Тақырып бойынша 31 материал табылды

күзгі жапырақтар

Материал туралы қысқаша түсінік
күз мезгілінде түсетін жапырақтарды дәстүрлі емес әдісімен бейнелеу. Шығармашылық қабілеттерін дамыту сөйлеу шеберліктерін жетілдіру Өз ойларын ортаға салып еркін жеткізе білуге дағдыландыру күз мезгілі туралы білімдерін ары қарай дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қарлығаш» ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметі

Өткізу күні: 19 қараша 2021 жыл

Тәрбиеші: Жакупова Айман Базарбековна

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Күзгі жапырақтар

Мақсаты : Күз мезгілінде түсетін жапырақтарды дәстүрлі емес әдісімен бейнелеу. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Өз ойларын ортаға салып, еркін жеткізе білуге дағдыландыру,  күз мезгілі туралы білімдерін ары қарай дамыту.



Сәлеметсіндерме балалар!

-ал балалар шаттық шеңберімізді бастаймыз ба?

-ия

-олай болса кәнекей шеңберге тұрайық

Балалар шенберге тұрып тәрбиешімен бірге қайталайды.

Шаттық шеңбер;

Ән салуға барамыз (шеңбер бойымен жүреді )

Досымызды табамыз (тоқтайды)

-сәлеметсізбе! Міне мен! (қолдарын екі жаққа сермейді)

Доспын енді сенімен! (көршілерімен құшақтасады)

-керемет енді орнымызға отырайық

Есікті біреу қағады

Ой балалар есікті біреу қақты ма ? мен қарап келейінші, ия?

  • Ия

  • Балалар қарандаршы бұл не?

  • Хат

  • Бізге хат келіпті қараймыз ба ішінде не бар екенін?

  • Ия

  • Балалар бізге мынадай кеппе жапырақтар жіберіпті, кәнекей, қарандаршы балалар мынау қандай түсті жапырақ ?

  • Сары

  • Ия сары екен

  • Ал мынау жапырақ қандай екен?

  • Қызыл

  • Ия бұлардың бәрін бізге сыйлыққа беріп жіберіпті

  • Балалар назарларынды мына суретке аударайықшы

  • Мына суретте балалар саябаққа барды , ал саябақта не көп?

  • Ағаштар

  • Ағаштың түрлерін білеміз бе?

  • Ия

  • Онда «кім жылдам» ағаш түрін атайды ойының ойнаймыз

  • Ойын шарты : мен сіздердің аттарынды атай отырып доп лақтырамын, сол кезде қағып алған бала маған жылдам ағаш атын атап өзіме лақтыру керек, келістікпе?

  • Ия

  • Түсінікті ғой ойын шарты

  • Ия

  • Олай болса бастаймыз (шырша,, қарағай, қайын , емен , жөке, тал)

  • Енді күзде ағаштар қандай өзгеріске ұшырайды?

  • Жапырақтар түседі ,

  • Жапырақтар қандай түске боялады ?

  • Қызыл, сары , жасыл , қоңыр

  • Яғни түрлі түске боялады екен, соңымен қатар жапырақтарын түсіре бастайды

  • Балалар бүгін біз шығармашылық саласы бойынша күзгі жапырақтарды бейнелейміз біз бұл суретті ерекше әдіспен саламыз

  • Өздерің көріп отырғандай балалар мынау не?

  • Қылқалам

  • Дұрыс айтасыңдар , ал енді осы қылқаламды біз бірінші суға малып ылғалдап аламыз , онан соң оны іркеміз, бірінші қоңыр түспен мына жерге ұшбұрыш қылып діңін саламыз

  • Балалар шаршап қалдық , ендеше бойымызды серігіп алайық

Серігіту сәті:

Алуан-алуан жапырақтар

Жел толқытса ұшады

Түрлі –түске боялып

Жер бетіне қонады

-жақсы балалар әрі қарай оқу қызметімізді жалғастырайық

  • Жаңа ағаштар күзде қандай түсті болады?

  • Қызыл, сары қоңыр

  • Өзіміз қалаған қызыл, сары түстерді алып алдымызда берілген бұдырлы целлофанды бояуға батырамыз толықтай жақсылап батырып болған соң жанағы діңнің үстіне саламыз

  • Көрдіңдер ме балалар менде не пайда болды?

  • Күзгі ағаш

  • Енді осындай әдіспен басқа түспен саламыз

  • Ал енді дайынбыз ба? Жарайды онда бастайық

Балалар сурет салады

Әрқайсысына барып , бақылайды

Балалардың суреттерін мадақтау , көрме ұйымдастыру

Осы оқу қызметі ұнады ма?

Ия

Қандай көңіл- күйде болдыңдар? Көрсетіңдерші

Керемет

Осы керемет көңіл – күйлерінді жапырақтың түсімен бере аламыз ба?

Ия

Міне бұл жерде қызыл, сары , жасыл жапырақтар бар

Бұл ағашқа қандай түсті жапырақтарды бейнелейміз

Жасыл

Неге жасыл

Себебі қызыл, сары жапырақтар түсіп қалды

Ал кәнекей келе қойындар бір жапырақтан алып ағашымызға бейнелейміз

Бүгінгі оқу қызметінде не істедік?

Хат келді

Ал хатпен бірге не келді?

Суретпен кепкен жапырақтар

Сосын ненің суретін салдық?

Күзгі ағаш

Ал олай болса балалар біздің бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2021
829
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12