400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласын қолданып квадрат теңдеулерді шешуді меңгерту. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділігін арттыру, оқушыны ұқыпты тыңдауға , практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдай білу мақсатында өз білімін нақты көрсете алуға дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді :

Оқу ісінің меңгерушісі: П.Бекеева



Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары



қасиеттері

Мектеп: №27 жалпы орта мектеп КММ

Күні:24.11.2017ж

Мұғалімнің есімі: Кешубаев Рамазан

СЫНЫП: 8 «ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласын қолданып квадрат теңдеулерді шешуді меңгерту. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділігін арттыру, оқушыны ұқыпты тыңдауға , практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдай білу мақсатында өз білімін нақты көрсете алуға дағдыландыру.




Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Квадрат теңдеулердің түбірлерінің формуласын меңгереді




Оқушылардың басым бөлігі: Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласын қолданып, квадрат теңдеулерді шеше алады

Кейбір оқушылар: Тақырыпқа байланысты күрделі есептерді шығара алады

Тілдік мақсат

Оқушылар: Тақырыпты оқып, мазмұнын ашады, есептерді шығарады.


Негізгі сөздер мен тіркестер: Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласы

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

1.Келтірілген квадрат теңдеу түбірлері формуласының жалпы түрдегі квадрат теңдеу түбірлерінің формуласынан қандай айырмашылығы бар?

2.Кез келген квадрат теңдеудің түбірлерін табу үшін формуласын қолдануға бола ма?

3.Квадрат теңдеудің қанша түбірі болатынын қалай анықтауға болады?

Талқылауға арналған тармақтар: Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары


Жазылым бойынша ұсыныстар: Есептер шығару


Алдыңғы тақырып

Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері

Бағалау критерийлері:
1. Тақырыпты оқып танысады.
2. Формулаларды меңгереді.
3.Тақырыптың мазмұнын, идеясын аша алады.
4. Есептерді шығара алады.
5. Деңгейлік тапсырмаларды орындай алады.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

5 мин


Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жанындағы адамға өз атының бастапқы

әрпінен басталатын жылы сөз айту

Квадрат теңдеудің түрлеріне байланысты сыныпты 3 топқа бөлу.

1-топ: «Толымсыз квадрат теңдеу»

2-топ: «Келтірілген квадрат теңдеу»

3-топ: «Толық квадрат теңдеу»

«Көршіңді тексер» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру











Оқушының жұмыс дәптері

Ортасы

30 мин






Білу. «Миға шабуыл» әдісі

  1. Толымсыз квадрат теңдеудің қанша түрі бар?

3 түрі бар

  1. Қандай теңдеуді толымсыз квадрат теңдеу деп атайды?

1) aх2+с =0;    с≠0

2)  aх2+вх=0; в≠0

3)   aх2=0

  1. Қандай теңдеуді келтірілген квадрат теңдеу деп атайды?

х2+вх+с=0 түріндегі теңдеу, яғни а=1
болса, келтірілген квадрат  теңдеу деп
аталады.


Жаңа сабақты түсіндіру.

Анықтама.  aх2+вх+с=0 (мұндағы х-айнымалы, а,в,с-қандай да бір сандар,а≠0 ) түріндегі  теңдеу квадрат теңдеу деп аталады.

 а,в,с-коэффициенттер, а-І, в-ІІ, с-бос мүше деп аталады.

Мұндағы b2-4ac өрнегі квадрат теңдеудің дискриминанты деп аталады және D әріпімен белгіленеді.

  1. Дискриминант оң сан (D>0) болса, теңдеудің екі түбірі бар:

  2. Дискриминант (D=0) болса, теңдеудің бір түбірі бар:

  3. Дискриминант (D<0) болса, теңдеудің түбірі болмайды.

Қолдану.Тақырыпқа байланысты есептер шығарады.

«Бірге есептейміз» әдісі
№128
Квадрат теңдеудің дискриминантын есептеп, қанша түбірі болатынын көрсетіңдер.

1-топ. x2 - 5x – 8 = 0

2-топ. x2 - 14x + 49 = 0

3-топ. 0,64x2 + 1,6x + 1 = 0

Семантикалық кесте толтыртамын


«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі

№129
Теңдеуді шешіңдер:

1-топ. x2 + 3x + 2 = 0

2-топ. - x2 - 2x + 24 = 0

3-топ. x2 - 7x + 12 = 0

№130
Теңдеуді шешіңдер:

1-топ. 3x2 + 5x - 2 = 0

2-топ. 2x2 - x - 3 = 0

3-топ. 9x2 - 6x + 1 = 0


Қабілетті оқушыларға тапсырма

№134

















АКТ























Оқулық










Аяқталуы

5 мин



Үй тапсырмасын жаздырамын.

№131, 133

Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Кері байланыс жүргізеді. (Блоб ағашы)


Бағалау парақшалары,стикер

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?



















Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Қабілетті оқушыларға «С»

деңгейіндегі тапсырмаларды беремін.Үлгерімі төмен оқушыларға «А»деңгейіндегі тапсырмаларды беремін, шығарылу жолдарына нұсқау беремін.

Топ басшының бағалауы арқылы

АКТ-мен байланыс

Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
600
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі