Материалдар / Күзгі орманға саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Күзгі орманға саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек топ балаларына арналған күз айында өткізілетін ойын- сауыққа арналған ертегі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2024
85
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





« Күзгі орманға саяхат»

(ересек)

Безендіру:Музыка залы екіге бөлінеді.Бір бөлігі мерекеге сай безендірілген,екінші бөлігі орман бейнесінде.

Кейіпкерлер:Орманшы,батпақ қыз ,Алтын күз

Балалар залға музыкамен кіреді,бірінші бөлігінде жартылай шеңберге тұрады.

Жүр:Сары жібек көйлегін желбіретіп

Жапырағын ағаштардың селбіретіп

тойға бөлеп елімізді күзім келді

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп

Жүр бала:Бұлттар төніп

Жерге шөгіп

Дымқыл тұман басады

Өңі тайып

Дала нұры қашады

Айтыңдаршы балалар

Бұл қай кезде болады?

Балалар жауабы:

Жүр бала:Күз мезгілі туралы ән білесіңдер ме?

Балалар жауабы:

Ән : «Астықты жинаймыз»

Тақпақтар:1)Көрінеді шалғайдан

Бел-белестер сарғайған

Сары жапырақ төгілген,

Тоғайды да көрдім мен

2)Құстар қайтты ән салып ,

Бұлт шарлады аспанды

Қыс келді жар салып

Күзгі суық басталды.

(Тақпақтардан кейін желдің дауысы естіліп хат ұшып келеді,ханшайымнан хат келеді)

Жүргізуші:(Хатты алып оқиды да)Балалар бізді күз ханшайымы өз сарайына қонаққа шақырып жатыр,барғыларың келеді ме?

Балалар жауабы:ия

Жүр:Ендеше бәріміз жолға шығайық

Жүр бала: Би билесек жол қысқарар ,кәне жапырақтар биін билеп жіберейік.

Би: «Жапырақтар»

(Орманға келгенде Орманшы ата кезігеді).

Орманшы: Сәлеметсіңдерме балалар? Жорытқанда жолдарың болсын Қайда бет алып жатырсыңдар?

Жүр:Сәлеметсізбе ата «Алтын күз» мерекесіне күз ханшайымы сарайына мерекеге бара жатырмыз. Жол көрсетіп жіберсеңіз!?




Орманшы: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын егер де сол жұмбақтың шешуін дұрыс тапсаңдар, жолдарыңды да табасыңдар .

Жұмбақтар :(күзге байланысты)

Орманшы:Өте тамаша, жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар мен енді өз уәдемде тұрайын қолымдағы мына сиқырлы жіп сендерге жол көрсетеді.(деп жіпті береді)

Жүргізуші :Орманшы ата сізге көп рахмет,Балалар орманшы атаға «Күзгі жапырақтар » әнін айтып берейікші

Ән: «Күзгі жапырақтар»

Бала жүр: Рахмет сізге ата!

Жүргізуші:Ал енді мына жіптің көмегімен біз күз ханшайымын іздейік.

Бала жүр: Балалар қараңдаршы жан-жағымызда көп ағаштар

Жүргізуші: Ия балалар сендер ағаштардың қандай түрлерін білесіңдер

Балалар жауабы: Ақ қайың,емен

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар ендеше балалар «Жапырағын тап »ойнынын ойнап жіберейік

Ойын: «Жапырағын тап»

Шарты : Үш түрлі ағаш үш бұрышқа қойылады сол ағаштардың жапырақтыры аралас шашылып 2-стол үстінде жатады.Балалар әр бір ағаштың жапырағын дұрыс тауып сол ағашқа орналастырады.

Жүргізуші:.Балалар күн бұлттанып,жаңбыр жауайын деп тұрған сияқты,жаңбыр мен бірге нұр келер. жаңбыр әнін айтып берейікші.

Ән: «Жаңбыр»

Тақпақ:

(Әннен кейін Батпақ қызға жолығады.Ол жерде домалып жатады,балалар келген кезде тұрады).

Батпақ: Ой қандай жақсы болды, жаңбыр жауғаны қалай жақсы болды.Жау жау жаңбыр (деп шыр айналады)

Жүргізуші: балалар мынау өзі кім?

Батпақ: О, қайдан келген балалар(қолын беліне таянып) мен сендердің қазір үстеріңді батпақ қыламын.Мен, Батпақ қызбын, үстеріңізді кірлетемін.(батпақ қолымен балаларға жақындайды)

Жүр бала:Батпақ қыз тоқтаңыз ,тоқтаңыз

Жүргізуші: батпақ қыз сабыр етіңіз олай болмайды, біздің балалар әр қашан таза жүреді. Бүгін мереке емес пе біз күз ханшайымына бара жатырмыз,одан да сен біздің балалардың өнерін тамашала.

Би: «Күзгі қиял»

Батпақ қыз: Ой керемет, шыныменде өнерлі екенсіңдер. Сендердің таза жүретіндеріңе көзім жетті. Мен сендерге тиіспеймін, мен сендердің тағы өнерлеріңді тамашалағым келіп тұр.

Жұргізуші:Ендеше біздің балалар саған тақпақ айтып береді:

Батпақ қыз:Керемет айтады екенсіңдер балалар.




Жүр бала:Рахмет сізге батпақ қыз! Сау болыңыз

Жүргізуші: Орманшы ата берген сиқырлы жіптің көмегімен жолға шығайық.

(Сиқырлы әуен ханшайымның сарайына келеді, сарайдың ішінен Ханшайым шығады).

Сәлеметсізбе Ханшайым!

Ханшайым: Сәлеметсіңдерме балалар! Қош келіпсіздер алтын күз мерекесіне.

Сендерге күз мезгілі несімен ұнайды?

Балалардың жауабы:

Жүр бала: Біз мерекеге құр қол келген жоқпыз,өзімізбен бірге ән-шашуымызда ала келдік.Кәне балалар әнімізді шырқап жіберейік.

Ән: «Балабақша»

Ханшайым: Балалар менде сиқырлы жүзім бар.Жүзімнің әрқайсысында сендерге арналған тапсырма бар.(1-жүзімде жұмбақтар жасырылады,2-ші жүзімде мақал мәтелдер болады ,з-ші жүзімде көгершін суреті бейнеленіп тұрады)

Жүргізуші:Ендеше сиқырлы жүзім тапсырмасын оқиық.

Жұмбақтар білесің бе?

а)Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтеді,

Түймелеуге жетпейді.

(Қырыққабат)

ә)Бақшаның алып жемісі,

Қайнамай піспес келесі.

Қоңыр күзге сақтайды,

Сары майдай ел іші.

(Асқабақ)


2-ші тапсырма Мақал-мәтел білесің бе?

а)Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

ә)Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

б)Еңбегің қатты болса,

Татқаның тәтті болар.

Ханшайым:3-ші тапсырмада ойын ойну керек деп тұр,ендеше сендермен ойын ойнап жіберейік

Ойын: «Жемістерді ажырат»

Шарты:Ортада екі столда себетте жеміс жидектер тұрады.Ортаға екі бала шығып,кездерін байлаған күйде қолына түскен бір жемісті алып ,оның қандай жеміс екенін айтуы керек










Хашайым: Тамаша,керемет мен сендерге қатты риза болып отырмын. Сендердің байлықтарың ол білімдерің, жақсы тәрбиелерің.Менің барлық тапсырмамды орындадыңдар

Жүр бала:Көрдің бе, күз ханшайымы біздің балалар күз мерекесі туралы бәрінде біледі.

Жүр:Күз ханшайымы, сізге көп рахмет, енді біз өзіміздің бала бақшамызға қайтайық.

Ханшайым: Балалар сендердің менің сарайыма келгендерің қандай жақсы болды.Сендергеде рахмет!

Ал қазір мен сиқырлы таяқшамды алып шығып сендерді бір дегенде бақшаларыңа жеткіземін,Кәне бәрлерің көздеріңді жұмыңдар.

(Сиқырлы музыка естіледі де,күз ханшайымы шығып кетеді).

Жүгізуші :Балалар біздің алтын күз мерекеміз аяқталған жоқ мерекемізді топта жалғастырамыз.

























42 «Айналайын» МДҰ














«Күзгі орманға саяхат»

ересек топтарына арналған ойын-сауық сценарийі












Дайындаған музыка жетекшісі: Муканова Т.И.













Ақтөбе-2024


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!