Сабақтың
тақырыбы:
«Квадрат теңдеулерді түбірлердің қасиеттерін қолдану
арқылы шешу»
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік:
«Квадрат теңдеулер»тақырыбы
бойынша алған білім мен біліктерін бекіту, квадрат теңдеулерді
түрлі әдістермен шеше білуге
дағдыландыру.
-
Дамытушылық:
оқушыларды шапшаң ойлауға,
тақырыпты тереңірек меңгеруге,
шешілу жолдарын таба білуге, мақсатқа жете білуге ұмтылдыру.
Квадрат теңдеулерді шешудің тиімді тәсілдерін таңдай білу
қабілеттерін дамыту.
-
Тәрбиелік:
Математикалық дәлдікке,
ұйымшылдықпен жұмыс жасауға тәрбиелей отырып, өз ойын еркін
жеткізуге, ой-пікірімен бөлісе
білуге,шығармашылыққа
ұмтылдыру.
Көрнекіліктер: Компьютер, интербелсенді
тақта;
Сабақтың
түрі: практикалық
Сабақтың
жоспары:
1.Ұйымдастыру бөлімі. Топқа
бөлу (2 мин)
2. Үй жұмысын тексеру. (7
мин)
3. Қайталау сұрақтары.
(3)
4. Ауызша есептер.
(3)
5. Топтық жұмыс. (7
мин)
6. Оқулықпен жұмыс. (9
мин)
7. Тест жұмысы.(7
мин)
8. Ең басты қазына - ....
(9
мин)
9. Қорытынды. (2
мин)
10. Үйге тапсырма. Бағалау. (2
мин)
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу,
түгелдеу.
Бүгін квадрат теңдеулерді
шешудің әр түрлі тәсілдерін қарастырамыз және осы тақырып бойынша
алған білімдеріңізді қайталап, пысықтап, шығармашылықпен жұмыс
жасаймыз.
II. Ой толғау сәті
.
Осы уақытқа дейін алған
білімімізді пысықтау үшін және өзіндік жұмысын орындауға дайындалу
үшін өткен тақырыптарды қайталап, не білетінімізді еске түсіріп
төмендегі сұрақтарға жауап берейік. Тақтада екі оқушы үй жұмысын
көрсетуге шығарылады.
ІІІ. Пысықтау
сұрақтары:
-
1. Квадрат теңдеу дегеніміз
не?
-
2. Квадрат теңдеудің қандай
түрлерін білесіздер?
-
3. Квадрат теңдеуді шешудің
қандай әдістерін
білесіздер?
-
4. Виет теоремасы қандай
теңдеуге арналған?
Тұжырымдамасы?
-
5. Келтірілген квадрат теңдеу
дегеніміз не?
-
6. Толымсыз квадрат теңдеу
дегеніміз не?
-
7. Квадрат теңдеу
түбірлерінің саны неге
байланысты?
ІV. Түсіну. Ауызша
есептер
-
Теңдеулер
ішінен «артығын»
табыңыздар:
1)2х²-х=0
1)х²-6х+5=0
2)х²-16=0
2)9х²-6х+1=0
3)4х²+х-3=0
3)х²+х-2=0
4)2х²=0
4)х²+7х+12=0
2. Қателік табуға
қалайсыздар?
1) х²=0
2) 4у² – 5у
=0
3) х²+81=0
х=0
у(4у-5)=0
х=±9
Жауабы:0
у=0 немесе
4у-5=0
Жауабы:±9
у=0 4у=5
у=1
;
Жауабы:0; 1
;
V. Қолдану. Топтық
жұмыс.
Қайталау
арқылы есімізге толық түсірдік, енді осы білімдерінізді есептер шығаруда қалай қолданатындарыңызды
байқайық. Бір
есепті әр
топ әр
түрлі тәсілмен шығару керек. Ақылдасып шығарып, шешуін талдап, бір-біріңізге түсіндіру қажет. Сосын әр топ тақтада өз шығару
жолын қорғауы керек.
х²-4х+3=0 теңдеуін шешіңдер.
1.
Екімүшенің квадратын айырып алу
әдісімен
2.
Формула арқылы шешу
тәсілімен
3.
Виет теоремасын қолданып (қай тәсіл ыңғайлы екенін оқушылар қорытындылап беру керек)
VІ. Талдау.
Оқулықпен жұмыс
Топтарға тапсырма беріледі, шешуін тақтаға бір оқушыдан шығып көрсетеді.
1-топ
2-топ 3-топ
№ 157 № 162
(3)
№ 165
VІІ. Жинақтау. Оқушылардың өзіндік жұмысы.
Тест жұмысы 2 нұсқада беріледі. 5-минутта орындап, бір-бірінің
жұмысын оқушылар тексереді. Жауабы слайдта
1-нұсқа
1.Квадрат
теңдеуде а коэффициентін
анықтаныздар.
7х –
5 – х² =
0
А)
-1
Ә)-41 Б)
-5
В)
7
2.7х²-19х+4=0 теңдеуінің
түбірлерінің қосындысы неге тең?
А) 4/7;
Ә)
–4/7; Б)
–19/7;
В)
19/7.
3.Теңдеуді шешіңіздер:
х²-0,09=0
А)
0,03
Ә)-0,3;0,3
Б)-0,03;0,03
В) шешімі
жоқ
4.Теңдеуді шешіңіздер: 3х²
-8х+5=0
А) -1
;3
Ә)-1;-1 Б)
1; 1
В) шешімі
жоқ
2-нұсқа
1.Квадрат
теңдеуде в коэффициентін
анықтаңыздар:
6+2х²-8х=0
А)
6
Ә)
-8 Б)2
В)8
2.5х²+17х-6=0 теңдеуінің
түбірлерінің қосындысы неге тең?
А)6/5 Ә)-6/5
Б)-17/5
В)17/5
3. Теңдеуді шешіңіздер:
4х²-2х=0
А) 1;
2
Ә) 0;
2 Б) 0;
В) 0;
0,5
4.Теңдеуді шешіңіздер:
х²-7х+12=0
А)
-4;3 Ә)4;-3 Б)-4;-3 В)
4;3
Тест жұмысының
жауаптары.
1-нұсқа 2-нұсқа
-
1. А 1. Ә
-
2. В 2. Б
-
3. Ә 3. Б
-
4. Б 4. В
VIII. Енді балалар, «Ең басты
қазына» не екенін білу үшін мынадай жұмыс жасаймыз. Мына мақалдар
ішіндегі екі сан есім квадраттық теңдеудің түбірлері деп есептеп
квадраттық теңдеу құру керек және дана сөзді табу
керек.
-
Алтау ала болса ауыздағы
кетеді, төртеу түгел болса төбедегі
жетеді. (Б)
-
Жеті жұрттың тілін
біл, жеті түрлі білім
ал. (І)
-
Білімді
мыңды жығады,
білекті бірді жығады.
(Л)
-
Ұлға
отыз үйден,
қызға қырық үйден
тыю. (І)
-
Бір тал
кессең, он
тал ек
(М)
-
-
-
|
І
|
х2
-14х + 49
= 0
|
|
М
|
х2
-11х + 10
= 0
|
|
І
|
х2
-70х +
1200 =
0
|
|
Б
|
х2
-10х +24
= 0
|
|
Л
|
х2
-1001х
+1000 =
0
|
ІХ.
Қорытынды .
Сабағымыз аяқталуға жақындады.
Өз білімдерінізді көрсеттініздер және шығармашылықпен жұмыс
жасадыңыздар. Ал енді мен сіздердің бүгінгі сабақ туралы
пікірлерінізді білгім келеді. Мына сұрақтарға жауап
берсеңіздер:
- Сіздерге сабақ ұнады
ма?
- Қандай
қиыншылықтар болды?
X.
Бағалау. Үйге тапсырма. № 156
(тақтары)
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
«Қазақ ұлттық хореография
академиясы» КАҚ
Квадрат теңдеулерді
түбірлердің қасиеттерін қолдану
арқылы шешу
Өткізген: математика пәні
мұғалімі
Махадилова
Қ.М.
АСТАНА
2016