400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Квадраттық функция. Мәтінді есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

8.3В Квадраттық функция


Мектеп: №4 Тілеміс батыр ЖББМ


Күні: 20.02.19 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Садыбекова К.А.


Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтін есептерді шығару

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.3

қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану;

8.4.3.1

есеп шарты бойынша математикалық модель құру;

Сабақ мақсаттары

Мәтінді есептердің шарттарын математикалық тілге аудару;

Қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану және есеп мәтініндегі шарттардың нәтижелерін түсіндіру білу;

Бағалау 

критерийлері

-квадраттық функцияның қасиеттерін біледі;

-квадраттық функцияны қолданбалы есептерді шығару үшін қолданады;

-есептің шарты бойынша математикалық модельді құрады;

-математикалық модельдерді тексереді.

Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

- функциялардың графиктерін салу алгоритмін сипаттайды;

-коэффициенттеріне байланысты квадраттық функциялардың графиктерінің орналасуын пайымдайды;

Бөлім бойынша лексика және терминология

- - квадраттық функция;

- парабола;

- парабола төбесі, парабола тармақтары;

- графикті симметриялы бейнелеу;

- х осімен сығу;

- х осімен созу;

- оңға жылжыту, солға жылжыту.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- парабола тармақтары ... бағытталған;

- график Ох осінен ... (жоғары, төмен) орналасқан;

- квадраттық функцияның графигі Оу осін ... (жоғары, төмен) қиып өтеді, себебі ... 0-ден ();

Құндылықтарды дарыту




Қоршағандарды және өз-өзін құрметтеу.

Бір-бірімен сәлемдеседі.

Патриотизм және азаматтық жауапкершілігі.

Үштілдікті қолдану. Өз өнімді шығару және экономиканы дамытуға үлес қосуға дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Физика, сызу

АКТ қолдану дағдылары

www.desmos.com/calculator, интербелсенді тақта

Бастапқы білім


«Функция», «аргумент», «функция графигі», «функцияның анықталу облысы», «функцияның мәндер жиыны» ұғымдарын білу; квадрат теңдеулерді шеше білу; функциялар графиктерін салу дағдылары, соның ішінде у = ахфункциясының графигі

.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

































I Ұйымдастыру кезеңі: 

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Сабаққа қажетті құрал жабдықтарын даярлауды сұрау.

Психологиялық ахуал: ортаға қол созып, бір-біріне тілек айтады

Оқушыларды үш топқа бөлу мақсатында оқушыларға карточкалар таратылады. Оқушылар таңдап, алады және сурет бойынша анықтап, функциялар бойынша:

Бірінші топ «c<0»;

Екінші топ « »;

Үшінші топ « ».

Жеке жұмыс.

«Миға шабуыл» сын тұрғысынан ойлау стратегиясы арқылы сабаққа назар аудару

Қасиеттерін жазу






Дескрипторлар:

  1. Функцияның қасиетін қолданады:

  2. Функцияның төбесінің координаталары бойынша формуланы жазады.


Карточкалар

Қосымша№1

Слайд №1































Cабақтың ортасы



Жұптық жұмыс.  Физикалық есептерді квадраттық функцияның қасиеттерін қолдану арқылы шығару.

Жұптар бір-бірімен талқылауға және көмектесуге мүмкіншілік беріледі.


Тапсырма 1.

Есеп. Допты тігінен жоғарыға лақтырылған. t (с) –уақыттың h (м) биіктігіне тәуелдігі h = – 5t2 + 10t + 1,5 заңдылықпен сипатталады. Доптың ең жоғары көтерілу биіктігін табыңыз.


Тапсырма 2.

Есеп. Тас тігінен жоғарыға лақтырылған. Тас жерге түскен ше h(t) = – 5t2 + 39t –заңдылықпен сипатталады, мұндағы h-биіктігі, лақтырылған мезеттегінен t-секундтағы уықыт. Тас неше секунд 28 метерден кем биіктегенде болды.


Дескрипторлар:

  1. Есептің шарты бойынша алгебралық өрнектерді және формулаларды дұрыс қолданды;

  2. Математикалық модельді дұрыс түрлендіреді;

  3. Жауап дұрыс табылған;

  4. Модельдің адекваттылығы дұрыс тексерілді.




слайд

Сергіту сәті


Көзге, мойынға гимнастика





Сабақтың соңы




Сәйкестендір жеке жұмыс

Слайд

Үлестірмелі қағаз


Рефлексия

мен сабақты қалай игердім

Бүгін мен сабақта мынаны игердім:

Мен сабақтың бұл бөлігіне сенімдімін:

Бұл бүгін мен үшін сабақтың ең қиын бөлігі болды:

Бұл қиын болды, себебі:

Топтық жұмыс кезінде (өзінізді бағалаңыз):

Мен мұқият тыңдадым 0 1 2 3 4 5

Мен біреуді маған түсіндіруді сұрадым

0 1 2 3 4 5

Мен неліктен келіспейтіндігімді түсіндірдім

0 1 2 3 4 5

Мен неліктен келісетіндігімді түсіндірдім

0 1 2 3 4 5

Мен өз дәлелдерімді келтірдім

0 1 2 3 4 5

Үйге тапсырма: Математикалық модельдеу арқылы шешілетің тәжірибе есепті құрастырыңыз.


Слайд


















Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?  Қабілеті жоғары оқушыларға қандай  міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалдымеңгеру деңгейін 

қалай тексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы 





Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшінпайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағандаберілген сұрақтарға жауап беріңіз


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


















1/ (0;0) парабола төбесі(2;4) және (-2;4) қосамыз парабола

2/ (5;4) ж/е (-5;4) қосамыз

3/ (5;5) ж/е (-5;5) қосамыз

4/ (0;6) (2;5) ж/е (-2;5) қосамыз

5/ (-1;1) ж/е (-5;-1) қосамыз

6/ (1;1) ж/е ( 5;- 1) қосамыз

7/ ( 0,5;1) ж/е (-0,5;1) қосамыз

8/ (0;1,5) (0,5:2,5) (-0,5;2,5) парабола

9/ (-1;2,5) (-1;3) қосамыз

10/ (1;2,5) (-1;3) қосамыз

11/ ( -1;3,5) (-1,5;3) (-0,5;3) парабола

12/ ( 1;3,5) (1,5;3) (0,5;3) парабола





Математикалық сауаттылық

. Үш жүкті тасуға 948мың теңге төленді.Салмағы 14т бірінші жүк 30км, салмағы 15т екінші жүк 40км, ал салмағы 16т, үшінші жүк 35км қашықтыққа тасылды.Әр жүкті тасуға қанша ақша төленді?

Шешуі: Барлығы:

14∙30=420

15∙40=600 => 420+600+560=1580

16∙35=560

1т/км құны: 948000/1580=600

Әр жүкті тасуға жұмсалған ақша: 1) 420∙600=252000

2)600∙600=360000

3)560∙600=336000











y= x2 y=-x2

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
5335
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі