Материалдар / Квест-ойын « Қазақстанда жасалған»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Квест-ойын « Қазақстанда жасалған»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған ашық шараның жоспары. Шара Қазақстан тәуелсіздігіне арнап өткізілген. Ойын барысында оқушылар 2 топқа бөлініп, жасырын тапсырмаларын орындап, мәреге жетуге тырысады. Ойын барысында оқушылар, өткен материалдарды дәстүрлі емес формасында қайталап бекітеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
815
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Квест – игра. « Қазақстанда жасалған»



Мұғалім: Құрметті ас қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 28 жыл болып қалыпты, яғни осындай тамаша мерекемізді Тәуелсіздік күнін тойлағалы отырмыз.

Сол себепті бүгінгі ойынымызды бұл керемет мерекемізге арнаймыз.


Армысыңдар, қонақтар, ұстаздар!
Құрметпенен қол соғар сендерге балалар!
Бәстеседі бүгін олар,
Түрліше ойын ойнап, 
Ой - өрісін дамытып!


1 Жүргізуші:

Армысыңдар, мұғалімдер, әз жандар, 
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

 Ойын ойлап та, ән де бүгін шырқалар!

2 Жүргізуші:

Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,

Ойланайық, жарысайық, ойнайық,

Тәуелсіздік күнін қарсы алайық!

«Қазақстанда жасалған» тақырыбыңдағы квест ойынды бастайық!


1 Жүргізуші: 

Құрметті қауым, балалар! Ойыншыларымызбен тапсырмаларды орындауының бағалау үшін қазыларды шақырдық.


2 Жүргізуші: 

Қазылар құрамына мектебіміздің мұғалімдері ...., ...., .... , кіреді. Қазылар үш тұрақ бойынша жұмысты бағалайды, ойынның соңында, жеңімпаз командасын таңдайды.


1 Жүргізуші: Бүгін, балалар, сіздерге квест ойынды ұсынамыз.

Ол үшін біз 2 топқа бөліндік: «Жұлдыз» және «Пырақ». Бұл ойында, сіздерге, 5 тұрақтан өту керек, 5 тұрақтың жасырын тапсырмаларын орындау қажет.



2 Жүргізуші:

Әр тұрақтың тапсырмаларын дұрыс орындасаңыздар, сіздерге келесі тұраққа жолдаманы алуға мүмкіндік беріледі. Қай топ тапсырмаларды тез орындап келеді, бұл топ біздің ойынның жеңімпазы болып шығады.

Құрметті ойыншылар, сіздерге отырған көрермендерден, 2 көмек алуға болады. «Қазақ тілі мұғалімнің көмегі», «көрерменнің көмегі»


1 тұрақ Орынбор, (Қызылорда).

-----------------------------------------------------------------------------------------------

1 Жүргізуші: 

Бірінші тұраққа бару үшін, әр топтың командиры маған келіп бағалау парақтарын алыңдар.


2 Жүргізуші: 

1-ші тұрақтың атауын анықтау үшін, Қазақстанның бұрыңғы астаналарының атауларын берілген буындардан құрастырыңдар .

Астананың атауы сіздердің бірінші турақтың атауы болады.


Жүргізүшілер ойыншыларға:

1, 2 Жүргізуші: Сонымен сіздердің 1- тұрағыңыз Орынбор, (Қызылорда). Тұраққа барайық.

Тұрақтың тақырыбымен танысайық: (тема остановки) Қазақтанда шығарылған.

1, 2 Жүргізуші:

-Бұл не? ( «Қазақстанда жасалған» брендттің фотосын көрсетеді)

- Брендтің атауын аударып, брендке сай тауарларды (заттарды) табыңдар.

Бұл үшін «Қарлыкесек» ойынды қолданамыз. Тауардың атауын дұрыс анықтап, айту керек. Әр тауардың атауына 1 ұпай беріледі. «Қарлы шар» ойыны бойынша ең жоғары ұпай көрсеткіші – 6 ұпай.

(ноутбуки, презентация «қарлы кесек»)

1, 2 Жүргізуші: Сонымен неше ұпай жинадыңыздар? Бағалау парақтарымызға жазып алайық.



2 тұрақ әнұран, елтаңба.

---------------------------------------------------------------------------------------------

1, 2 Жүргізуші: Келесі тұрақтың атауын анықтау үшін, берілген сандардан тарихи датаны тауып алу қажет. Тарихи күннің датасын дұрыс анықтасаңдар, оларға сәйкес келесі турақтың атауын тауып аласыңдар.

Табылған 1991 (гимн -), 1612 (герб -), сөздерін аудару қажет. ( әнұран, елтаңба)

Жүргізүшілер ойыншыларға:

1, 2 Жүргізуші: Таптыңыздар ма? Сонымен сендердің 2-нші тұрақтарың Әнұран, (Елтаңба). Тұраққа барайық.


2-нші тұрақтың тақырыбы (тема остановки) Жарнама

Тапсырмамен танысайық: Берілген заттарға ( тауарларға) жарнама жасап, жариялау қажет. Тауардың бір түрін таңдап алыңыз, оған постер жасап, жарнама жасаңыз. Жарнаманы жасау сіздердің үй тапсырмаларыңыз да болды. Бауырсақ, қымыз, құрт, қазы.

1, 2 Жүргізуші: (балаларға: ) Болдыңдар ма? Болсаңыздар жарнаманы қазыларға барып көрсету керек. Қазыларға барайық!


3 тұрақ Бұлбұл, бесік.

---------------------------------------------------------------------------------------------------

1, 2 Жүргізуші: Келесі тұрақтың атауын анықтау үшін берілген мақалдардың жалғауын тауып алу қажет.

Отансыз адам, ормансыз .... () бұлбұл

Туған жерім – алтын ..... () бесік

Таптыңыздар ма? Сонымен сіздердің 3-нші тұрағыңыз Бұлбұл, (бесік).Тұраққа барайық.



1,2 Жүргізуші: 

Экранда жазу:

«Қазақстанда жасалған» ұғымы – кең ұғым. Оған еліміздің тарихын, мәдениетін жатқызу болады. Өйткені, мәдениетіміз де, тарихымыз да «Қазақтанда жасалған». Сонымен ІІІ тұрақтың тақырыбы «Атақты тұлғалар»

Тұрақтың тақырыбы (тема остановки) «Атақты тұлғалар»

1,2 Жүргізуші:  Тапсырмамен танысайық: (читает) Қазақстанның атақты тұлға туралы мәтін құрастыру қажет. Ол үшін постер жасап, қазыларда қорғайсыздар. Көмек керек болса, көмекті сұрауға ұмытпаңыз. (Можно просить помощь)

Составить постер о известной личности. Идут к жюри, защищают постер. Получают баллы.

1,2 Жүргізуші: 

Бұл кім? (тұлғалардың фотоларын көрсетеді) (1топ- Мұқағали Мақатаев, 2 топ- Бердібек Соқпақпаев)

Ол тұлғаға сәйкес сөздерді, шығармалардың атауларын, өлеңдерден үзінділер таңдап алыңыздар.

1, 2 Жүргізуші: (балаларға:) Постерді қазыларға барып қорғау керек. Қазыларға барайық!




4 тұрақ Тусау кесу, бесікке салу

---------------------------------------------------------------------------------------------------

1, 2 Жүргізуші: Келесі 4-нші тұрақтың атауын анықтау үшін, суреттегі салт-дәстүрінің атауын анықтаңыз. ( Тусау кесу, бесікке салу).

Бұл суретте не бейнеленген? Йә 1топ - «Тусау кесу», 2 топ «Бесікке салу»

Сонымен сіздердің 4-нші тұрағыңыз Тусау кесу, (бесікке салу). Тұраққа барайық.

1, 2 Жүргізуші:

Экранда жазу: «Қазақстанда жасалған» деп еліміздің тарихын, дәстүрлерін, мақалдарын, ырымдарын да дейміз. Сондықтан бұл тұрақтың тақырыбы: «Қазақтанды білесің бе?»

Тұрақтың тақырыбы (тема остановки) «Қазақтанды білесің бе?»

1, 2 Жүргізуші:

Бұл тұрақ - лот аукцион ойын түрінде жүргізіледі. Сендерге 15 сұрақ ішінен 6 ғана сұрақ шешу керек. Жинап алған ұпайларыңды жазып алуға ұмытпаңыздар.

1, 2 Жүргізуші: Келесі тұрағымыздың атауы экранда: Ән шырқаймыз..

1, 2 Жүргізуші: Ән шырқаймыз тұрағына барайық.



5 тұрақ Ән шырқаймыз

----------------------------------------------------------------------------------------------

: 1 Жүргізуші:

Біздің халық өнерге мол, бай тегі,

Әнші деп те, күйші деп те айт оны.

Әнге сенің қанша икемің бар екен,

Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді?



2 Жүргізуші: Сонымен, келесі соңғы « Ән шырқаймыз» деген тураққа келдіңіз, құттықтаймыз! Сіздерге жеребе бойынша бір ән айту керек.

(возле сцены) по жребию вытягивают название песни, которую надо исполнить. «Дастарқан-ау»,)

1, 2 Жүргізуші: Сөйтіп, бірінші болып, .... командасы, .... (әннің атауы) шырқайды! Тамашалайыйқ! Ду қол шапалақ!

1, 2 Жүргізуші: Екінші болып, .... командасы, .... (әннің атауы) шырқайды! Тамашалайыйқ! Ду қол шапалақ!



  1. Жүргізуші:

Өнеріміз сайыста, жетелейді алысқа. Бүгінгі күннің жеңісі, достық болып қалуда дей - келе қортынды сөзді әділқазылар алқасына береміз.

1 Жүргізуші:

Демеңіз, біз өнерді аяп қалдық,

Мезгілде біраз жерге таяп қалдық.

Қош болып тұрыңыз көріскенше,

Осымен сайысымыз аяқталды.


Сонымен біздің ойын-шарамыз аяқталды,

Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!