жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
квадрат теңдеу
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.2А Квадат теңдеулер |
Мектеп: Үлкен Шаған ЖББОМ КММ |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Гильманова Дария Муратовна , / педагог -эксперт/ |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 |
Қатысқандар: 12 |
Қатыспағандар:0 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Квадрат теңдеу
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.2.2.1 Квадрат теңдеудің анықтамасын білу; 8.2.2.2 Квадрат теңдеулердің түрлерін ажырату. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
- Квадрат теңдеудің анықтамасын білу, квадрат теңдеулердің түрлерін ажырату. - Толымсыз квадрат теңдеулерді шығару. - Теңдеулерді түрлендіру арқылы ах2+bх+с=0 теңдеу түріне келтіру және олардың коэффициенттерін атау. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
-квадрат теңдеулерді анықтайды; -квадрат теңдеулердің түрлерін ажыратады; -толымсыз квадрат теңдеулерді шешеді; -теңдеулерді түрлендіру арқылы теңдеу ах2+bх+с=0 түріне келтіреді және олардың коэффициенттерін атайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік мақсаттар: толымсыз және толық квадрат теңдеулерді ажыратады.
Бөлім бойынша лексика және терминология: Теңдеу, теңдеудің түбір, квадрат теңдеу, толымсыз квадрат теңдеу; теңдеу коэффициенттері;
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Квадат теңдеу деп ...; ах2+bх+с=0 түріндегі теңдеу...; толымсыз квадрат теңдеу деп ...; егер бірінші коэффициенті ...; егер екінші коэффициенті...; квадрат теңдеудің түбірі деп...;х2+pх+q=0 түріндегі теңдеу...; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылықтары: өмір бойы білім алу, құрмет, азаматтық жауапкершілік, еңбекке қабілетті, бірлік пен ортақ пікірге келуге бағыттау. Осы құндылықтарды топта жұмыс жасағанда оқушылар бойына сіңірте алу. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
«Аудан», «шаршы», «қабырғасына» байланысты тапсырмада геометриямен байланысы көрініс табады;
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім
|
Теңдеу және теңдеудің түбірін, сызықтық теңдеуді, теңдеуді шешу дегеніміз не? Қысқаша көбейту формулалары. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы /5 мин/
|
Ұйымдастыру бөлімі : / 2 мин/ Оқушыларды түгендеу; оқушылардың назарын сабаққа аудару; Жағымды ахуал қалыптастыру «Ерекше сәлемдесу» әдісі бойынша Әрқашан (басбармақ) Сізге (сұқ саусақ) Үлкен (ортаңғы саусақ) Бақыт (4 саусақ) Тілеймін (шынашақ) Сәлеметсізбе! (алақанды беттестіреміз) Мақсаты : Сәлемдеседі.Бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлайды.
2. Саралау тәсілі: «Жіктеу» аралас гендерлік топ Белсенді оқу әдісі: «Сиқырлы сандық» бойынша 3 топқа бөлу. Нұсқау беру және айту: Оқушылар сиқырлы сандықшадан үлестірме қағаз суырады. Суырған қағаздарда өткен тақырыптармен байланыстырып түрлі теңдеулер беріліп сол теңдеулердің шешімдері бойынша бөлінеді.
3 .Сабақтың мақсатын тұжырымда / 3 мин / Белсенді оқу әдісі: «Сәлемдеме жіберіңіз». Нұсқау беру және айту: Сабақ тақырыбына байланысты оқушылардың қызығушылығын туғызу және өтілген материалдарды еске түсіріп,бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Затты бірнеше қабат қағазға ораймын. Әр орамына тақырыпқа сай бір сұрақ жазамын. Оқушылар әуен ойнап жатқанда оралған затты сынып ішіне береді, музыка тоқтаған кезде оқушы бір қабатын ашып, орамда жазылған сұраққа жауап береді. Сәлемдеме орамасындағы сұрақтар: Шаршының формуласын қолданып, жасырылған сөзді табуды ұсынады. Бұл жаттығу оқушылардың зейінін сабақтың тақырыбының аясында шоғырландыруға бағытталған. Оқушылар бұл тапсырманы өз беттерімен орындайды. Орындалған тапсырманың дұрыстығын тақтадағы жауабымен салыстыру арқылы тексереді. Саралау тәсілі : «Диалог және қолдау көрсету» (оқушыларды ойланту үшін шығармашылық тапсырма беремін және сөзбен қолдау көрсетемін, ынталандырамын).
Шығармашылық тапсырма Шаршы қабырғасының ұзындығы a см, оның ауданының S қабырғасына тəуелділігін формуламен жаз жəне кестені толтырып жауаптарын сәйкестендіріп төменде қандай сөз жасырылғанын табады.
|
«Ерекше сәлемдесу» әдісі
«Сиқырлы сандық»
«Сәлемдеме жіберіңіз »
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жауаптары :
ҚБ: Мұғалім мадақтамасы: Оқушыларды қолпаштау мақсатында «Сен өте ақылдысың!», « Сен өте зерексің!»,«Тамаша», ...деген сөздер жазылған стикер қолданамын. |
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы /22 мин / |
Жаңа сабақты менгеру Топтық жұмыс /10 мин/ Белсенді оқу әдісі: «Өкіл». (Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін, және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады. Бұл зеріктіретін және қайталана беретін «өз тобына хабарлау» әдісінен аулақ болу үшін қолданылатын тиімді әдіс. Сондай-ақ бұл өкіл тілін қолдануға және белсенді тындаушылар тобын құруға жағдай жасайды . (ақпарат көзі http://www.at-bristol.co.uk/cz/teachers/Debate%20formats.doc) Әр тoп өздeріне бeрілгeн тапсырмаларды 6оқулықтағы теориялық материалдарды топ мүшелері оқиды, бір-біріне түсіндіреді, басқа топқа барып ақпарат жинайды, талқылайды. Өз тобына қайта келіп, алғанын ортада талқылайды топ ішінде талқылап, постерге түсіреді. Топтан бір өкіл адам шығып тақырыпты ашады, постер қорғайды. Оқушылар қолдарындағы тапсырмаларды орындау арқылы тақырыпты ашады және теңдеулердің анықтамасын тұжырымдайды. Бұл әдіс тақырыпты түсіндіруге негізделген шығармашылық ізденіс, оқушылар оқулықтағы материалмен танысып, қажеттісін түртіп алу, кейін өз идеяларымен бөлісу. Саралау тәсілі: «Тапсырма» (Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау).
Бағалау критерийі: Білім алушы -квадрат теңдеулерді анықтайды; - квадрат теңдеулердің түрлерін ажыратады; -толымсыз квадрат теңдеулерді шешеді; -теңдеулерді түрлендіру арқылы теңдеу ах2+bх+с=0 түріне келтіреді және олардың коэффициенттерін атайды. Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну, қолдану Әр топқа тапсырмалар беру Ітопқа: Квадрат теңдеу анықтамасы, мысалмен түсіндіріңдер . ІІ топқа: Келтірілген квадрат теңдеу, мысал келтір ІІІ топқа: Толымсыз квадрат теңдеу, мысалмен түсіндіріңдер .
Дескриптор: Білім алушы -Квадрат теңдеудің анықтамасын тұжырымдайды; -Келтірілген квадрат теңдеуді анықтайды; -Толымсыз квадрат теңдеуді анықтайды Дағдылары: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, бірін-бірі бағалау дағдылары қалыптасады. ҚБ : «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бірін- бірі бағалау, стикер беру Жұлдыз- жұмыс бойынша екі ұнаған тұстары; Тілек – жақсартуды қажет ететін тұстары бойынша тілек
Бүкіл сыныппен жұмыс Белсенді оқу әдісі: «Стоп кадр» ( Оқушылардан тақырыптың , хикаяның және мақұлдаудың стоп-кадрын жасауды сұрайды. Стоп-кадр бұл «камера» өз жұмысын тоқтатқан нүкте – стоп-кадрдың сыныпқа көрінбейтін басы және аяғы бар (Сонымен де ол фотографиялық суреттен айрықшаланады). Топтар өз стоп-кадрларын сыныпқа, суретте не болып жатқанын талқылау үшін, көрсетеді.)
Саралау тәсілі: «Дереккөз» (bilimland.kz сайтынан квадрат теңдеу тақырыбына арналған видеоролик көрсетемін. Видео материалды кез келген жерінен тоқтатып оқушыларға сұрақтар қоямын. )
Мұғалімнің
сұрағы: -
Квадрат
теңдеулерінің анықтамасын беріңіз. -Олардың үш жағдайын көрсет…..
ҚБ: «ҮШ Шапалақ» әдісі. «түсінікті»- үш шапалақ, «жартылай түсінікті, толықтыру керек» екі шапалақ, «түсінбедім» - бір шапалақ арқылы кері байланыс жасайды .
Топтық жұмыс
Белсенді оқу әдісі: «Кемпірқосақ тобы» (Оқушыларды талқылау үшін (бұл «бастапқы топ») тақырып бойынша (барлығына бір тақырып немесе әр топқа бөлек тақырып) топтарға бөліп отырғызыңыз. Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріп, тиісінше қайтадан топқа бөледі. Жаңа топтар «бастапқы топ» қатысушыларынан тұрады. Кейін оқушылар топта не талқылағандарын айту үшін қайта оралады. Бұл одан әрі талқылауға түрткі болады. Күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалар білім деңгейлері әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар әр топқа үйлестіріледі. Берілген уақыт ішінде әр оқушы өз деңгейіне сай тапсырмаларды орындап жауаптарын тақтадағы кемпірқосақ суретіне іледі . Дәптерлеріне жазады. ( А деңгейі қызыл, В деңгейі сары, С деңгейі жасыл).
Саралау тәсілі: «Тапсырма» (Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді. Күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдаланыңыз).
Бағалау критерийі: Білім алушы -теңдеулерді түрлендіру арқылы теңдеу ах2+bх+с=0 түріне келтіреді және олардың коэффициенттерін атайды. Ойлау дағдыларының деңгейі: білу және түсіну, қолдану
№116 Тапсырма А деңгейі (қызыл) 1.Берілген теңдеуді ах2+вх+с=0 түріне келтіріңдер: І топ: х(3х+5)-1 = х(х-4) 3х2+5х-1= х2-4х ; 3х2-х2+5х +4х -1=0; Жауабы: 2х2+9х-1=0 а=2; b=9. ІІ топ: (7х-1)(2+х)= (х-4) (х+4) 14х+7х2-2-х= х2-16 ; 7х2-х2+13х -2+16 =0; Жауабы: 6х2+13х+14=0 а=6; b=13.
ІІІ топ: х(8-3 х)= (5х-1) 2 8х-3х2= 25х2-10х+1 ; -3х2-25х2+8х +10х-1 =0; Жауабы: -28х2+18х-1=0 а=-28; b=18.
Дескриптор: Білім алушы − көпмүшелерді жақшаға алып, қосады, азайтады; − таңба ережелерін пайдаланып жақшаларды ашады; − ұқсас мүшелерді біріктіреді; -квадрат теңдеуге келтіреді -коэффициенттерін анықтайды.
II тапсырма В деңгейі №120 Теңдеуді шешіңдер : І топ: (х-5) 2 +4 х= 25 х2 -10х +25+4х-25=0 ; х2-6х =0; x(x-6)=0; x1=0; x-6=0; x2=6; Жауабы: (0;6)
ІІ топ: (х+6)(х-7)=-х+7 х2 -7х +6х-42+х-7=0 ; х2-49 =0; ( x+7)(x-7)=0; x1=-7; x2= 7; Жауабы: (-7;7)
ІІІ топ: 6х(0,5+3х)-15х2= 0 3х+9х2 - 15х2=0 ; 3х2+3х =0; 3 x(x+1)=0; x1=0; x+1=0; x2=-1; Жауабы: (-1;0)
Дескриптор: Білім алушы − таңба ережелерін пайдаланып жақшаларды ашады; − ұқсас мүшелерді біріктіреді; - теңдеуді шешеді; - түбірлерін табады.
III тапсырма С деңгейі
Саралау тәсілі: «Қарқын» (кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс жасайды) Тапсырмаларды түгел орындаған топқа қосымша есептер
№123 . Теңдеуді ах2+вх+с =0 түріне келтіріңдер:
І топ (x+2)(х-1)=6; х2-х+2х-2-6=0; х2+х-8=0; Жауабы: х2+х-8=0 а=1; b=1.
ІІ топ (x-3)(3x+2)= (5x-4)(3x-2) 3x2+2х-9x-6=15x2-10x-12х+8 3x2-7x-6=15x2-2x+8 Жауабы: -12x2+15x-14=0; a=-12; b=15. ІІІ топ (1-2x)(2x-4)-3(2-x)=3-9x2 2x- 4- 4x2+8x-6+3x-3+9x2=0 5x2+13x-13=0 Жауабы: 5x2+13x-13=0; a=5; b=13. Дескриптор : Білім алушы - Көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін пайдаланады; –Ұқсас мүшелерді біріктіреді; - Квадрат теңдеудің жалпы түріне келтіреді квадрат теңдеуге келтіреді
ҚБ: «Үлгі бойынша бағалау» оқушылар көршілерімен дәптерлерін алмасып интербелсенді тақтадағы жауаптар бойынша бірін бірі бағалайды.
Мақсаты: ынталандыру, ішкі уәжін қалыптастыру. Дағдысы: топтардың ішінара өздерін бағалауы, ақыл ойын жетілдіру, сонымен қоса қамқорлық, сыни тұрғысынан ойлау дағдысы қалыптасады.
Сергіту сәті /3 мин / «Көңілді күн» бейне жазба қою
Жұптық жұмыс / 5 мин /
Белсенді оқу әдісі : «Штурман –пилот» Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы. Әр жұп есепті бір-біріне түсіндіру арқылы шығарады, яғни штурман айтып отырады, пилот қағаз бетіне түсіріп отырады.
Саралау тәсілі: «диалог және қолдау көрсету» тапсырманы орындау кезінде жүзеге асады. Себебі, оқушылар бір-біріне көмектеседі, қолдау көрсетеді. Мұғалім де бағыттаушы ретінде оқушыларға сөзбен қолдау көрсетіп отырады.
Бағалау критерийі: Білім алушы: - Толымсыз квадрат теңдеулерді шығарады Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану № 117 І жұптың есебі: ІІ жұп: ІІІ жұп : 1. х2-5х=0; -7х2+1,8х=0; 3).х2-25=0; x(x-5)=0; -х(7х-1,8)=0; х2=25;
x1=0;
-х1=0;
х= x-5=0; 7х-1,8=0; Ж: (-5; 5). x2=5; х=1,8:7; Ж: (0; 5) х=9/35; Ж: (0; 9/35).
Дескриптор: Білім алушы − ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады -теңдеудің түбірлерін табады
ҚБ: «Мадақтау сэндвичі» 1 бөлік – позитивті комментарий, не ұнады; 2 бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек; 3 бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы … |
А3, маркер лер, оқулық стикер, плакат
w
Әбілқасымова А. Бекбоев И. Алгебра оқулығы 8 сынып, 2008ж
Тақтада көрсетілген дұрыс жауап бойынша көршілер бір-бірінің жұмыстарын тексеріп тиісті бағасын қояды
« |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Қалыптастырушы бағалауға берілген тапсырмалар. Бағалау критерийі: квадрат теңдеулердің түрлерін ажыратады Ойлау дағдыларының деңгейлері: білу және түсіну
Тапсырма барлық оқушыларға беріледі:
Дескриптор : Білім алушы - Квадрат теңдеулерді анықтайды; -квадрат теңдеулердің коэффициентерін жазады ; -толық квадрат теңдеулерді(келтірілген,келтірілмеген) көрсетеді; -толымсыз квадрат теңдеулерді көрсетеді.
ҚБ: « Плюс, минус, қызықты»
«Плюс»
— оң әсер еткен фактілерді, алған,
білімдері жайлы жазады. «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.
Үйге тапсырма: № 115,119 / 1 мин/
Рефлексия «Білім қоржыны» баспалдағы әдісі бойынша кері байланыс / 2 мин / стикер жабыстыру
Қызыл қоржын : Өте жақсы түсіндім,мен үшін қызықты болды. Көк қоржын : Мен сабақты жақсы түсіндім. Сары қоржын: Тапсырма бойынша әлі де ізденуім керек .....
|
Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларжинағы 8 сынып Алгебра
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әр оқушының қабілетін ескере отырып, сабақта келесі саралау тәсілдерін қолданамын. Саралау тәсілінің: «Жіктеу» аралас гендерлік топқа бөлу, «Диалог және қолдау көрсету»әдісін жаңа тақырыпты талқылап, тұжырымдауда; «Тапсырма»әдісі арқылы оқушылардың қажеттіліктеріне қарай тапсырмаларды жасау, «Дереккөз» әдісі арқылы bilimland.kz сайтынан квадрат теңдеу тақырыбына арналған видеоролик көрсетемін.Видео материалды кез келген жерінен тоқтатып оқушыларға сұрақтар қоямын, қарқын әдісі күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмаларды орындауда; қорытынды барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін ,түсінгендеріне көз жеткізу мақсатында қолданылады. |
Сабақтың барысында оқушылардың жаңа материалды меңгеруге дайындық мақсатында алдын ала даярлық тапсырмалары беріліп, кері байланысқа мадақтау қолданамын. .«Мадақтау» әдісі бойынша мұғалімнің қолдау көрсетуі: оқушыларды қолпаштау мақсатында «Сен өте ақылдысың!», «Сен өте зерексің!»,«Тамаша», ...деген сөздер жазылған стикер қолданамын.
«Екі жұлдыз, бір тілек» топтар бір-бірлерінің жұмыстарын өзара бағалау;
«Шапалақ» әдісі арқылы түсініктерін білдіру.
«Үлгі бойынша бағалау» оқушылар көршілерімен даптерлерін алмасып интербелсенді тақтадағы жауаптар бойынша бір- бірінің жұмыстарын бағалау
«Мадақтау сэндвичі» бір-бірлерінің жұмыстарын бағалау « Плюс, минус, қызықты» түсінік жұмыстарын аяқтау |
Денсаулық сақтау технологиялары мен қауіпсіздік сақтау ережелері нормаға сай. Оқушылардың жұмыс барысында толық жағдай жасалған. Сабақты ұйымдастыруда сынып оқушылары бір-біріне сәттілік тілейді Топқа өткен тақырыптармен байланыстырып түрлі теңдеулер беріліп сол теңдеулердің шешімдері бойынша бөлінеді
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ww
Мадақтау
сэндвичі»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген