Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Квадрат теңдеулер

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні мұғалімдеріне арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алгебра 8-сынып


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.2А Квадрат теңдеулер

Мектеп: №115 Оразбай атындағы негізгі орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Садырбаева Клара Сламбековна

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Квадрат теңдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.1 Квадрат теңдеудің анықтамасын білу

Сабақтың мақсаты

- Квадрат теңдеу ұғымымен танысу;

- Квадрат теңдеудің түбірлерінің анықтамасын білу;

- Квадрат теңдеудің жалпы жазылу түрлерін білу.

Бағалау критерийі

- Квадрат теңдеу ұғымымен танысады;

- Квадрат теңдеудің түбірлерінің анықтамасын біледі;

- Квадрат теңдеудің жалпы жазылу түрлерін біледі.

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Теңдеу, квадрат теңдеу, дәреже, түбір;

Диалогтер мен жазу үшін қолданатын тіркестер:

-Квадрат теңдеудің түрлерін ата

- түріндегі квадрат теңдеудің оқылуы – ах квадрат қосу вх қосу с тең 0-ге;

- Неге толымсыз квадрат теңдеу деп аталады?

-Келтірілген квадрат теңдеу, ол қандай теңдеу?

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығы бойынша еңбек етуге және шығармашылыққа, өмір бойы білім алуға баулу

Пәнаралық байланыс

Квадрат теңдеудің шығу тарихына тоқтала отырып тарих пәнімен байланыстырамын

Алдыңғы білім

6-сынып. Теңдеу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин



5 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар қатысымын аламын да, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру арқылы топтарға бөлемін. «Бүгін - күн тамаша»

«Көршіңді тексер» әдісі бойынша үйге берілген тапсырманы дәптерлерін алмасып тексереді. Оқушылар бірін-бірі «Смайликтер» арқылы бағалау жүргізеді.

( жауап слайд арқылы)

«Серпілген сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтаймын. Бұл әдіс арқылы оқушылардың ойлау қабілеттері, сөйлеу дағдылары дамиды.

- Теңдеу дегеніміз не?

- Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не?

- Теңдеудің түбірі дегеніміз не?

- Теңдеуге мысал келтір

2х+6 =16; х-8 =12:

Бағалау «Басбармақ» әдісі арқылы жүргізіледі.





Слайд





слайд

Сабақтың ортасы

26 мин

«Миға шабуыл» 2х+6 =16; х²+5=21; х-8 =12: 3х²-4=31; х²+3х=27 мына теңдеулерден қандай айырмашылықтар көріп отырсыңдар, қандай теңдеулер бізге таныс ?

Бағалау оқушыларды ынталандыру мақсатында ауызша мадақтау арқылы жүргізіледі.

Ал балалар «Құпия хат» келді. Кәне хатты оқиық. «Квадрат теңдеулер ерте заманда, осыдан біздің заманымызға дейін 2000 жыл бұрын Вавилонда пайда болған. 1202 жылы итальяндық ғалым Леонард Фибоначчи квадрат теңдеудің формуласын берген. Тек 17 ғасырда ғана, Ньютон мен Декарттың арқасында ол формулалар қазіргі түрге енген. «Дискриминант» ұғымын ағылшын оқымыстысы Сильвестр ойлап тапқан. Көптеген терминдерді тауып енгізгені үшін ол өзін «Математикалық Адам» деп атаған.»

Топпен жұмыс.

«Джигсо» әдісін пайдаланып тақырыпты бөліп беремін. Берілген тапсырманы топ бірлесіп, талқылап жұмыс жасайды.

Оқушылар сабақты қаншалықты меңгергенін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалаймын.

І топ: (1) түрінде берілген теңдеу квадрат теңдеу деп аталады.

Мұндағы а, в, с нақты сандар. , х-айнымалы.

а - 1-ші коэффициент, в – 2-ші коэффициент, с бос мүше.

Егер (1) теңдеудегі болса, онда ол теңдеу толық квадрат теңдеу деп аталады.

Мысалы, 6

ІІ топ: В немесе с, немесе в мен с нөлге тең болатын дербес жағдайлардағы квадрат теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады.

Толымсыз квадрат теңдеулер былай жазылады.

1. , мұндағы с=0.

2. , мұндағы в=0.

3. , мұндағы в=0, с=0.

ІІІ топ: Егер толық квадрат теңдеудегі бірінші коэффициент 1-ге тең болса (а=1), онда ол келтірілген квадрат теңдеу деп аталады.

.

Мысалы: х²+4х+2=0; х²+3х+5=0

Оқушыларға саралап тапсырмалар беремін.

1-тапсырма «Кім жылдам» тәсілі арқылы оқушылардың ақпаратты қанша меңгергендігін саралаймын.

  1. а=-4, в=5, с=3

  2. а=6, в=-3, с=9

  3. а=7, в=2, с=-11 болғандағы квадрат теңдеулерді құр.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

- Квадрат теңдеуді құра біледі



- Квадрат теңдеу ұғымымен таныс;

- Квадрат теңдеудің коэфициенттерін ажырата біледі;

«Басбармақ» әдісімен бағалаймын.

2-тапсырма. «Конверттегі есеп» әдісі. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың бүгінгі сабақтағы меңгерген білу, түсіну, қолдану дағдылары дамиды. Оқушылар өрнекті түрлендіріп, квадрат теңдеуге келтіреді

(х+3)² - 4х² = х(х-5) теңдеуін түріне келтіріп, а, в, с-ның мәндерін анықта.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

- Теңдеуді түрлендіре алады;





- Квадрат теңдеудің анықтамасын біледі.



- Қысқаша көбейту формуласын біледі;

- Жақшаны аша біледі;

- Ұқсасмүшелерді біріктіре алады.

- Теңдеуді түрлендіру арқылы квадрат теңдеу түрінде жаза алады;

- Квадрат теңдеу коэфициенттерін анықтай алады.

«Смайликтер» арқылы бағалаймын

3-тапсырма «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі

а-ның қандай мәндерінде 17а²-23 және 34а-23 өрнектерінің мәні бірдей болады?

Бағалау критерийлері

Дескриптор

- Мәндес теңдеулер қасиетін қолданады;



- Теңдеудің мәнін таба біледі.



- Өрнектерді теңдеу етіп жазады;

- Мәндес теңдеулерді біледі;

- Теңдеулерді шешу жолын біледі;

- Теңдеуді шешу арқылы өрнектің мәнін табады.

Оқушылар бұл әдіс арқылы бір-бірімен жұптасып, ақылдасып, ойларын жинақтайды.

Топтар бірін-бірі «Смайликтер» арқылы бағалап отырады.

«Бұрыштар» әдісі бойынша жаңа сабақты бекітемін.

Мұғалім топтарға тарсырмалар береді, оқушылар өздері дұрыс деп тапқан жауаптардың қасына барып тұрады да таңдаған жауаптарын тұжырымдайды, өз қөзқарастарын дәлелдейді.

  1. Квадрат теңдеудің жалпы түрі;

  1. Толымсыз квадрат теңдеу;

  2. Келтірілген квадрат теңдеу;

  3. Сызықтық теңдеу

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Квадрат теңдеу үғымын біледі

  • Квадрат теңдеудің анықтамасын біледі;

  • Квадрат теңдеудің түрлерін ажырата алады;

  • Квадрат теңдеуді сызықтық теңдеуден ажырата алады.

Топтар бірін-бірі "Басбармақ" әдісі арқылы бағалап отырады.

Сабақтың соңында алған білімінің деңгейін анықтау үшін «Бағдаршам» әдісін қолданамын.

Оқушыларға жасыл, қызыл, сары түсті стикерлер беріледі. Оқушылар:

- сабаққа толықтай түсінсе, сенімді болса,

жасыл түсті көрсетеді;

- түсінуге жақын болса, аздау болса

сары түсті белгілейді;

- сабаққа мүлдем түсінбесе, сенімсіз болса қызыл түсті көрсетеді.

Слайд









Интербелсенді тақта

















Оқулық



«Бағдаршам»

(жасыл, сары, қызыл түсті стикерлер)





























Тапсырмалар жазылған парақша

















Конверт, есеп жазылған кеспе қағаздар































«Смайлик» стикерлері























Теңдеулер жазылған парақша, теңдеулер жазылған кеспе қағаздар























«Бағдаршам»

(жасыл, сары, қызыл түсті стикерлер)



Сабақтың соңы

7 мин

Өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін «Элективті тест» жүргіземін. Дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылаймын.

Бағалау

1. Толымсыз квадрат теңдеудің қанша түрі бар:

а) 5         ә) 3 б) 4

  1. 2. Квадрат теңдеулер қанша түрге бөлінеді

а)    3      ә) 5 б) 4

3. Теңдеуді шешіңдер: x2 + 2x = 0

а) 0; -2.           ә) 0.          б) -2. 

4.Теңдеуді шешіңдер: х2-64=0

а) ±8 ә) ±64 б) 8

Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту үшін БББ-кестесі бойынша кері байланыс жүргіземін

Білемін

Білгім келеді

Білдім






Үй тапсырмасы: №111, №117 есептің шартын түсіндіру

А, Ә, Б әріптері жазылған кеспе қағаздар














БББ кестесі


Алгебра оқулығы

8 сынып Алматы

«Мектеп» 2016 ж

А.Әбілқасымова

З.Жұмағұлов

А.Абдиев

В.Корчевский

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



«Серпілген сауал» әдісі арқылы оқушылардың өткен тақырып бойынша білім деңгейін анықтап, сабақты пысықтап отырамын. Сұрақтар қою арқылы тыңдайды, ұсыныс пікірлер айтады, ортақ шешім қабылдайды.

«Джигсо» әдісін саралау тапсырмаларында оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені білу мақсатында және жекелеген оқушыларға қолдау көрсететіндей жақын арадағы даму аймағын қалыптастыру үшін пайдаланамын. Тапсырманы жеңілден күрделіге дейінгі деңгеймен орындауға мүмкіндік жасаймын. Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде жүргізіп отырамын. Сабақ барысында орындалатын тапсырмаларды оқушылардың білім деңгейі мен қабілетіне қарай саралаймын.

"Кім жылдам?" әдісі арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятамын, оқушының мотивациясын көтеру мақсатында ынталандырамын. Оқушылардың тақырыпты қай дәрежеде меңгергенін тексеріп, білім деңгейін анықтап отырамын.

"Конверттегі есеп" әдісінде көмек қажет ететін оқушыларды диалог және қолдау арқылы үнемі ынталандырып отырамын.

"Ойлан-жұптас-бөліс" әдісі арқылы оқушылардың білу, түсіну, қолдану, талдау дағдыларын дамытамын. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойын еркін, жүйелі түрде түсінікті әрі нақты жеткізуге дағдыландырамын.

«Бұрыштар» әдісі арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдысы мен жылдам ойлау қасиеттері қалыптасады.

Оқушылар өздері дұрыс деп тапқан жауаптардың қасына барып тұрады да таңдаған жауаптарын тұжырымдайды, өз қөзқарастарын дәлелдейді.

«Джигсо» әдісі арқылы оқушыларды жан-жақты ойлануға, бірлесе жұмыс жасауға,сөйлеу қабілеттерін арттыруға, мұқият тыңдауға, өз ойын анық жеткізуге үйретемін. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында және білім деңгейлерін зерделеу үшін, жекелеген оқушыларға қолдау көрсету үшін бағалаудың «Басбармақ», «Бағдаршам», «элективті тест», «Смайликті» стикерелер, ауызша мадақтау әдістерін тапсырма барысында қолданып отырамын . БББ кестесі арқылы оқушылардан кері байланыс алып отырамын. Бұл әдіс арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін сыни бағалауға, өзінің танымдық ойы туралы ойлауын дамытуға және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Математика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасын сақтау, партада дұрыс отыруын,

денсаулықты сақтау технологияларын ескертемін.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.11.2018
503
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12