жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Квадрат теңдеулер
Сабақ жоспары
Шартты белгілеулер: |
|
Ұ = ұжымдық (сыныппен) жұмыс; |
Ж = жұптық жұмыс; |
Т = топтық жұмыс; |
М = мұғалімнің көрсетуімен; |
Ө = өздік жұмыс; |
Ү = үй тапсырмасы. |
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Квадрат теңдеулер |
Мектеп: Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 21.02.2019ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Дондагулова Кулянда |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 сынып |
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Квадрат теңдеулер |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.2.2.1 Квадрат теңдеудің анықтамасын білу 8.2.2.2 Квадрат теңдеудің түрлерін ажырату |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты (смарт мақсат) |
Сабақ мақсатына жетемін, егер: Барлық оқушылар:Квадрат теңдеулерді анықтай отырып, түрлерін атау. Оқушылардың басым бөлігі: Теңдеулерді толымсыз квадрат теңдеуге түрлендіру. Кейбір оқушылар: Мәтінді есептерге квадрат теңдеу құрып, толымсыз квадрат теңдеулердің түрін ажыратып, шешу |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Квадрат теңдеулерді анықтайды. Квадрат теңдеудің түрлерін ажыратады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқытудың пәндік және тілдік мақсаты, оқушылар: - Квадрат теңдеудің анықтамасын айтады; -Квадрат теңдеудің коэффициенттерін және квадрат теңдеудің түрлерін атайды; -Теңдеулерді квадрат теңдеуге түрлендіруді түсіндіре алады; -Квадрат теңдеудің түрлерінің шешілу алгоритмін түсіндіре алады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: «квадрат»,«коэффицент», «бос мүше», «айнымалы», «толымды», «толымсыз», «келтірілген», «келтірілмеген» Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер: «Егер» сөзін пайдаланып диалог құрады; . ...түріндегі теңдеу квадрат теңдеу деп аталады; ........ түріндегі теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады; .......... түріндегі теңдеу келтірілген квадрат теңдеу деп аталады; жазылым бойынша ұсыныстар: коэффициент, дискриминант, түбір. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының «Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана», «Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» құндылығын пайдалана отырып, жауапкершілікке, өзара құрмет көрсетуге, ынтымақтастыққа қол жеткізуге, білімге құштарлыққа, өзара көмекке, Отансүйгіштікке, өмір бойы білім алуға тәрбиелеу. Бәсекеге қабілеттілік қалыптастыру. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Информатика пәнінен «iTest», «Bilimland» ақпараттық білім беру порталы арқылы оқушылардың бойында ақпараттық коммуникациялық, өз бетімен іздену дағдылары қалыптасады
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім
|
Теңдеу, сызықтық теңдеу, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу, дәреже, арифметикалық квадрат түбір, белгісіз компонеттерін табу ережелері негізінде теңдеулерді шешу біліктілігі. Оқушылар келесі ұғымдарды біледі: квадрат теңдеудің анықтамасы, квадрат теңдеудің коэффициенттері, квадрат теңдеудің түрлері |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі 1.Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, сыныптың тазалығына мән беру, оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару) 2. Сабақтың мақсатымен таныстыру 3. Сыныпқа психологиялық ахуал туғызу. Бір – біріне жылы лебіздерін білдіру. 4.Топқа бөлу «Гүлдің суреті» әдісі арқылы (үш топқа бөліп,сұрақтарға жауап беру, қиындылардан гүлдің суретін құрастыру) Топтардың атауы: 1-топ «Толымды» 2-топ «Толымсыз» 3-топ «Келтірілген» Мақсаты: Ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа, бірлесе жұмыс жасау арқылы нәтижеге қол жеткізу, смарт мақсаттың орындалуына мән беру. Алдыңғы өтілген тақырыптарды жүйелеу және жалпылау. Кері байланыс: «Сен маған, мен саған» (Доп лақтыру арқылы оқушыға сұрақ беріп, жауап алу) әдісі Мақсаты: Өткен тақырып туралы кері байланыс алу, жаңа тақырыпты игеру барысында өткен тақырыппен байланысын анықтауға, тілдік мақсаттардың орындалуына мән беру. Нәтижесінде: Оқушыларда бұрынғы сызықтық теңдеулер туралы білім пысықталады, есте сақтау, шапшаңдыққа ұмтылады, ойлау дағдылары қалыптасады. Сұрақтар: -Теңдеу дегеніміз не? -Теңдеудің түбірі дегеніміз не? -Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не? -Теңдеуді шешу дегеніміз не? -Квадрат түбір деген не?
Үй тапсырмасын тексеру. Интербелсенді тақтада слайдтың көмегімен дұрыс жауапты анықтау. Оқушылар бір-бірін тексереді. Әрбір тапсырмаға дескриптор беріліп отырғанына байланысты оқушылар өздерін және өзара бағалау жүргізіліп жатқандықтан, саралаудың бағалау тәсілін қолданамын. Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін бағалау, кері байланыс беру, оқушы қажеттіліктеріне қарай білімдерін толықтыру, түзетулер жүргізу.
|
Әр түрлі гүлдердің суреттері, топтардың аттары жазылған парақтар
доп
Сұрақтар топтамасы
Интербелсенді тақта
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
«Жаңа білімді меңгеру». Түсіну М. 1.Тапсырма Оқушыларға: Жаңа білімді игеру үшін «Bilimland» ақпараттық білім беру порталы арқылы Квадрат теңдеу, квадрат теңдеудің анықтамасы, квадрат теңдеудің түрлері туралы бейне жазба көрсетіледі, электронды оқулықтың көмегімен жалпы түсінік толықтырылады. (анықтама,ережелер,формула мен есептерді шығару тәсілдері көрсетіледі)
(Ж) «Ара ұясы» Әдісті алған себебім өзара ой бөлісу, тыңдау, өз ойын жеткізуге дағдыландырады. 2-Тапсырма. bilimland.kz ақпараттық білім беру порталынан «Квадрат теңдеу» туралы бейне ролик көру және талқылау, түйінді сәттерді, негізгі ұғымдарды анықтау. Мақсаты: Жаңа білімді ақпарат көздерінен қабылдау дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың жаңа ұғымдарды қабылдауын, ой қорытуын, топта талдауға қатысу дәрежесін анықтау, өзара бағалауын, өзін бағалауын қалыптастыру. Нәтижесінде: Оқушылардың ақпарат көздері арқылы білімін толықтыруы, тыңдалым қабілеттері шыңдалады, топпен бірлесе талдау арқылы өз пікірін жеткізуге дағдыланады.
Тапсырма орындау барысындағы саралаудың дереккөздер тәсілін қолданамын: Осы тапсырма арқылы топта мен оқушылардың деректер көзінен өзара әрекетін, ой қорытуларын, кім жылдам айта алғанын, қаншалықты меңгергенін саралаудың дереккөздер тәсілімен саралаймын. Мысалға: Бейне роликті көру барысында барлық оқушылар бейне роликті көреді, талқылауға қатысады, теңдеулердің коэффициенттерін анықтайды, негізгі ұғымдар туралы ақпаратты есте сақтауға тырысады; Басым оқушылар: Коэффициенттері бойынша квадрат теңдеудің түрлерін ажыратады, толымсыз квадрат теңдеулердің шешілу алгоритмін анықтайды; Кейбір оқушылар Толымсыз квадрат теңдеулерді шешу алгоритмін басқаларға түсіндіреді;
Келесі берілетін тапсырма белсенді оқыту тәсілінің бірі «Сұрақ-конверт» тәсілімен беріледі, бұл тәсілді таңдау себебім: оқушылар сұрақтар құрастыруда ішінара ізденеді, жауабын даярлай отырып түсіну дағдылары қалыптасады, сұрақты дұрыс құра білу технологиясын шыңдайды, топпен жұмыс нәтижесінде өзара көмек, қолдау көрсету, бірін бірі оқыту жүзеге асады. Мақсаты: Оқушылардың өзіне белгілі мағлұматтар мен жаңа білімді салыстыру қабілеттерін шыңдау, сұрақты дұрыс құруға дағдыландыру, өзінің танымдық ойы туралы ойлауын дамытуға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік беру. Нәтижесінде: Оқушылардың смарт мақсаттың орындалуына ықпал ететін бағалау критерийлерінің мазмұны ашылатындай сұрақтар құру дағдысы қалыптасады. Өзі сұрақ құрастыра отырып, сыни тұрғыда дұрыс жауапты іріктеуге бейімделеді.
Т.Ж 2-Тапсырма:Квадрат теңдеу, квадрат теңдеудің коэффициенттері, квадрат теңдеудің түрлері туралы сұрақтар құрастырыру, конвертке салып келесі топқа беру
Оқушылар тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін «Сұрақ-конверт» тәсілі бойынша әр топ келесі топқа сұрақтар әзірлеп, конвертке салып тапсырады, келесі топтың әзірлеген конвертін алып, сұрақтарына жауап әзірлейді, талдайды. Қалыптасатын дағды:Ойлау, сұрақ құру, жауабын айту
Тапсырма орындау барысындағы саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілімен топта мен оқушылардың тақырыптың мақсатын ашатындай сұрақ құрастыра білуіне қарай, өзара пікірлесіп, ой қорытуларына қарай, критерийлердің орындалуын байқап, сабақтың мақсатының орындалу барысын, оқушылардың белсенділігінің артқанын, дескриптор бойынша өзара бағалау үдерісінің жүргізілуін саралаймын Мысалға: тапсырманы орындау барысында барлық оқушылар квадрат теңдеу туралы, квадрат теңдеудің коэффициенттері туралы сұрақтар құрастырады; Басым оқушылар: коэффициенттері бойынша квадрат теңдеудің түрлерін ажырату туралы сұрақтар құрастырады; Кейбір оқушылар Толымсыз квадрат теңдеулерді шешу алгоритмі туралы сұрақтар құрастырады;
Ж.Ж. «Түйінді сәттер» әдісі арқылы жазбаша тапсырма орындатамын. Мақсаты: Квадрат теңдеудің түрлерін коэффициенттеріне байланысты анықтауға, кестемен берілген ақпарат деректерді сұрыптауға, шапшаңдыққа дағдыландыру. Нәтижесінде: Кестелік ақпаратпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Уақытты үнемдеуге икемделеді. Оқушылар тапсырманы жазбаша орындау арқылы жаңа білімнің түйінді сәттерін түсінеді, ойлауға, ойын жүйелеуге дағдыланады. Оқушылардың осы тапсырманы орындау барысы бойынша жылдамдықтарына, дискриптор арқылы өздерін бағалауына мән беремін. 3- тапсырма: Берілген теңдеулерден квадрат теңдеуді анықтаңыз, квадрат теңдеулерден a, b, c коэффициенттерін анықтап, сәйкес бағандарға «+» таңбасын қою арқылы квадрат теңдеудің түрін ажыратыңыз
Тапсырма орындау барысындағы саралау: Осы тапсырма арқылы мен оқушылардың жеке ізденісін, ойлау әрекетін, ой қорытуларын, кім жылдам орындай алғанын, қаншалықты меңгергенін саралаудың қарқын тәсілімен анықтаймын. Мысалға: Тапсырманы орындау барысында барлық оқушылар квадрат теңдеулерді анықтайды; Басым оқушылар: теңдеулердің коэффициенттерін анықтайды; Кейбір оқушылар Коэффициенттері бойынша квадрат теңдеудің түрлерін ажыратады, топта басқаларға түсіндіре алады;
Т.Ж. «Джигсо әдісі» арқылы оқушылар топта жазбаша тапсырма орындайды Мақсаты: SMART мақсатқа жету үшін оқытудың белсенді әдісін таңдау арқылы оқушылардың топтық талқылауға қатысып, басқалардың пікірін тыңдай білуге және өзінің ойын жеткізіп, сөйлеуіне, бірін бірі оқытуға мүмкіндік беру. Нәтижесінде: Оқушылардың бірін-бірі оқыту арқылы өзіндік бақылау, бағалауы дамиды, оқуға деген жауапкершілігі артады. 1-тапсырма .Берілген коэффициенттері бойынша квадрат теңдеу құра отырып, түрін анықтаңыз: a=2, b=0, c=8
2-тапсырма. Түрлендіре отырып, теңдеудің түрін ажыратыңыз, толымсыз квадрат теңдеуді шешіңіз: 25-(5x+1)2=0
3.Тапсырма: Мәтінді есепке теңдеу құрыңыз. Түрлендіру барысында шыққан теңдеудің түрін ажырата отырып, шешіңіз: Астана қаласындағы ауданы 1500м2 тіктөртбұрыш пішінді «Жерұйық» саябағын қоршау керек. Саябақтың ұзындығы енінен 20м-ге ұзын. Саябақтың ені мен ұзындығын есептеңіз.
Бұл тапсырманы алу себебім: «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының «Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана», «Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» құндылығын пайдалана отырып, оқушыларды жауапкершілікке, өзара құрмет көрсетуге, ынтымақтастыққа қол жеткізуге, білімге құштарлыққа, өзара көмекке, Отансүйгіштікке, өмір бойы білім алуға тәрбиелеу болды. Нәтижесінде: Ойлау қабілеттері дамиды, мазмұнды есепке теңдеу құрып шешу дағдылары қалыптасады, топта ойын жеткізе білуге, білімін толықтыруға, бірін бірі оқытуға, белсенділікке ұмтылады. Топта кім-кімге ой салғаны, қалай қорытынды жасағаны бойынша сараланып, бағалау жүреді.
Тапсырма орындау барысындағы саралау: Осы тапсырма арқылы мен оқушылардың топпен жұмыста топ мүшелерінің бірлескен ішінара ізденіс әрекетін, ойлау дағдыларын, кім белсене талдау жасағанын, кім көмек қажет еткенін, қаншалықты меңгергенін, смарт мақсатқа жетуде тапсырманың тиімділігін, бірін-бірі оқытуын, өзара пікір алмасқанын, кім-кімге қолдау көрсеткенін, кім түсіндіргенін саралаудың жіктеу тәсілімен, диалог және қолдау көрсету тәсілімен саралаймын. Мысалға: Тапсырманы орындау барысында барлық оқушылар квадрат теңдеулерді коэффициенттері бойынша анықтайды; Басым оқушылар: Түрлендірулер жасай отырып, толымсыз квадрат теңдеулерді шешеді; Кейбір оқушылар: мәтінді есепке теңдеу құра отырып, толымсыз квадрат теңдеуді шешеді, топта басқаларға көмектеседі; Кері байланыс беруде: белсенділік танытқан оқушыны сөзбен марапаттаймын, қолмен белгі берген оқушыға жетектеу сұрақтарын қоя отырып, білімін толықтырамын, мазмұннды есептерге теңдеу құру барысында сұрақтары болған оқушыға топ мүшелерінің көмектесуі ұсынылады.
|
https://bilimland.kz/kk/ ақпараттық білім беру порталы
электрондық оқулық
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Сабақты бекіту мақсатында белсенді оқыту тәсілдерін қолданамын. (Ж) Тест. itest ақпараттық ресурсынан 6 есептен тұратын тест алу арқылы оқушылардың білімін тексеру. Интербелсенді тақтадағы дайын жауаптар арқылы өздерін бағалайды Мақсаты: Смарт мақсаттың орындалу жағдайын, тестпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, уақытты тиімді пайдалану, квадрат теңдеу және оның түрлері туралы білімдерін бекіту. Нәтижесінде: Барлық оқушы қатысады, бағалау жүреді, 4-Тапсырма: itest ақпараттық ресурсынан 6 есептен тұратын тест тапсырмаларын орындаңыз, дайын жауаптар арқылы өз шешімдеріңізбен салыстырыңыз
Тапсырма орындау барысындағы саралау: Тест тапсырмасын орындату арқылы смарт мақсаттың орындалу деңгейін, оқушылардың берілген тапсырмалармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру деңгейін, жеке жұмыста, топтық талдауда өзара ізденіс әрекетін, тез ойлау дағдыларын, кім тез талдау жасағанын, кім көбірек ойланғанын, қаншалықты меңгергенін саралаудың қарқын тәсілімен саралаймын. Мысалға: Осы тапсырманы орындауда барлық оқушылар қатысып жатады және барлығы бірден бағалау жәтижесін көріп жатады. Тест тапсырмаларын орындау барысында барлық оқушылар квадрат теңдеулерді коэффициенттері бойынша анықтайды; Басым оқушылар: толымсыз квадрат теңдеулерді шешеді; Кейбір оқушылар: түрлендірулер арқылы толымсыз квадрат теңдеуді шешеді; Кері байланыс беруде: оқушылар қолмен белгі беруді қолданады, нітижесінде толықтырулар, түзетулер жүзеге асып жатады.
Үйге тапсырма: 6.9; 6.10; 619 есептерді шығару Рефлексия: «МТТ» рефлекциясы Мақсаты: Тақырыптың ішіндегі негізгі түйінді идеяны тқжырымдайды, өздері білетін мәліметтерді бағамдай отырып, алдыңғы біліммен салыстырып, жаңа білімді тәжірибемен байланыстырады. Тың ақпаратты анықтау арқылы тақырыптың маңыздылығына тоқталады.
|
Itest.kz Интербелсенді тақта |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
-Бағалау. Сабақтың өне бойында берілген тапсырмаларды орындауда саралаудың бағалау әдісі жүреді. Алдыңғы өтілген тақырыптарды жүйелеу және жалпылау кезеңіндегі кері байланыс алуда, тілдік мақсаттардың орындалуын бағамдауда және үй тапсырмасын интербелсенді тақтадағы дұрыс жауаптармен салыстыра отырып, өздерін және өзара бағалау кезінде саралаудың бағалау тәсілін қолдандым. -Дереккөз. bilimland.kz ақпараттық білім беру порталынан және электрондық оқулықтан «Квадрат теңдеу» туралы бейне ролик көре отырып, деректермен жұмыс істей білу, алынған ақпаратты талдау, қолдану дағдыларын анықтау кезінде саралаудың «Бағалау» тәсілін қолдандым. -Диалог және қолдау көрсету: «Сұрақ-конверт» және «Джигсо» белсенді оқыту тәсілдері арқылы топпен орындауға берілген тапсырма кезінде оқушылардың өзара, жеке іс әрекетін, бірлескен оқуын, осы процесте кімге көмек қажет, кім қолдау көрсетті, топтағы әңгімелесу, жұптағы әңгімелесу қалай жүзеге асқаныын анықтауда саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін қолданамын. -Қарқын. «Түйінді сәттер», «Араның ұясы» белсенді оқу әдістерін қолдана отырып тапсырмалар орындау кезіндегі оқушылардың қаншалықты белсенді әрекет еткенін, қаншалықты жылдам түсінгенін, ауызша сұрақтарға кімдер тез жауап бергенін, тест жұмысын қаншалықты жылдам орындағанын, смарт мақсатқа жету кезіндегі жылдамдықтың ролін бағамдауда саралаудың «Қарқын» тәсілімен сараладым. -Қорытынды. Саралаудың «Қорытынды» тәсілі сабақтағы барлық тапсырманың орындалу барысын қорытындылау кезінде қолданылады. Смарт мақсатқа жету барысында барлық оқушыларға бірдей берілген деңгейлік тапсырмалардың түрлі деңгейде орындалуын талдауда, берілген тапсырмалардың неше тәсілмен шешкенін талдануда, қателердің түзетілуін, толықтырылуын барысын саралаудың «Қорытынды» тәсілімен сараладым. |
Бағалау сабақтың барлық кезеңіндегі тапсырмаларды орындау кезінде жүреді. Деңгейлік тапсырмаларды берілген дескриптор бойынша бағалауда «+»; «-» арқылы, сабақты қорытындылау кезеңінде «Егер 5 минутым болса» арқылы бағалау жүреді, ауызша сұрақтарда мадақтау арқылы бағалаймын, оқушылар өздерін және өзара бағалағанда қолмен бергі беру арқылы бағалау үдерісі жүреді.
|
Топпен жұмыста оқушылардың көңіл-күйіне, денсаулығына, орындықта дұрыс отыруларына, өмір қауіпсіздігіне мән беру, әр оқушының қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген