400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Квадрат теңдеу тақырыбын қайталау

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материалда 8 сыныпта өтілген ашық сабақ жоспары жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ақмола облысы

Бурабай ауданы

Бурабай кенті

Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі

Ошакбаева Г.К математика пәні мұғалімі

Пәні: математика

Күні:

Сыныбы:8

Сабақтың тақырыбы

Квадрат түбірлер тақырыбын қайталау, пысықтау.

Сілтеме

Алгебра . 8 сыныпқа арналған оқулық, интернет желісі

Сабақтың мақсаты


оқушылар квадрат түбірлерге мысалдар келтіруді, квадрат түбірлерді салыстыруды, квадрат түбірлер туралы ережелерді еске сақтауды, квадрат түбірді табуды, квадрат түбірдің астына алуды, квадрат түбірдің астындағы өрнектерді түрлендіруді, бөлшек бөліміндегі иррационалдықтан құтылуды орындай алу.

Күтілетін

нәтижелер


Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, көркем әдеби тілде сөйлеуге, өткен тақырыпты меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді

Сабақтың түрі

Білімді бекіту сабағы

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, информатика, математика .

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, ойтолғаныс, сұрақ-жауап, топтастыру,кесте, перфокарта, лото жинау, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.

Керекті жабдықтар

Оқулық, интерактивті тақта, перфокарта, кеспеқағаздар, стикер, маркер, флипчарт, формулалар, компьютер, интерактивті тақта, бағалау парақтары, желім, лото, перфокарта, стикер, суреттер, презентация, реферат, флипчарт, аудиофаил.

т.б

Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


0,5 мин










0,5 мин


Ұйымдастыру

  1. Топқа бөлу.( 3 топ мүшелері Сөйлем мүшелерін байланыстырып топқа бөлінеді) 1 мин (төмендегі сөйлемдер қиылып, кесінді түрінде оқушылар бір-бірден таңдайды, сосын сөйлем құралуы бойынша топқа бөлінеді)

І топ –Қызыл алма тәтті.

ІІ топ- Мен есеп шығардым.

ІІІ-топ Бүгін күн суық.

Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

Психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларға аудио файл тыңдатады.

  1. Әр оқушыға бағалау парағын тарату және түсіндіру.

Оқушылар сөйлем құрастыру арқылы арқылы топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.















Аудиофайл тыңдаған сөз барлық оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».


Өткенді қайталау

5 мин

  1. Үй тапсырмасын тексеру. «Тарихи мағлұматтар» презентация жасап келу. 7 мин


Оқушылар үйде жасап келген реферат және презентацияларын көрсетеді және айтып береді.

Қызығушылықты ояту және бүгінгі тақырыбымызды шешу:


2 мин

Ашық сұрақтар қоямын.

1)Натурал сандар жиыны қандай әріппен жазылады? (КВ)

2) -25 саны қандай сан? (АД)

3)х2-4 өрнегі қалай жіктеледі? (Р)

4) 49 санына қарама-қарсы сан (АТ)

5) рационал сан мен иррационал санның қосындысы қандай сан? (ТҮ)

6) Бүтін сандар жиыны қандай әріппен белгіленеді? (БІР)

Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін оқушыларға жабық тұрған «Квадрат түбір» деген сөзін ашамын. Бүгін квадрат түбір тақырыбына есептер шығаратынымызды айтамын.

Оқушылар жауаптары.

N


Теріс сан

(х-2)(х+2)

-49

Иррационал


Z

Лото ойыны

  1. мин

Адасқан формула. Әр топ формула құрастырып, флипчартқа желімдейді.




Әр топ алдарында жатқан флипчартқа «Квадрат түбірдің қасиеттерін сипаттайтын формулаларды құрастырып желіммен жабыстырады және тақтада әр топ қорғайды.

Қайталау арқылы білімді қалыптастыру:

Жеке жұмыс

5 мин

Әр оқушыға перфокарта таратылады.

Перфокартада үш есеп берілген.

Онда көбейткіштерді түбір астынан шығару, түбір астына енгізу және иррационалдықтан босату.

  1. Көбейткішті түбір белгісінің алдына шығару:

Мысал: = 6

  1. Көбейткішті түбір белгісінің ішіне енгізу:

Мысал: =

  1. Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босату:

а)

ә) = =-

Оқушылар шығарып болған соң тақтадан жауабын көрсетіп тексертемін және өзін-өзі бағалатамын.

Әр оқушы перфокартамен жұмыс жасайды.




Жауап парақтарына өздерін бағалайды.

Деңгейлік тапсырма:

7 мин

Деңгейлік тапсырмалар орындатамын:

  1. Есепте өрнегінің мәнін тап

  2. өрнегінің мағынасы болады?

өрнегінің мәнін тап

Есепті шығарып болған соң тақтаға жауабын шығарамын және тексертемін. Содан кейін олар өздеріне баға қояды.


Оқушылар есептерді шығарады.












Шығарған есептерін тексереді және бағалау парағын толтырады.

Сергіту сәті

1 мин

Сергіту сәтін орындатамын

Сергіту сәтін орындайды

Сабақты бекіту

1.Тест шешу

3 мин

Тест жұмысын таратамын.

Жауабын көрсетіп тексертемін және бағалатамын.

Тест жұмысын шешеді, тексереді және бағалайды.

Қорытындылау

1 мин

Бугін қандай есептер шығардыңдар, қандай формулалар, қасиеттер қолданылды деп сұрақ қоямын.

Оқушылар квадрат түбірдің қасиеттерін, квадрат түбірді түрлендіру арқылы көбейткіштерді түбірден шығару, түбір астына енгізу, иррационалдықтан босатуға есептер шығарғанын айтады.

Үйге тапсырма


Әр оқушыға 3 есептен есеп құрастырып келу тапсырылды.

Оқушылар үй жұмысын күнделіктеріне жазады

Рефлексия

2 мин

Екі жұлдыз бір тілек стикер жабыстыруға берілді

Оқушылар сабақ бойынша өз ойларын жазады және стикерді жапсырады

Бағалау

2 мин

бағалау кестесін толтырғызамын және жинаймын

Оқушылар өздерін бағалайды

Тест жұмысы

а)5 в)21√2 с)3 д)7√2

2 а)16 в)20 с) 13√3 д)45√2

а) 15√3 в)19 с)27 д)8,5






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
468
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі