400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Күзгі табиғаттың сыйы

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өтпелі тақырып: Дені саудың , жаны сау

Апталық тақырып: Біз күштіміз,ептіміз

Білім беру саласы: Таным, Қатынас,Шығармашылық

Білім бөлімі: Жаратылыстану, көркем әдебиет, аппликация

Тақырыбы: Күзгі табиғаттың сыйы

Мақсаты: Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінің ерекшеліктерін, күз сыйын балаларға ұғындыру.Жемістер мен көкөністердің маңызы туралы, адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру.Жапырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің пісуі туралы ой-өрістерін дамыта отырып, есте сақтау қабілеті мен тілін дамыту. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу Көрнекілігі: Күз табиғаты бейнеленген суреттер, жемістер мен көкөністер, жапырақтар, интербелсенді тақта

Қос тілділік: алма-яблоко, қызанақ-памидор,қырыққабат-капуста,алмұрт-груша, сәбіз – морковь, пияз - лук Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Балалар музыка әуенімен топқа қатармен кіреді.

-Балалар, бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті.Сәлемдесу- әдептілік белгісі.Оқу қызметімізді бастамас бұрын қонақтармен сәлемдесіп алайық.

-Жарайсыңдар,балалар!

-Енді ортаға «Шаттық шеңберіне»

жиналып,бір-бірімізбен қол ұстасып,ортақ тілек айтайық.

Кәнеки,балалар,бәріміз ортаға жиналайық

-Жарайсындар,балалар!

Орындарыңа жайғасып отыра қойыңдар.

Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті.

Төріме, міне, еніпті,

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал,кәнеки,бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!


Табиғат – ол анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз!


Балалар орындарына отырады

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

-Балалар, мен сендерге өлең оқып берейін, сендер бұл өлеңде не жайында айтылғанын,қай ақынның өлеңі екенін айтыңдар


Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма?

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан!

-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі неше ай қонақта болады?

-Күз айларын атайықшы

-Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?

-Неліктен «Алтын күз», «Жомарт күз» деп атаймыз?

-Күз айларында қандай көкөністер мен жемістер піседі?

-Балалар, осы айтқан күз мезгілінің ерекшеліктері жайында интербелсенді тақтадан бейнематериал көріп тамашалайық.

Дидактикалық ойын: «Күзгі табиғат»

Тәжірибе жасау

Әр бала тәрелкеге топырақ салып, қолдарымен су сеуіп, жаңбыр жауғызады.Сол кезде топырақтың түсі өзгеріп,иісі шығады.

-Жауын жауғанда, балалар, қандай дыбыс шығады?

-Балалар, жауын жауғанда топырақтың түсі қалай өзгереді екен?

Қазір екі топқа бөлініп, сурет салып,жапсыру жұмысын жасаймыз

1 топ- күзгі тал (дәстүрден тыс сурет салу әдісі губкамен )

2топ- күзгі тал (арт-терапия әдісі күрішпен жапсыру)

Сергіту сәті

«Қолшатыр кімге тиеді?» Балалар шеңбер болып тұрады, музыка әуенімен билеп, қолшатырды бір –біріне береді.Әуен тоқтағанда қолшатыр кімнің қолында болса, сол бала күз мезгілінің ерекшелігі жайында айтады.

Ғажайып сәт

Әсем әуенмен билеп күз аруы келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Балалар, сендер мені таныдыңдар ма?

-Мен не үшін қолыма қолшатыр ұстап жүремін, білесіңдер ме? -Балалар, күз мезгілі үш ай қонақта болды.Қазір күз мезгілінің соңғы айының, соңғы күндері ғана қалды. Балалар, сендер көкөністер мен жемістерді көзбен көріп, қолдарыңмен ұстағыларың келе ме? Мен сендерді өзімнің «ғажайып бағыма» алып барып, күзде пісетін жемістер мен көкөністерін көрсетейін..

күздік өнімдерді көрсетейін деп келдім.

-Саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма?

-Келіңдер, төрлетіңдер, менің «сиқырлы бағыма»

қош келдіңдер!

-Балалар, сендер көкөністер мен жемістерді ажырата аласыңдар ма?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар,міне, мен көкөністерді жинап қойған едім.Келіңдер, көріңдер. Мынау- пияз, мынау-картоп, мынау сәбіз. Ал мынау алма ағашы мен алмұрт ағашы. –Балалар, сендер көкөністер мен жемістер туралы тақпақтар білесіңдер ме? Балалар, сендер бақта өсетін жемістер мен көкөністерді көрдіңдер.Талдан жұлып алған жемістерде дәрумендер өте көп болады.Жемістерді әуелі жылы сумен жуып алып жеу керек. Оларды жумай жемеңдер.

-Жарайсыңдар балалар! Сендер өте ақылды, зерек балалар екенсіңдер

Музыка әуенімен мұз ханшайымы келеді

-Күз аруы, сен әлі кеткен жоқсың ба? Сенің қайтатын уақытың болды ғой

-Білемін, мұз ханшайымы,санаулы күннен кейін мен кетемін. Кетпес бұрын сіздің айларыңызға арнап жинаған күздік өнімдерді балаларға көрсетіп кету үшін келген едім.

-Көкөністерің мен жемістеріңді көрсетіп болсаң, енді кете бер.

-Кет, күз аруы, сенің уақытың аяқталды. Енді үш ай мен қонақта боламын.

-Сау болыңдар , балалар! Келесі күз мезгілінде кездескенше!

-Балалар, «сиқырлы бақтағы» күздік өнімдерді көріп болсаңдар, қайтайық.Мен сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін.

-Балалар, күз мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді?

-Күз мезгілінің күз аруы кетті, енді үш ай бойы сендермен мен боламын.

-Қыс мезгілі сендерге ұнайды ма?

-Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?

-Жарайсыңдар, балалар!


-Балалар , сендерге бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма?

-Несімен ұнады?


Бағалау

Балаларға әр түрлі көңіл бейнеленген смайликтерді таңдатып алу арқылы ашық ұйымдастырылған оқу-қызметін қорытындылаймыз





Балалар тыңдайды





Күз мезгілі туралы








Төрт мезгіл бар


Күз мезгілі

Үш ай


Қыркүйек,қазан,қараша

Жауын көп болады,күн суытады


Жемістер мен көкөністер піседі


Жүзім,алма,алмұрт,асқабақ, картоп,қырыққабат

Балалар мұқият тыңдайды





Интербелсенді тақтадан ойын ойнайды






Жаңбыр дыбысын естірту

Балалардың жауабы




Балалар екі топқа бөлінеді



Жұмыстарын орындайды






Музыка әуеніне балалар қимылмен билейді









Сәлеметсіз бе

Ия, күз аруы


Өйткені , күз мезгілінде жауын көп жауады









Балалар тыңдайды




Ия, дайынбыз





Жемістер талда өседі, көкөністер жерде өседі


Балалар көкөністер мен жемістерді қолмен ұстап, көзбен көреді








Жемістерді жумай жесе, ішіміз ауырады.




Балалар мұқият тыңдайды





Балалар таң қалады






















Қыс мезгілі





Ия, ұнайды

Шанамен ойнаймыз




Балалардың жауабы













Рефлексиялық -

түзетушілік

Балаларды мадақтау. –Міне, балалар, біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде күз мезгілінің ерекшелігі, күзгі табиғат пен күздік өнімдер жайында тереңірек білдік Жарайсыңдар!



Балалар қуанады.


Күтілетін нәтиже: Табиғаттағы күзгі өзгерістерді бақылып, ол туралы өз ойларын жеткізе білді.Жемістер мен көкөністер айырмашылығын ажыратады.

Біледі: Күз мезгілінің ерекше сыйын түсініп, бағалай біледі. Үлкендер еңбегін құрметтеуді түсінеді. 

Игереді: Сұраққа дұрыс жауап беріп,тапсырманы орындайды;

Меңгереді:  Табиғи материалдардан композиция жасай біледі.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
600
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі