Күзгі жапырақтар (Серуен кезінде баланың коммуникативтік, танымдық, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күзгі жапырақтар (Серуен кезінде баланың коммуникативтік, танымдық, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар» Мақсаты: Серуен кезінде баланың коммуникативтік, танымдық, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру Міндеттері: Баланың сөздік қорын айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстардың атауларымен кеңейту, (тіл дамыту) жұмбақ шешу дағдыларын қалыптастыру (көркем әдебиет); Қоршаған ортадағы заттар мен табиғат құбылыстарының атауларын білдіретін сөздерді түсіну және атау дағдыларын қалыптастыру (қазақ тілі); Кеңістік бағыттарын өзіне қатысты анықтау (математика негіздері; Қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды бақылау және анықтау (жел соғып, жапырақтар түсті) (қоршаған әлеммен таныстыру) Керекті құралдар: лупа, ақ қағаздар, банка, су, глицерин, таразы, кірпінің шаблоны, альбом, желім, бояу, суреттер, құм, тас, жапырақтар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күзгі жапырақтар

(Серуен кезінде баланың коммуникативтік, танымдық,

әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру)


Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар»

Мақсаты: Серуен кезінде баланың коммуникативтік, танымдық, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру

Міндеттері: Баланың сөздік қорын айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстардың атауларымен кеңейту, (тіл дамыту) жұмбақ шешу дағдыларын қалыптастыру (көркем әдебиет); Қоршаған ортадағы заттар мен табиғат құбылыстарының атауларын білдіретін сөздерді түсіну және атау дағдыларын қалыптастыру (қазақ тілі); Кеңістік бағыттарын өзіне қатысты анықтау (математика негіздері; Қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды бақылау және анықтау (жел соғып, жапырақтар түсті) (қоршаған әлеммен таныстыру)

Керекті құралдар: лупа, ақ қағаздар, банка, су, глицерин, таразы, кірпінің шаблоны, альбом, желім, бояу, суреттер, құм, тас, жапырақтар


Барысы:

Тәрбиеші:
– Балалар, қараңдаршы, табиғат қандай керемет өзгеріске ұшырады?
– Қай жыл мезгілі келді?
– Күз!

  • Күз мезлігіндегі табиғат құбылыстары туралы жұмбақ жасырамын. Мұқият тыңдап, шешуін табамыз.

Жұмбақтар


Көкте жүреді,
Күнді көлегейлейді.
Кейде ашылып кетеді,
Кейде жаңбыр әкеледі.
(Жауабы: Бұлт)


Үрлеймін де ұшырам,
Даланы да ысқыртам.
(Жауабы: Жел)


Көктемде көктейді,
Жазда жайқалады,
Күзде сарғайып,
Жерге түсіп қалады.
(Жауабы: Жапырақ)


Сары ала жапырақ,
Жерге түсіп жатады.
Күн салқындап, бұлт шығып,
Қай мезгіл бұл, айтыңдар?
(Жауабы: Күз)


  • Балалар, күз келгенде табиғатта қандай өзгеріс болады?

  • Ағаштардың жапырақтары қандай түске боялады?

  • Жапырақтар неге түседі деп ойлайсыңдар?

  • Жапырақтардың түстері қандай?

  • Неліктен жапырақтар сарғайып жатыр?

  • Жапырақтар қазір қайда? Жерде жатыр екен.

  • Ағаштарда жапырақтар көп пе, аз ба?

  • Аз қалды, олардың барлығы жерге түсіп қалыпты.

  • Күз мезгілінде адамдар қалай киінеді?

  • Әр жыл мезгілінде үш айдан бар. Күз айларын атаңдаршы

  • -Қыркүйек, қазан, қараша

  • Қазір күздің қай айы?

  • Қараша айы

  • Дұрыс, күздің соңғы айы қараша.

  • Күз мезгілі аяқталған соң, қандай мезгіл келеді? Қыс мезгілі

  • Ендеше, күз туралы шағын тақпақ тыңдайық


Айым:

Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.

Аяулым:

Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.

Ясина:

Келді міне, алтын күз,
Сары түске боялды түз.
Жапырақтар сыбдыр қағып,
Жерге төкті алтын жүз.


– Қазір сендермен тәжірибе жасайық.
1. Тәжірибе. Балаларға нақты жапырақтарды көрсетеді, үлкейткіш әйнекпен қаратады.

Қараңдаршы, жапырақтың тамырлары қандай?
– Түстері бірдей ме?
– Жоқ, біреуі сары, біреуі қызыл, жасыл.

Тапсырмалар:

  • Балалар, 1 жапырақ пен 1 тас теріп алып келіңдер.

  • Жапырақтарды иіскеп көріңдерші, ненің иісі шығып тұр?

  • Қолыңда неше жапырақ? Енді тасты үрлеп көрейікші. Ұшады ма?

  • Жапырақты үрлейікші. Ұшып кетті. Неліктен жапырақ ұшты. Өйткені ол жеңіл екен. Ал тас ше, ол ауыр.

  • Енді балалар екі жапырақ теріп алып келіңдер. Жапырақтың түсі қандай? Пішіні ше?

  • Жиналған жапырақты жоғары көтеріп жерге тастайық. Жапырақ қалай ұшты? Билеп, тербеліп жерге түсті.

  • Балалар маған үш қоңыр жапырақ теріп алып келіңдер. Неше жапырақ жинадыңдар? Енді осы жапырақтарды жоғары лақтырып шашамыз.

  • Балалар кепкен жапырақты ұстап көрейікші, оны алақанға салып, қысып көрейік. Не байқадыңдар? Үгітіліп қалды, ол кеуіп қалған жапырақ екен. Ал жаңа түскен жапырақта хлорофилл деген зат болады. Күн сәулесі азайып, күн салқындаған кезде, жапырақтарды да түсі өзгереді екен. Сол үшін жапырақтар сарғайып жерге түседі.

2. Тәжірибе. Ақ қағаздың үстіне жасыл және сары жапырақты қойып қысып көрейік. Жапырақты бояуы шықты. Бұл жапырақ бойындағы сұйықтық «хлорофилл» деп аталады екен.

  • Жасыл жапырақты бүктеп көрейікші. Бүктеледі, қайта жазылады. Ал кеуіп қалған жапырақты бүктеп көрейік. Ол сынып кетеді. Ол кеуіп қалған.

3. Тәжірибе. Таразыға кепкен және ағаштан жаңадан түскен жапырақты қойып өлшеп көрейік. Кепкен жапырақ жеңіл, кеппеген жапырақ ауыр екенін байқадық.

4. Тәжірибе. Жасыл жапырақты және тасты суға салып көрейік. Суға батпайды. Ол жеңіл екен. Ал тас ше? Ол ауыр, суға батып кетті. Жасыл жапырақтың бетінде су тамшылары бөлініп шықты. Жапырақтың су өткізбейтін бөлігі бар екен.


Гербарий жасау.

  • Алдымызда альбомдар бар. Осы альбомдарға жапырақтарды жапсырып гербарий жасап алайық. Әдемі үш жапырақ жинап алып келіңдер.

Балалар өз беттерінше гербарий жасайды.

Музыкалық тіл ұстарту жаттығуы (сергіту сәті)

Күн суытты далада,

Бұлт жабады аспанды.

Жапырақтар сыбдырлар,

Жерге түсіп қалады.

Сыбдыр, сыбдыр,

Сыбдыр, сыбдыр

Күн суытты далада,

Бұлт жабады аспанды.

Жылы жаққа қйтадан

Құстар ұшып барады

Қиқу, қиқу, қиқу, қиқу

Күн суытты далада,

Бұлт жабады аспанды.

Найзағайлар ойнақтап,

Сарт сұрт етіп соғады

Сарт, сұрт, сарт, сұрт

Күн суытты далада,

Бұлт жабады аспанды.

Бұлттар келді тағы да

Жаңбыр енді жауады.

Тырс, тырс, тырс тырс


  • Күзгі жапырақтардың сұлулығын көріп, өз қолдарыңмен әдемі ағаш жасағыларың келеді ме?

  • Жақында қыс мезгілі болады, ағаштарды, жапырақтарды қар басады. Күз мезгіліндегі жапырақтарды сақтап әдемі бұйым жасап алайық. Мына банканың ішіне әдемі, кішкентай жапырақтар әкеліп салыңдар (банкаға: су, глицерин, жылтыр, жапырақтар салу)

Қимылды ойын: «Қолшатыр»

Шарты: Қолшатырдың бағытына қарай, балалар қимылдар жасайды.


Балалардың дербес әрекеттері

  • Балалар мұнда кірпілер қыс мезгіліне дайындалып жүр екен. Кірпілер індерінің жылы болуы үшін, жапырақтар жинап жүр екен. Кірпіге жапырақтарды жинауға көмектесеміз бе?

Дайын кесілген кірпінің шаблонына скотч жапсырылған. Скотч үстіне жапырақтарды жапсырып, балалар кірпіге көмектеседі.


Дайын жапырақтың суреттерін құм мен бояуды араластырып, бояу жасап алып, суреттерді бояу (өз еріктерімен)


Серуен соңында балаларға «Күздің бір бөлігі» күз мезгілінде түскен фото суреттерін естелікке ұсыну.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.11.2025
36
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі