Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, КММ «Жамансор бастауыш
мектебі»
Шағын орталық тәрбиешісі: Жалмұхамбетова Айгерім
Қонысқызы
Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар»
Білім
беру саласы:«Коммуникативтік», «Шығармашылық»,
«Әлеуметтік-эмоционалды»
Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеті: «Сөйлеуді дамыту», Қоршаған ортамен
таныстыру,«Жапсыру»
Мақсаты:Балаларға күз мезгілі туралы айту, күз
мезгілінде ағаштардың жапырақтары неліктен сарғаятыны жайлы айту.
Балалардың ой-өрісін дамыту. Ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жапырақтар, шарлар, желім
қағаздар.
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету,
ойындар
Қостілдік
компонент: Күзгі жапырақтар-осение
листья
|
Әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
|
Мотивациялық
қозғаушы
|
Шаттық
шеңбері:
Армысың асыл
күн!
Армысың асыл досым!
Жылуыңа – жылу қос,
Міне менің қолым!!!
|
Балалар қимыл көрсете отырып, бірге
айтады.
Табиғат анамен амандасып жақсы көңілмен
отырады.
|
|
Іздену
ұйымдастырушылық
|
Ұйымдастырылған
оқу іс-әркеті: Балалар, бүгінгі сабаққа көңіл
күйлерін қалай?
- Сендер мектепке келгенде ауа-райы қандай болды?
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Жақсы балалар ендеше біз сабағымызды
бастайық.
Ойын: «Шарларды
жару». Қолымда түрлі түсті шарлар бар
ішінде сұрақтар жасырылған кәне кім жауап береді?
Күз мезгілі туралы бейне үзінді
көрсету.
Күз мезгілінде
қандай табиғи өзгерістер болады екен?
- Күн суытады,ағаштың жапырақтары сарғаяды,
жазда өсірілген гүлдер күз
мезгілінде қурап сарғаяды.
Түрлі жәндіктер жерге тығылады олардың бірі көбелек.
Ендеше балалар, біз осы күзгі көптеген сары, жасыл жапырақтардан
көбелек жасап көрейік.
- Көбелек жасау үшін
тақтадағы үлгіге
қараймыз.
Күз мезгілі
туралы тақ-пақ айту.
Күзде ағаштар
әдемі
Сиқырлы
жапырақтары,
Жерге түсіп,
жайылады,
Түсті кілем болып
жатады.
Сап-сары
маңай
Сап-сары
тоғай
Соңғы әнін
айтып,
Құс кетті
қайтып.
Тыныс алу
жаттығуларын жасату
«Жапырақты
үрлеу»
Сергіту
сәті:
Біз гүлдерше өсеміз
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы
Желмен бірге шайқалған
Ойын: «Жапырақтар
жинау». Ойынның
барысы: Балалар музыкалық әуенмен
жерге шашылған жапырақтарды жинаулары
қажет.
|
Табиғат аясында өздеріне
ұнаған табиғи материалдарды жинай
бастайды.
Балалар ойынды қызығушылықпен
ойнап шар, ішіндегі сұрақтарға қызыға жауап
берді.
Балалар күз
мезгілінің ерекшеліктерін әңгімелеп
берді.
Тал жапырақтарынан
көбелек бейнесін жасап
жапсырды.
Балалар тақ-пақтарын
айтып берді.
Балалар тал
жапырақтары арқылы тыныс алу жаттығуын жасай
білді.
Балалар қимыл
іс-әркетпен
жасай
білді.
Балалар жерде талдан түсіп
қурап жатқан тал жапырақтарын шапшаңдықпен жинай
білді.
|
|
Рефлексті
коррекциялаушы
|
Балалар сендер бүгінгі сабаққа
жақсы қатыстыңдар, сұрақтарға жауап бердіңдер, жапырақтар мен
көбелектерді жақсы жасадыңдар, сол үшін мен сендерге жұлдызшалар
таратқым келеді.
|
Балалар бүгінгі ашық
ұйымдастырылған оқу
іс-әркетінен көрген,
білгендеріне белсене жауап бере
білді.
|
Күтілетін
нәтиже:
Нені білуі
керек: Күз мезгілінің ерекше сыйын
түсініп, бағалай білуі. Үлкендер еңбегін құрметтеуді.
Нені
игереді: Дидактикалық ойындар ойнап,
өлеңді түсіне отырып жаттап, сұрақтарға жауап
беруді
Не
білді:
Күзгі жапырақтардың түр
түсін сипаттап , әңгімелеп
берді.