Материалдар / Kвест ойыны 5-6 сынып оқушыларына арналған
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Kвест ойыны 5-6 сынып оқушыларына арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал педагог ұйымдастырушыларға, мектеп аға тәлімгерлеріне , сынып жетекшілеріне қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2021
821
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КВЕСТ

«БОМБА»

Мақсаты: Топта нәтижелі жұмыс істеуге үйрету, ортақ мақсатқа жетуге дағдыландыру.

Ойын ережесі: Бес аялдамадан тұрады. Әр аялдаманың тапсырмасы және ойын ережесімен танысқан жауапты адамдар болады. Ойын кітапханадан басталады. Ойын басталмас бұрын балалардың қолдарына жұмбақ жазылған парақ беріледі. Жұмбақтың жауабындағы зат кітап сөрелерінде орналасқан. Жұмбақтың жауабын тапқан топтар картаға да ие бола алады.

ЖҰМБАҚТАР

1)Бұрасаң тетігін,
Соғады жүрегі,
Өлшемін түн мен күн,
Әркім-ақ біледі.

2)Есiгi жоқ,
Тесiгi жоқ,
Ақ доптың iшiнде,
Несiбе көп.

3)Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.

4)Қызыл күлше тау асады,
Ыстық нұрын шашады.

5)Ұқсайтын шеңберге
Қабырғасы жиылып, керіледі,
Жиһазы мол кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді.

Әр аялдама тапсырмасын толық, топ болып орындауы керек. Аялдамада әр топқа тапсырманы орындауына байланысты 2-5 ұпай аралығына дейін бағаланады.

1.Алақан party: балалар ватман және түрлі түсті гуашь пайдалана отырып, алақандарымен сурет салады. Балалар жәй алақанның суретін салып қоймай, топтың бетке тұтар газетін шығару керек. Бұл жерде тек алақан және саусақтың көмегімен салады. Аялдама уақыты 7 минут.

2.Energizer: клуб аялдамасы. Балаларға экранда көрсетіліп тұрады. Балалардың бар энергиясын оятып, қызықтыра түседі. Мұнда балалар экрандағы қимылдарды топтан қалмай жылдамдықпен, бұлжытпай орындап, қайталау керек. Аялдама уақыты 7 минут.

3.Караоке: бала қызығатын, демалатын, шаршағанын басатын аялдама. Төмендегі тақырыптың бірін таңдап, әнді топпен орындау қажет. Аялдама уақыты 7 минут.

1)Серік Ибрагимов- «Жаяу» әні

2)Әлжаппар Әлқожа – «Әке-ана» әні

3)Қуандық Рахым - «Мен- қазақпын» әні


4.Спорт: аялдамасында көңілді, топ болып бірігіп жасайтын спорттық ойындар ойнатылады. Аялдама уақыты 7 минут.

1) football сөзінің аудармасы

2) Волейбол ойының құрамында неше адам болады

3) Гимнастика сабағында қандай кішкене доптардың түрлерін қолдануға болады?

4) Ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанған қазақ спортшысы?

5) Сидней олимпиадасында әйелдер арасында жүгіруден жеңімпаз атанған олимпиада чемпионы кім?

6) Қазақтың атын шығарған тұңғыш гимнаст қыз?

7) Әлемге әйгілі қазақ балуаны, биыл оған 150жыл толды?

8) Отырып-тұру жаттығуын, шеңберді айналдыру жаттығуларын орындау.


5.Логика: аялдамада қима қағаздар, қайшы, карта, пластилин, клей, қатты коробка т.б. қоқыс заттарды қолдану арқылы макет құрастыру. Аялдама уақыты 7 минут.

Тапсырмалары:

  1. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар?

  2. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны 10. Аулада неше тауық,неше бұзау болуы мүмкін?

  3. Ағашүстінде 100 торғай отырады.Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады ?

  4. Что нужно делать, когда видишь зелёного человечка?

  5. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар?

  6. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?

  7. Қосарланып жегілген үш ат 1 сағат ішінде 14 км жол жүреді.Осы уақыттың ішінде 1 ат қанша жол жүреді?

  8. Как правильно говорить: «не вижу белый желток» или «не вижу белого желтка»?

  9. Қандай санның жазылуында қанша әріп бар болса сонша цифр бар ?

  10. Если в 12 часов ночи идет дождь, то можно ли ожидать, что через 72 часа будет солнечная погода?

  11. Тек 6 цифрын 3 рет пайдаланып 30 санын өрнекте.

  12. Егер 6 тонна алманы 3 кг-дық пакеттерге орау керек болса, қанша пакет қажет?



Барлық аялдамадан бірінші болып өтіп келген топ кітапханадағы тапсырмаларды орындайды. Әр топқа 5 әріптен тұратын сөздің әр әрпі әртүрлі қатарда, әртүрлі кітапта жасырынған. Ең бірінші болып сөзді құрап шыққан топ жеңіске жетеді.









































Саржансай ЖООБМ



К в е с т

«Бомба»















Өткізген: «Жас Ұлан» балалар ұйымы








2020-2021 оқу жылы



К в е с т «Бомба»



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!