400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Күзгі қарбалас

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Күзгі қарбалас. Б.Тәжімбетов.

Сабақтың мақсаты:

1.Өлең мазмұнынан ақынның күз тіршілігінің бейнесін шығаруын түсіндіру.

2.Өлең тақырыбы мен мазмұнындағы (динамика) қозғалыстағы тіршіліктің заңдылығын түсінуге мүмкіндік беру арқылы талдау, ойлау, ізденуге жағдай жасау.

3.Тіршіліктегі әдемілікті көре білуге , ести білуге, әдемілікті сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мәтін, плакат, маркер, таяныш сөздер, т.б.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Сабақ барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын пысықтау.

3.Қызығушылықты ояту.

А)Тақтада жазылған күзге байланысты сөздерді пайдаланып, (ауызша) күз табиғатын сипаттау. Әдебиетте табиғатты сипаттауды қалай атаймыз?(Пейзаж).

Тірек сөздер: сұр, жаңбыр, сары, аспан, жапырақтар, қысқарды, ұқсайды.

Оқушылардың ойлануына 1 минут беріледі. Бірнеше оқушы сөйлейді.

Ә) –Күз табиғатына тамсанбайтын ақын, оны бейнелемейтін суретші, ән арнамайтын композитор жоқ шығар. Ғалымдарды да күз мезгіліндегі табиғаттың таңғажайып сырлары таңдандырады. Олай болса, ақындар, суретшілер, композиторлар, ғалымдар тобына бөлініп отырайық.

4.Мағынаны тану.

-Балалар,қарбалас деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Қарбалас сөзіне синонимдік қатар жазу. (Асығыс, жанталас, жылдам...).

Мысалы: асығыс, қарбалас іс қай уақыттарда болады?

-Тойдың алдында, мерекелер қарсаңында, 1 қыркүйек күні...

-Жауапты іс алдында.

-Іссапарға, жолға аттанарда...

-олай болса, күздегі қарбалас шақты ақын Б.Тәжімбетов байқап, өлең жазған екен.

1.Өлеңді түсініп оқу.

Сұрақтар:

-Бұл күздің қай кезеңі?

(Өлеңнен іздеу, үзінді оқып беру).

Күздің алды, күздің қарсаңы, жаздың соңы, күздің басы.

-Торғайлар неге барлығын оятты?

-Күзгі тіршілік неден басталады?

Өлеңдегі қозғалыс пен қарбаласқа толы күзгі тіршілік иелерін әңгімелеу.

-Ақын тіршілік иелерінің әрекеті арқылы еңбекті қалай дәріптеген?

-2-шумақта ақынның еңбек иесіне деген қандай сезімі байқалады?

Өлеңнен теңеулерді табу.

Өлеңде оқиға бар ма? Өлеңде суреттеу ғана ма? Пікірталас, дәлелдеу.


Иә

Жоқ




5.Ойтолғау.

Ақындар тобы – 4 немесе «5 жолды өлең» жазу.

Суретшілер тобы – өлең мазмұнына сай сурет салу. Суретті неге бұлай бейнелегенін түсіндіру.

Композиторлар тобы – белгілі ән немесе өздері ойлап тапқан ырғақпен ән дайындау.

Ғалымдар тобы – күз табиғаттың маусымдық өзгерісі екенін өлең мазмұны бойынша дәлелдеп беруі. (Мысалы: күзде күн қысқарады, жан-жануарлар қыс келетінін сезгеннен асығып, қысқы тіршілігіне дайындалады...)

6.Сабақты бекіту.

-Жан-жануарлар тіршілігін адамдар еңбегімен салыстыр.

-Жан-жануарларды еңбек етуге кім үйретті деп ойлайсың?

-Күзгі орман тіршілігін, табиғатты ақын сияқты көре алар ма едің?

7.Үйге тапсырма беру.

Өлеңді мәнерлеп оқу. 18 бет.

Бағалау.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
732
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі