400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Күзгі кеш.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күзгі кеш.

Жүргізуші: Ой, балалар, Алтын күзге бару үшін пойызға мініп барайық. (Балалар паравоз болып жүреді де, жарты шеңберге тұрып билейді).

Армысыздар, құрметті ата-аналар,

Бармысыздар, жадыраған ұстаздар!

Берекелі Алтын күз құтты болсын!

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған

Ертеңгілігімізді бастайық.

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Қанеки, балалар, ортаға шығып өнерлерімізді көрсетейік.

1-бала: Береке, бақ дарыған-

Жомарт көңіл жарқын күз.

Сары алтынға малынған

Жетті міне Алтын күз!

2-бала: Алма, алма дейсің,

Алма әкелсем жейсің.

Айтпады екен деме,

Алманы жумай жеме.

3-бала: Келістіріп бар сәнін,

Берген өзі табиғат.

Алтын күзді ал енді,

Қарсы алайық, жамағат.

4-бала: Жүзім, алма жинаймыз,

Алтын мақта тереміз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Көмектесіп бәріміз.

Жүргізуші: Бүгін мейрам, бүгін той,

Қуанышты күн, біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой.

«Би билегім келеді» әні (хор)

(Жарық сөндіріледі). Музыка ырғағымен злға Бұлт кіреді. (Билеп жүріп) Мен қара түнек бұлтпын. Бірден жаңбыр жауғызамын, бірден найзағай шашамын, бәрі менің қолымда, мен күштімін, хо-хо-хо-хо.

(Бұлт балаларды ұйықтатады).

(Музыкамен Күн кіріп билейді).

Күн: Неге қаратүнек мұнда, не болып жатыр? Бүлдіршіндер неге ұйықтап жатыр?

Бұлт: Күн, сен маған кедергі жасап тұрсың, мен сенің бүлдіршіндеріңді ұйықтатып, ауа райын бұзамын.

Күн: Жоқ, қане, бүлдіршіндерім, оянамыз. (Күн балаларды оятады.)

(Жарық жанады, балалар көзін ашады.)

Жүргізуші: Бұлт пен Күн, сендер неге айтысып жатырсыңдар? Айтыс- паңдар, ақылға келіп балаларымыздың өнердерін тамашалайық.

«Бұлттар, бұлттар» әні (хор)

5-бала: Қазан болды молшылық,

Дәулет қорын қалады.

Жарқырады дарқын күз.

Келді міне Алтын күз!

6-бала: Қандай өз берген,

Алмасын-ай, алмасын!

Жемісі көп не деген,

Жеп тауыса алмайсың.

7-бала: Күз жеткенде тамылжып,

Дастарханнан табылдың.

Мына бізден жасалар,

Қауынқақ пен қауынқұрт.

8-бала: Көкөністі көп ектік,

Өссін, піссін деп ектік.

Көктемде еккен көкөніс,

Күзде берді көп өніс.

9-бала: Сезілген соң күз лебі,

Құстар қайта барады.

10-бала: Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

11-бала: Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.

«Сылдырмақ» биі.

Жүргізуші: Ал енді, балалар, бұлтпен, күнмен бірге ойын ойнайық.

«Күн шықты, жаңбыр жауды» ойыны. Ойынды Күн мен Бұлт ойнатады. (2 рет).

«Бұлт» биі. Барлық балалар билейді.

Жүргізуші: Күн мен Бұлт ойындарың өте қызықты екен, сендерге көп-көп рахмет. Күн, әрқашан осылай сәулеңді шашып, бізді нұрландырып, қуантып жүре бер.

Күн: Енді, балалар, ортамызға «Күз ханшайымын» шақырайық.

Келші, келші, алтын күз,

Келші, келші, жарқын күз.

Мерекені жалғастырып,

Ойнап күлші, алтын күз.

Осы кезде мерекелік көңіл-күймен залға «Күз ханшайымы» кіреді.

Күз: Армысыңдар ма, балалар!

Ерінбестен еңбек етіп келетін,

Еңбекшіге бар жемісін беретін-

Мен мырза күз ынтымақты еліңе,

Берекелі ырыс болып енетін.

  • Балалар айтыңдаршы, мен қай мезгілмін?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз айларында күн қандай болады?

Жүргізуші: Қош келдің Алтын күз!

Өзіңмен бірге береке-байлық, молшылық, тоқшылық ала келдің. Біздің балаларымыздың өзіңізге арналған тақпақтары, билері бар, енді соларды тамашалайық.

12-бала: Қарашы, күз келді, күз келді,

Сары алтын жауып іздерді.

Құс біткен керуенін түзеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

13-бала: Жеміс-жидек пісіп жатыр,

Түсіп жатыр бау-бақта.

Жапырақтар ұшып жатыр,

Ұшып жатыр жан-жаққа.

«Қошақан» әні.

14-бала: Алтын күз-қыркүйек,

Жер қара, күн жылыды.

Жарқын күз-қыркүйек,

Жайнайды бұл күні.

БИ: қазақша.

15-бала: Алтын, алтын, сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Ақ бидайды оратын,

Алақай-ау, күн жақын!!!!

«Құстар» биі.

16-бала: Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

17-бала: Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей,

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей.

«Бақалар» биі.

Жүргізуші: Осымен «Алтын күз» ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тыңда- ғандарыңызға көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!!!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
498
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі