеңнен жапырақтардың жерде алаша сияқты жататынын, алтындай
жалтырайтынын, желмен түскен жапырақтар шашуға ұқсап шашылатынын, күз мезгілінің
дарқан, кең екенін білдік.
– Күз мезгілі қандай?
– Күз мезгілінде айнала сары болады.
– Ағаш жапырақтары жерге судырап түседі.
– Жер бетін жапырақ жапқан. Бір жер сары, бір жер – қызғылт сары. Керемет көрініс.
– Сендерге өлең ұнады ма ?
Сергіту сәті:
Оңға қарай түзу тұр,
Солға қарай түзу тұр.
Алға қарай бір қадам,
Артқа қарай бір қадам.
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Дидактикалық ойын:
«Қай ағаштың жапырағы?»
Ойын шарты: Әр жапырақтарды өзі өсетін ағаштарына апарып ілу.
3. Қорытынды
– Балалар, бүгін кімнің өлеңін жаттадыңдар?
– Өлең қалай аталады?
– Дыбыстың қандай түрімен таныстыңдар?
шағым қалдыра аласыз


