400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

"Күзгі кеш" сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Күзгі кеш" сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Күзгі кеш» 8-сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шара

1-жүргізуші: Қош келдіңіз көрермен,
«Күзгі балдың» кешіне.
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.

2-жүргізуші: Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.

Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі 8-сыныптар арасында өткелі отырған Күзгі кешке қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Кешіміздің шымылдығын ашу үшін әдемі вальспен оқушыларды ортаға шақырамыз!

1-жүргізуші: Күз мейрамы құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқасымен таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңа.
Бүгінгі сайысымыздың сарапшылары:




2-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың ережелерімен таныстырып өтейік:
1. Кел,танысайық (Бұл сайыста қатысушы Ханзада мен Ханшайым өздерін таныстырады)
2. Күз сыйы (Әр сыныптан таңдалған оқушы өзінің жасаған киім үлгісін көрсетеді)

3.Өнерлі өрендер (Ханзада мен Ханшайым өз өнерін көрсетеді)

1-жүргізуші: Ендеше, дайын болсақ бірінші сайысымыз таныстыруды бастаймыз.




2-жүргізуші: Арулар неткен сымбатты,
Ғажайып нұрға бөленген.
Алтын күзге үн қатты
Сәнді киім түрімен,-дей келе сайысымыздың 2-кезеңіне кезек береміз. Бұл кезеңде әр сыныптан таңдалған оқушы өзінің жасаған киім үлгісін көрсетеді


1-жүргізуші:Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.
Ендігі кезекте сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық.


2-жүргізуші: Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын,-дей келе бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтау үшін сөз кезегі әділқазыларға беріледі!


1-жүргізуші:Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар.


2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі Күзгі бал кешіміз осымен аяқталды.
Жеңісті күндерде кездескенше, сау - саламатта болыңыздар!














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.06.2024
257
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі