400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

"Күз.Күз келбеті" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз туралы балаларға ұғындыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Күз. М. Дулатов. Күз келбеті. Ғ. Оралбаев

Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық сезімдеріне әсер ету, табиғатты сүюге, қорғауға, еңбекті, еңбек адамдарын қадірлеуге тәрбиелеу.


а) Білімділік:
Күз туралы түсінік беру. М. Дулатов туралы білімдерін кеңейту. Әңгімені дұрыс түсініп оқу. Ізденіске жетелей отырып, әңгіме мазмұнын түсіндіру.

«Күз» туралы өлеңімен және Ғ. Оралбаевтың «Күз келбеті» мәтінімен таныстыру.Күзгі табиғатпен таныстыру.

ә)Дамытушылық:
Оқушылардың сөздік қорын молайту. Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру. Өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру. Оқушылардың күз туралы ой – өрісін,дүниетанымын кеңейту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту.


б) Тәрбиелік:
Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулу. Топпен бірігіп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:


Сабақтың әдісі: сыни-тұрғыдан ойлау, сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, сергіту жаттығулары.


Сабақтың көрнекілігі: күз туралы суреттер, мақал– мәтелдер, сөздік


Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері


Сабақтың барысы:
I.Қызығушылықты ояту 1.Тренинг өткізу. Жақсы қасиеттер туралы әңгімелеп, балалардың зейінін сабаққа аудару. Сөз таптарына байланысты сыныпты төрт топқа бөлу. 2. Үй жұмысын сұрау.

«Талаптан да , білім мен өнер үйрен» деген тақырыптағы тарауды қайталау, сұрау.

Күз мезгілі туралы не білесіңдер?

Күз айларын ата?

Күз туралы қандай өлең – тақпақтар білесіңдер?

Күз мезгіліне байланысты сыныпты төрт топқа бөлу.

II. Мағынаны тану.

Мұғалім:

Қараңдаршы, балалар

Көзің тоймас қарасаң да

Күз деген-бір жақсы уақыт

Ой да, қыр да, таудың іші

Бір молшылық жатқан шалқып

Ал балалар кім біледі?

Неге айтамыз «Алтын күз» деп?


Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. Күз дегеніміз – жазира даланың дастарханы. Күз – дегеніміз береке. Күз дегеніміз – қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз – бұл мезгілде жеміс – жидек, астық пісіп жетіледі, күзде мал да, аңдар мен құстар да қомданып семіреді. Күзде қыс қамы жасалады. Сондықтан адам да, жануарлар да қысқа әзірлік жасайды. «Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың» деген халқымыз. Күз мезгілі молшылық. Күздің бір айы қыстың үш айына азық.

Оқулықпен жұмыс.

Міржақып Дулатұлы (1985-1935)

Міржақып Дулатұлы- қазақша – орысша білім алған ақын.Ол Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылында дүниеге келген.

Міржақып Дулатұлының «Оян қазақ !», «Азамат», «Терме» атты кітаптары бар.Ақын өлеңдерінде қазақ халқын азаттыққа , теңдікке үндейді, оқуға, ғылымға тартуды , еңбекке баулуды көздейді.

«Күз», «Күз келбеті» мәтіндерімен таныстыру.





Сергіту сәті

Күзім-ау, күзім-ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық –ау!

Сөздікпен жұмыс

Шабынды –қалың өскен шөбі шауып алынатын жер.

Күзем- малдың жүнін күзде қырқу.

Шошақ-шөмеле шөп.

Ноқта –мал басына кигізетін ауыздығы жоқ жүген тәрізді әбзел.

Желі – құлындарды байлау үшін екі қазыққа кере тартылған арқан.

Ымырт үйірілді- қараңғы түсті.

Жайдақ ат- ертоқымсыз ат.


Топпен жұмыс жасау


1-топ күз туралы өлең, мәтін құрастыру

2-топ күз туралы сурет салу

3-топ күз туралы сөйлемдер құрастыру

4-топ жұмбақтың шешуін табу

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпын,

Мен жазықсыз .......

Жиып-теріп болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?


Дәптермен жұмыс

Күздеу , қыстау, жайлау, бие ағыту сөздеріне анықтама сөздік жаз.

Мәтіннен күн райы туралы халық болжамын бір сөйлеммен жаз.


Сабақты қорытындылау.

Күз маусымы туралы өзің үшін қандай жаңа дерек алдың?



Күн суытады

Shape1

Жапырақтар сарғаяды

ЖShape2 еміс-жидектер піседі

Shape3

Shape5 Shape4

КҮЗ


Құстар жылы

жShape7 Shape6 аққа кетеді

Shape8 Жаңбыр жауады

Shape9


Егін жиналады


Үйлерін ақтайды, сырлайды



Бағалау.Сабақта белсене қатынасқан оқушыларды мадақтау, мақтау және бағалау.

№

Оқушының аты,жөні

Бағасы

1

Тұрғанбай Әдемі

5

2

Тетобай Тәңірберген

5

3

Сағынбай Диана

5

4

Шүкірбай Кемал

5

5

Чингел Тұмар

4

6

Мырзағали Гулсезім

5

7

Махмуд Ақниет

5

8





-Бүгінгі сабақта не білдік? Не ұнады? ( оқушылардың пікірін тыңдау).

Үйге тапсырма.

«Күз» . «Күз келбеті» мәтінін түсініп оқып келу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
2960
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі