Материалдар / «Күзгі орманға серуен»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Күзгі орманға серуен»

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка жетекшілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2019
914
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім бері саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Күзгі орманға серуен»

Мақсаты: Музыкалық жанрды ажырата білуге үйрету. Әннің көңіл-күйін жеткізе білуге баулу. Таныс әуендерге салып сылдырмақ аспабында ойнау.

Қолданылатын көрнекі құралдар: музыкалық аппарат, орман көрінісі бейнеленген сахна, сылдырмақ аспабы, саңырақұлақтар муляж, себеттер

Сөздік жұмыс: күз, саңырауқұлақ

Билингвальды компанент : саңырауқұлақ- гриб- mashroom

Оқу іс -әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивация

лық-қозғаушылық

Балаларды көңілді әуенмен қарсы алу

-Қане сапқа тұрып маршпен жүрейік

«Марш», Б.Е.Тогайбаева

-Қане, балалар, әдемі шеңберге тұрайық.

-Бізге көп қонақтар келіпті, әдемілеп әуендетіп амандасайық

-Сә-ле-мет-сіз-бе, здав-ствуй-те, good-mo-ning


Ай жапырақ сары, алтын,

Айналаның бәрі алтын

Қуандырып біздерді,

Өлкемізге күз келді

-Балалар, сендерге күз мезгілі ұнай ма?

-Күзгі желдің дыбысын салайықшы


Дауыс жаттығуы: «Күзгі жел»

Балалар аяқтарын нық басып, марш екпінімен жүреді

Шеңберге тұрып, қонақтармен амандасады









Дауыс жаттығуын жасайды.

Ұйымдастыру

шылық-ізденістік

-Балалар, біз өткен оқу қызметімізде бақшаға барып көкөністер мен бұршақтар жинадық

-Қане, қайталайықшы

-Ал енді қонақтарға үйренген әнімізді айтып берейік

-Ол үшін екі топқа бөлінейік

І топ –көкөністер мен бұршақтар

ІІ топ – көкөніс жинаушылар

«Урожай собирай», А.Филиппенко

Музыка жетекшісі:

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешесіңдер ме?

-Егер жұмбақты дұрыс шешсеңдер мен сендерді орманға Күз ханшайымына қонаққа алып барамын

-Қане, дайынбыз ба?


Ағайынды бәрі

Шықса жасыл,

Түссе сары

-Өте тамаша, балалар. Жұмбақты дұрыс шештіңдер. Міне менің қолымдағы жапырақтарды сендерге бергім келіп тұр.


(Жапырақтарды таратады)


-Ал енді барлығымыз сапқа тұрып Күз ханшайымына қонаққа барайық. Орманда адасып кетпеу үшін мына жердегі жапырақтардың үстіменен жүріп вальс биін ің ырғағымен билеп орманға көңілді жетейік.


- Міне орманға да келіп жеттік


Күз ханшайымы:

-Сәлеметсіңдер ме, блалар!


Музыка жетекшісі:

-Сәлеметсізбе, Күз ханшайымы. Біз сізге қонаққа келдік.


Күз ханшайымы:

-Ал, балалар, кімнің қолында үлкен жапырақ боса олар менімен орманда сурет салуға барамыз, ал кімнің қолында кішкентай жапырақ болса олар саңырауқұлақ теруге барады.


(Балалар екіге бөлінеді)


«Образдар орталығы»

-Бүгін біз орыс композиторы П.И.Чайковскиймен танысамыз. Композитордың «Аққу көлі», «Гүлдер вальсі», «Жыл мезгілдері» атты шығармалары бар.

-Бүгін біз композитордың «Күзгі ән» атты шығармасын тыңдаймыз.

-Әуенде не туралы айтады екен тыңдайықшы!

-Шығарманың көңіл күйі, сипаты қандай екен?

-Балалар, қараңдаршы мына суретте жапырақтар боялмай қалыпты.

-Біз музыканы тыңдай отырып сураттегі жапырақтарды бояйық.


«Ырғақтар орталығы»

Бұл орталықта саңырауқұлақтармен танысып, әнді, әннің ырғағын үйренеді


Әнүйрену: «Саңырауқұлақ тереміз», Г.Абдрахманова

-Балалар, енді осы әнімізді аспаптарда ойнап үйренейік.


(Топтар орын ауыстырады)


Сергіту сәті: Аяқпенен топ-топ-топ,

Қос қолменен хлоп-хлоп-хлоп.

Бір оңға, бір солға

Айналайық кел мұнда.

Қолыңызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық.

Бір оңға, бір солға,

Ойнайықшы кел мұнда.

Секіреміз жоғары ,

Қиын емес секіру.

Бір оңға, бір солға,

Секірейік кел мұнда.

Музыка жетекшісі:

-Балалар, біздің топқа қайтатын уақытымыз болды. Қане, Күз ханшайымымен қоштасып тобымызға оралайық.


Күз ханшайымы:

-Балалар, сендермен өте көңілді болды. Келесі кездескенше сау болыңдар!


Балалар орманнан оралады

Сұрақтарға жауап береді.







Әнді көңілді орындайды



-ия


-Ия




-жапырақ








би ырғағын билеуге тырысады







-Сәлеметсізбе!













Рефлексиялық-түзетушілік

Музыка жетекшісі

-Балалар, сендерге орманда болған ұнады ма?

-Орманда қандай музыка тыңдадық?

-Ненің суретін салдық?

Қандай саңырауқұлақтармен таныстық?

-Қандай ән үйрендік?

-Қане, үйренген әнімізді қонақтарға айтып берейікші.

-Өте тамаша, балалар!

-Балалар, Күз ханщшайымы сыйқыршы екен. Саңырауқұлақтарды тәтті кәмпиттерге айналдырып жіберіпті.

-Қане, қонақтармен қоштасайық

-Сау-бо-лы-ңыз. До-сви-да ни-я. Go-od- bay.


Орманнан оралады.

Сұрақтарға жауап береді.

Қонақтармен қоштасады.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: әнді бірқалыпты мәнерлеп айтуды,тыңдаған шығармаларды қабылдап сезінуді,сипаттауды

Игерді: музыканы есту арқылы күз мезгілінің ерекшеліктерін ажыратады.

Меңгерді: әнді табиғи дауыспен орындайды. Шығармалардың мазмұнын сипаттай алады. Әуенге ілесе мәнерлі қимылдай біледі



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!