Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Квадрат үшмүше

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Квадрат теңдеулер

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Квадрат үшмүше

Cабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгеру сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.3 квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу;

Сабақ мақсаттары

Оқушыларды квадрат үшмүшенің көбейткіштерге жіктелу коэффициенттерін анықтау білуге, есептер шығаруда қолдана білуге қалыптастыру.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Келтірілген квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктей біледі;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу алгоритмін сипаттайды;

  • квадрат үшмүшенің көбейткіштерге жіктелу коэффициенттері мен оның түбірлерінің арасындағы байланысты түсіндіреді.

- квадрат үшмүше;

- квадрат үшмүшенің түбірі;

- квадрат теңдеу;

- екінші дәрежелі теңдеу;

- толық және толымсыз квадрат теңдеулер;

- келтірілген квадрат теңдеу;


Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау

АКТ қолдану дағдылары

Drfrostmaths.com сайты

Презентация

Бастапқы білім


Квадрат теңдеулерді шешу, квадрат теңдеулердің түбірін формула арқылы және Виет теоремасы арқылы табу. Көпмүше ұғымы. Көбейткіштерге жіктеу дағдысы.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет


Ресурстар

Басталуы


0-3 мин






1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеп, сынып тазалығы мен қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Үйге берілген тапсырманы тексеру, оқушыларға ауызша кері байланыс ұсыну, кателіктердің пайда болу себептерін анықтау.


2. Сабақ мақсатын қою

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстырғаннан кейін, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері оқушылармен бірге қорытылады.

Үй тапсырмасы






Презентация слайд 1-2



Сабақтың ортасы

3-10 мин














10-25 мин


















25-30 мин




























30-38 мин

Ой түрткі

Оқушыларға көпмүшені көбейткіштерге жіктеу әдістерін қайталауды келесі мысалдар арқылы ұсыну.

Мысалы:

1. (Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару)

2. (Қысқаша көбейту формуласын қолдану)

3.

(Топтастыру әдісімен)


Енді түріндегі квадрат үшмүшені қалай көбейткіштерге жіктеуге болады? Оның көбейткіштерге жіктелмейтін жағдайы бола ма? сұрақтары қойылады.


Жаңа тақырыпты түсіндіру

Айталық түрінде жіктелсін. Сонда,

Осыдан, , ал .

Мысалы: квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеу үшін, қосындысы 3-ке, ал көбейтіндісі 2-ге тең болатын екі санды тапсақ болғаны. Олар 2 мен 1.

Сөйтіп,


Оқушыларға қолдау ретінде үшмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін келесідей бос орындарды толтыру ұсынылады:

30-дың бөлгіштер жұптарын қарастырыңыз, олардың ішінен қосыныдысы/айырмасы -1 болатынын таңдап алу керек. Сонда


Бекіту

Оқушыларға осындай түрдегі бірнеше мысалдар ұсынылады.

10 санының бөлгіштер жұбы:


10 санының бөлгіштер жұбын таңдай отыра, дұрыс жауап табылады. Сонда болатынын көруге болады.

Осыдан кейін оқушыларға теңдеуін шешу ұсынылады. Теңдеудің сол жағы -ке тең екенін қолдана отыра, деп алсақ, онда немесе болады. Осы жерде оқушылардан квадрат үшмүшенің түбірлері мен оның көбейткіштерге жіктелуінің арасындағы байланысы жайлы сұралады.


болатынын байқауға болады, мұндағы мен – квадрат үшмүшенің түбірлері. Осыдан, квадрат теңдеуді көбейткіштерге жіктеу әдісімен де шешуге болатынын айтып өтуге болады.


Жеке жұмыс

Оқушылар келтірілген квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу дағдыларын тапсырмалар орындау арқылы қалыптастырады.



Қолданбалы тапсырманы орындауды ұсыныңыз.

Кинотетр залында бір қатарында (x>5) орындықтан орналасқан, барлығы орындық бар. Барлық орындық неше қатарда орналасқан? (Жауабын өрнек түрінде жазыңыз)


Дескриптор: Білім алушы:

  • қатардың санын есептеу үшін алгебралық өрнек құрады;

  • квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу формуласын қолданады;


Презентация слайд 3-4














Презентация слайд 5

















Презентация слайд 6


























Презентация слайд 7





Презентация слайд 8



Сабақтың соңы

38-40 мин

Үйге тапсырма: Үй тапсырмасын дидактикалық материалдан мұғалімнің өзінің қалауымен беру

Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • ӨShape2 зіңнің бүгінгі сабаққа қатысыңды бағалап, берілген фигураларды таңда.

Shape3 Мен сабаққа өте жақсы қатысып, тапсырмаларды толық орындадым.

Мен бүгінгі сабаққа жақсы түсініп, қатысып отырдым.

Shape4 Мен жақсы талпындым, бірақ бәрі ойдағыдай емес.

Shape5 Менің бұдан да жақсы дайындалуыма болады

Shape6

Мен бүгін сабаққа араласпадым

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады


Презентация слайд 9


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.


Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
763
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12