400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күзгі шуақ 2018

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз шуағы сіздерді соңғы сиқырлы сәтін,күзгі гүлдердің керемет жұптарын,жиналған жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығын,әрине күзге тән ойшыл және сонымен қатар қуанышты көңіл-күй силау үшін шақырды. Ойын-сауық басталады,тамаша күй тартылып ән салады. Біз бұл сайысты жұптарға емес керісінше топтарға бөлуді ұйғардық,себебі күні бүгінге дейін өткізіліп келе жатқан күзгі балды өзгертіп көңілдеріңізден шығады деген ойдамыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Күні: 18.10.18.

Тәрбиеші: М.Шынбергенова

Тақырыбы: « Күзгі шуақ-2018».

Мақсаты:Оқушылардың адамгершілік мәдениетін көтеру, қоршаған ортаға деген жанашырлығын арттыру, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу,күзгі табиғат құбылысын сезінуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қайырлы кеш достар! Күз шуағы сіздерді соңғы сиқырлы сәтін, күзгі гүлдердің керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығын, әрине күзге тән ойшыл және сонымен қатар қуанышты көңіл күй сыйлау үшін шақырды.

Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас,

Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.

Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғайық! – дей келе, құрметті көрермендер бүгінгі Күзгі шуақ кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Біздерде ойын сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады.

Қошеметтеп қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі шуақ » сайысын таныстырып өтсек біз осы жылғы күзгі балл сайысын өзгерту мақсатымен ұйымдастырдық

Біз жұптарға емес керісінше топтарға бөлуді ұйғардық себебі күні бүгінге дейін өткізіліп келе жатқан күзгі баллды өзіміздің идеямызбен барынша өзгертіп және сіздердің көңілдеріңізден шығады деген ойдамыз

Жүргізуші: Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.

Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,

Еріксіз өзімізге қаратармыз, - дей отырып ортаға қатысушы топтарды шақырамыз

Жүргізуші: Әділ – қазы береді,

Өздеріңе сыйлықты.

Бізге айтып береді,

Кім өнерші, кім мықты? – деп, әділ – қазы алқасымен таныстырып өтейік.

Әділ – қазылар мүшелері: инт.меңгерушісі-С.Тілеубай,

Тәрбиешілер: Қ.Оспанова, М.Шынбергенова

Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,

Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.

Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,

Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.

Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік

1 – тур: «Күзгі вальс»

2– тур: «Өнерің өрге жүзсін»

4 – тур:Жұмбақтар әлемі

5 – тур: Ойын

6-тур Көрме. Үздік сурет

Жүргізуші: Шалқып, тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Бүгінгі күз кешінде

Би билейік бәріміз, - деп келесі

1– тур: «Күзгі вальс» Ортаға екі топтан бір-бір жұпты билеуге шақырамыз. Әділ қазылар әр тур өткен сайын бағалап отырады.

Жүргізуші: Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,

Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,

Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,

Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе «Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Әр топ өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады. Ал, әділ қазылар өнерінің бағасын беріп отырайық.

1.Ұшқанда тізіліп жұбын бөлмейді,

Қонса көл суы тізеден келмейді (тырна)

2.Құрлықта жүрсе – маймаңдап,

Суда жүзсе – еседі қайықтап. (үйрек)

3.Ұя сап, балапан баспайды,

Өз атын атап қақсайды. (көкек)

4.Дамылсыз барабан қағады,

Сол жерден тамағын табады. (тоқылдақ)

5.Қарағайдың, шыршаның

Бүрін шағып уатты.

Бұл қандай құс, айтшы, дос,

Тұмсығы қайшы сияқты. (қайшы ауыз)

Жүргізуші: Модельер болу оңай ма?

Қиналып жатсаң мұңайма.

Әр мамандық өзгеше,

Өз мәнінде, шырайда, - деп келесі кезекте «Сән үлгісі» 7 сыныптың дайындаған сән үлгісін қол шапалақтап тамашалайық

5-тур Ал топтың басшылары сіздер ойын ойнауға қалай қарайсыздар?

- Дайын болсақ ойынымызды бастайық- Онда ортаға қатысушы топтардың басшыларын шақырамын.

Жүргізуші: Тапсырма мынадай: менің қолымдағы қағазда сөз жазылған, соның біреуін таңдап алып, өз тобыңызға ыммен түсіндіру керексіз.

Жүргізуші:

6 – тур: Көрме. Үздік сурет

Бұл «Күзгі бал» сайысының ең соңғы қорытынды байқауы!

Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізеді мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жаң болсаң сен ұғатын.

«Күзгі бал» байқауын қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз!

Ендігі кезек әділ қазыларда!

Мадақтау қағазы екі топқа тапсырылды.

Жүргізуші: Осылайша «Күзгі бал» сайысы өз мәресіне жетті.

Жүргізуші: Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,

Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.

Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,

Ұстазым менің, достарым менің

Бәрінде аман болыңдар! Осымен «Күзгі шуақ» атты кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош - сау болыңыздар!



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
761
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі