400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Күзгі орманға саяхат" тақырыбында ұйымдастырылған шебер-сынып жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: "Күзгі орманға саяхат" Мақсаты: Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге, сурет көрінісін әңгімелеп, бейнелей білуге үйрету. Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы мәлімет айту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай облысы, Семей қаласы Білім бөлімінің КМҚК № 12 «Ажар» бөбекжайы

«Аяла» ортаңғы тәрбиеленушілермен ұйымдастырылған шебер сынып

Жиенбаева С.С.

Тақырыбы: "Күзгі орманға саяхат"

Мақсаты: Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге , табиғат байлығын ,сұлулығын сезіне білуге сурет көрінісін әңгімелеп, бейнелей білуге үйрету. Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы айту.

Көрнекіліктер: Табиғатқа байланысты суреттер, жылдың төрт мезгілі, проектор,теледидар.

Әдіс-тәсілдер: Күтпеген сәт, дидакикалық ойындар, сұрақ-жауап, түсіндіру,оқу , әңгімелеу.

Барысы:

Жылулық шеңберіне тұрып, жылы сөздер айту.

Тәрбиеші: -Балалар, қуанышымызды бір-бірімізге жеткізейік.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

К үлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз.

Қуанамын менде,

Қуанасын сенде.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар балалар, енді бәріміз күнге қарайықшы.

-Күн бізге не береді?

Олай болса күнмен амандасып алайық.

Сәндетіп даламыз,

Сәулетті қаламыз,

Сәлем күн анамыз!

Тәрбиеші: --Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Дұрыс айтасыңдар. Қараңдаршы, мына экранда берілген суреттен күздің қандай белгілерін байқадыңдар?

Балалар: - Күз мезгілі. Жапырақтар сарғаяды.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жаңбыр жауады,күн салқындайды.

Тәрбиеші:

- Балалар, бүгін біз сендермен күзгі орманға саяхатқа барамыз. Саяхатқа немен барсақ болады екен.

Балалар жауабы

Т әрбиеші:

Қимылды ойын: «Поезд»
Қатар, қатар тұрайық,
Кәне, кәне сұрайық
Кімнің болса бойы ұзын-
Паравозы ол поездың.
Ал,паравоз, баста алға
Бәрімізді басқара
Пыш-пыш, пыш-пыш біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Ал, кәне, балалар, тоқтайық,
Пыш – ш-ш-ш-ш,
Енді поездан түсейік.

Тәрбиеші:- Міне балалар орманға да келдік. Қараңдаршы айнала бәрі сап-сары.

Мына белгілерге қараңдаршы. Бұл белгілер нені білдіреді екен?

Балалар суретте көрсетілген белгілер бойынша: орманда жәндктер мен аңдардың үйлеріне тисуге, саңырауқұлақтарды жұлуға және от жағуға т.б болмайтынын айтады)

(Дауыс естіліп балалар дауыс шыққан жаққа қарайды)

Тәрбиеші:- Балалар қараңдаршы, мына ағаштың түбіне жасырынған не болды екен?

Балалар: - Ағаштың түбінде кірпі екен.

Тәрбиеші:- Дұрыс айтасыңдар, бірақ кірпі көңілсіз сияқты. Сұрайықшы кірпі неге көңілсіз.

Кірпі: - Сәлеметсіңдерме, балалар. Балалар жан-жақтарыңа қараңдаршы, орманға демалуға келген адамдар орманды ластап, қоқыстарын шашып кетті. Мен сол үшін көңілсіз болып отырмын.

Балалар: - Кірпі біз саған көмектесеміз.

(Барлығы орманда шашылған қоқыстарды жинап өз ыдыстарына салады (жасыл-тамақ қалдығы, сары – пластик ыдыстар, көк ыдысқа-қағаздар)).

Кірпі:- Рахмет балалар, жарайсыңдар.

Тәрбиеші:- Балалар, кірпіге көмектестік енді демалып, орманның таза ауасында тыныс алу жаттығуын жасайық.

Тыныс алу жаттығуын жасау

Барлығы кірпімен қоштасып орманға саяхатын ары қарай жалғастырады, жолда

Қоянды кездестіреді.

Тәрбиеші:- Сәлеметсің бе, қоян. Сен неге көңілсізсің?

Қоян: - Мен орманға келип едім, мында саңырауқұлақтан басқа ештеме таппадым. Маған сәбіз, достарыма алма т.б жеміс-жидектер керек еді.

Тәрбиеші: - Қоян сен оған бола көңіл – күйіңді түсірмей, оданда бізбен бірге балабақшаға бар. Бізде дүкен бар . Дүкеннен керек заттарыңды өзің сатып ала аласың.

(Қоян қуана келіседі, барлығы бақша жолға шығады)

Д\ойын: «Дауыстарын ажырат»

Шарты: Аудиожазбадан (Тоқылдақ, қарға,сауысқан,торғай) құстардың дауысы естіледі. Балалар ажырату керек.

Тәрбиеші: - Қане балалар, поезға отырып бақшамызға оралайық.

Қ имылды ойын: «Поезд»
Қатар, қатар тұрайық,
Кәне, кәне сұрайық
Кімнің болса бойы ұзын-
Паравозы ол поездың.
Ал,паравоз, баста алға
Бәрімізді басқара
Пыш-пыш, пыш-пыш біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Ал, кәне, балалар, тоқтайық,
Пыш – ш-ш-ш-ш,
Енді поездан түсейік.

С\рөлдік ойын: «Дүкенші»

Шарты: бір бала сатушы, бір бала сатып алушы болып дүкенші ойынын ойнайды. Ойын жалғаса береді.

Тәрбиеші: - Қоян, міне дүкенге келдік. Сен ормандағы достарыңа керекті жеміс-жидек, көкөністерді ала аласың. Біздің балалар саған көмектеседі.

Балалар: -Иә, біз қоянға көмектесеміз.

Балалар қоянға дүкеннен жеміс-жидек,көкөністерді сатып алып береді. Қоян мәз болып,балаларға алғыс айтып орманға қайтады.

Қортындылау:

Тәрбиеші: - Міне, балалар біз бүгін күзгі орманға саяхатқа бардық.

  • біз орманға саяхатқа барғанда нені көрдік?

  • Кімге қандай көмек көрсеттік.

Балалар бағытталған сұрақтарға жауап береді.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
26 ұстаз жүктеп алған
13.09.2023
575
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі