"Күзгі саяхат" атты ересек топқа арналған ертеңгілік сценарийі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Күзгі саяхат" атты ересек топқа арналған ертеңгілік сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
күз мезгіліне саяхат жасайды. бақша қарақшысымен, комбайншымен т.б кейіпкерлермен жолығып қызықты күн өткізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Күзге саяхат» атты мерекелік ертеңгілігі


Мақсаты:  Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру, мерекелік көңіл -күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру. 

Барысы:

«Күзгі вальс» Б. Бейсенованың әніне барлық балалар қолдарын жапырақ оралған шығыршықты ұстап билеп шығады.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар және «Балдәурен» тобының бүлдіршіндері. Ел байлығын арттырған,  береке мен мерекеге толы алтындай жарқыраған күз мезгілі барлықтарыңызға қуанышын ала келсін. «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Балалар сендер менімен бірге тамаша жыл мезгіліне саяхаттауға дайынсыңдар ма? Мен жұмбақ жасырамын. Жауабын дұрыс тапсаңдар қай жыл мезгілі екенін білетін боласыңдар.

Барлығына бақтың

Сары бояу жақтым

Бұл қай мезгіл екенін

Қайсысың дұрыс таптың (Күз)


Жарайсыңдар балалар, дұрыс таптыңдар. Біз күз патшалығына саяхаттаймыз. Бәріміз орнымыздан тұрып саяхатымызды күз туралы әдемі әнімізбен бастайық


Ән: _______________________________________________


Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Енді дайын болсаңдар балалар бәріміз орнымыздан тұрып жолға шығайық.

( балалар саяхат әнін айтады. Орындарынан тұрып, бір орнында жан жаққа адымдап жүріп айтады )

Біз бақыытты баламыз

Саяхаттап барамыз

Ла.ла.ла.ла.ла.ла.ла

Ла.ла.ла.ла.ла.ла.ла


Жүргізуші: Ой балалар , біз бақшаға жетіппіз. Қараңдаршы ана жерде біреу тұрған секілді. Жақындап кім екенін көрейік.

Бақша қарақшысы: Кыыш, кыыш, құстар қонып алыпты ғой, кыыш! Оййй бұл құстар емес балалар екен гой. Сәлеметсіңдер ме балалар. Танысып қояйық. Менің атым Бақша Қарақшысы . Мен бақшаныы құстардан қорғаймын. Ал сендер қайда жол тартып барасыңдар.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе бақша қарақшысы. Біз балалармен күз патшалығына саяхаттауға шықтық. Бізбен бірге барғыңыз келеді ма?

Бақша қарақшысы: Күзге дейсің бе? Жоооқ , Күз менің арқамды кеңе салып дем алатын кезім. Ал менің бітпеген жұмысым көөөп. Күзе дейінгі жол алыс әлі. Жаз бойы жалғыз тұрамын деп ішім де пысты. Менің жанымда сәл тынығып алыңдар. Менде сендермен бір серігіп алайын.

Жүргізуші: Әрине бақша қарақшысы.

Айсана: бақша қарақшысы сен мұнда неге жаз бойы жалғыз тұрсың. Сіздің жұмысыңыз қандай?

Бақша қарақшысы: Менің жұмысым ауыр білесіңдер ме? Көктемде бақшада көкөністер егілгеннен бастап, күз келіп жиып алғанға дейін бәрін түгел мал жаннан, құстан қорғап тұрамын. Балалар сендер сондай сүйкімді екенсіңдер.

Жүргізуші: Білесің бе Бақша Қарақшысы біздің балалар сүйкімді ғана емес , өнерлі әрі бәрі ақылды.

Бақша қарақшысы: Ақылды дейсің бе? Қане тексеріп көрейінші. Менің бақшамда не өсетінін білесіңдер ме?

Жүргізуші: Әрине біледі, бақша қарақшысы балалар сенің бақшаңда не өсетінін аралап көрсе деймін.

Бақша қарақшысы: әлбетте аралап көріп шығыңдар. Бәрің бері жақындаңдар. Мынау әдемі тізбектелген қатарларда мыналар өседі. (қолында гимнастика таяғына оралған целлофанда егілген көкөністер қатары болады. Қолын бүккенде артынан бір бала тұрып тақпағын айтады. Қалғандары отырады. Осылай кезекпен жалғасады.)


Аяла

Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға – нәр.
Зияным жоқ, біліп қой –
Қызылшамын пайдам бар.


Анар

Көктеп ерте шырмалып,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым – қияр, теріп ал,
Жиі - жиі суғарып.


Жанали Адия

Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат - қабат киініп,
Қырыққабат атандым.


Хан

Картоп – біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған –
Ағайынбыз бәріміз


Дария

Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып,
Тұрған ол мен – қызанақ,
Күнге қарап ұялып..


Батыр

Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды,
Қоянға да азықпыз –
Сәбіздерміз тойымды.


Бақша қарақшысы: Жарайсыңдар балалар. Сендер расымен ақылды екенсіңдер. Менің бақшамда бір тышқан мазамды алып, көкөністеріме тиісіп жүр. Соны ұстауға көмектесесіңдер ме?

Жүргізуші: Әрине көмектесеміз. Қане балалар орнымыздан тұрып тышқанды ұстайтын торымызды құрайық.

Ойын «Тышқан мен көкөністер».


Балалар қол ұстасып шеңберге тұрады, балалардың басында көкөністердің атрибуты болады. Тышқан шеңберді айналып жүреді

Балалар: Тышқан, тышқан !

Не аласың бақшадан!?


Тышқан: Мен (сәбіз, т.б) аламын


Балалар: Біз (сәбіз, т.б) бермейміз

Оны өзіміз жейміз

Деп айтылғаннан кейін атрибуты бар бала қашады. Тышқан оны орнына жеткенше қуады. Ойын аары қарай жалғасады.


Бақша қарақшысы: Рахмет сендерге балалар. Тышқан да ұстауға көмектестіңдер. Сендердің арқаларыңда бір сергіп алдым.

Жүргізуші: Бақша қарақшысы біздің жол жүретін уақытымызда болыпты


Бақша қарақшысы: Жолдарыңды бөгемейін. Қош сау болыңдар, күзге аман есен жетіңдер!

Жүргізуші: Сау болыңыз. Қанекей балалар ары қарай саяхатымызды жалғастырайық.

( балалар саяхат әнін айтады. Орындарынан тұрып, бір орнында жан жаққа адымдап жүріп айтады )

Біз бақыытты баламыз

Саяхаттап барамыз

Ла.ла.ла.ла.ла.ла.ла

Ла.ла.ла.ла.ла.ла.ла


Қыздар : Апай мен тоңып кеттім.

Жүргізуші: Күзге жақындап келеміз ау шамасы. Күн райы бұзылып, жел есіп тұр. Аспанда бұлт. Қазір жаңбыр жауатын секілді. Шатыр көріп тұрмын. Бәріміз жаңбыр жауып өткенше сонда тұра тұрайық.


Би. Ұлдар «Тамшылар».


Жүргізуші: Балалар жаңбыр басылды, енді саяяхатымызды жалғастырайық.

( балалар саяхат әнін айтады. Орындарынан тұрып, бір орнында жан жаққа адымдап жүріп айтады). Біз бақытты баламыз

Саяхаттап барамыз

Ла.ла.ла.ла.ла.ла.ла

Ла.ла.ла.ла.ла.ла.ла

Жүргізуші: Балалар жолды қысқартайық. Кәне кім тақпақ біледі.

Ибрахим. Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.


Сания. Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.


Айсана. Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.


Хадиша. Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді


Еркежан. Алақай, алақай!

Шаттанды балақай

Күз түсті. Дән пісті

Айтамыз алғысты


Санат. Кең далама қарашы

Жайқалады ақ бидай

Басын иіп аққудай

Алтын аймақ алқаптай


Амаль. Келді міне күз

Айнала сары түс

Керемет, тамаша

Қандай асем күз


Қымбат. Күз келіпті тамаша

Айдын шалқар далама

Сарғайған көк жапырақ

Сан жетпейді санасақ

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар

Анар: Апай біз қайда жеттік?

Ибрахим: Анда ұзыыыын трактор көрінеді.

Жүргізуші: Біз егін алқабына жеттік балалар. Диханшылар егін жинап жүр екен. Ал бұл трактор емес, комбайн. Астықты конбайнмен орып алады балалар.

Комбайншы (Амирхан): Сәлеметсіңдер ме балалар ? Қайда бара жатырсыңдар?

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе? Біз балалармен күз патшалығына саяхаттауға шықтық. Ал сіз кімсіз?

Комбайншы (Амирхан):

Астық деген береке

Аппақ аппақ нан болар

Сол астықты жинайтын

Комбайншы мен болам


Сендер комбайншының кім екенін білесіңдер ма ?

Жүргізуші: білеміз әлбетте. Дихандар егіп кеткен егінді піскен кезінде жинап беретін комбайнды жүргізетін адам гой. Сіздердің арқаларыңызда дастарханда нанымыз бар.

Комбайншы : Балалар сендер нан туралы мақал мәтел білесіңдер ме?

Балалар: Білеміз


Алан . Қамбасында дәні жоқтың

Дастарханда наны жоқ


Көркем. Қоныыс көркі там

Дастархан көркі нан


Мади. Дастарханда наны жоқтың

Тамағының сәні жоқ


Адия. Тістем нанның қадірін

Ашыққанда білерсің


Омар. Ас атасыы нан

Комбайншы : Жарайсыңдар балалар . Маған астыық жинауға көмектесіп жіберсеңдер.


Жүргізуші: Әрине комбайншы. Көмектесеміз. Қанеки балалар барлығымыз екі қатарға тұрайық.

Ойын «Астық жинау».

Балалар екі қатарға бөлініп тұрады. Бидайды екі топ жинап жарысады.


Жүргізуші: Комбайншы біздің жол жүретін уақытымызда болыпты


Комбайншы: Жолдарыңдды бөгемейін. Қош сау болыңдар, күзге аман есен жетіңдер!


Жүргізуші: Сау болыңыз. Қанекей балалар ары қарай саяхатымызды жалғастырайық.

( балалар саяхат әнін айтады. Орындарынан тұрып, бір орнында жан жаққа адымдап жүріп айтады )

Біз бақыытты баламыз

Саяхаттап барамыз

Ла.ла.ла.ла.ла.ла.ла

Ла.ла.ла.ла.ла.ла.ла


Жүргізуші: Алтындай жарқырап көрініп тұрған күз патшалығы секілді. Қане тездетіп жүрейік.

(Әуен ойнап тұрады. Күз ханшайымы келеді. Қолында себеті бар)


Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар? Сендер қайдан жүрсіңдер?

Жүргізуші. Біз балалармен күз патшалыығына күзді көру үшін келдік.

Күз ханшайыымы: Қош келіпсіңдер, мен Күз ханшайымымын, мыналар менің айларым Аниса: Қыркүйек айында

Оқу жылы басталар,

Көкөністер пісіп тұр

Жайқалады бақшалар

Раяна: Күздің қазан айында,

Алма , алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Үзіліп жерге түседі

Асия: Күздің айы Қараша

Сап сарыы дала, тамаша.

Қайтқан құстар керуені

Ұшты желмен таласа

Жүргізуші. Күз ханшайымы себетіңізде саңырауқұлақ бар ма? Күзде олар көп болады емес пе?

Күз ханшайымы: Жоқ бұл саңырауқұлақ емес. Мен сендерге саңырауқұлақтар алқабын көрсетейін, жүріңдер.

Би: Қыздар (Саңырауқұлақтар).


Күз ханшайыымы: Қандай керемет. Мен риза болып қалдым сендерге

Жүргізуші. Күз ханшайымы біздің тәтті баалаларымыз алыстан саған сый ретінде әдемі әндерін ала келді

Ән: «Сап-сары жапырақ»

Күз ханшайымы: Рахмет балалар , сендер мені өнерлеріңмен қуанттыңдар. Менің де сендерге сыйлығым бар. Күз берекелі мезгіл. Пісіп тұрған байлығымнан дәм татыңдар. (балаларға сыйлық таратады)


Жүргізуші : Рахмет саған күз. Біз сені келесі жылы тағы асыға күтетін боламыз. Біз енді қайтайыық. Қош сау болыңыз!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.04.2025
139
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі