Ж.Молдағалиев
атындағы №2 жалпы орта білім беретін
мектеп
«Квест»
Тақырыбы:
«Оқушыларға
адамгершілік-жыныстық тәрбие беру
бүгінгі күннің талабы»
Өткізген:
әлеуметтік педагог Кенжалиева Н.Э.
13.03.2018
Тақырыбы:
«Оқушыларға
адамгершілік-жыныстық тәрбие беру
бүгінгі күннің талабы»
Ұйымдастыру
кезеңі.
Құрметті
әріптестер, біз білеміз, әлеуметтік
педагогтің жұмысы бірнеше бағыттан
тұрады. Соның бірі бүгінгі семинардың
тақырыбы «Оқушыларға адамгершілік-жыныстық
тәрбие беру бүгінгі күннің талабы». Осы
тақырыптың символы мына ұл мен қыз.
Бәріңізді ортаға шақырамын. Егер бұл
тақырып сіздер үшін қиын болса, символдан
алшақтау тұрасыз, ал егер осы тақырып
қиындық тудырмаса символға жақынырақ
тұрасыз. Ал кәне бастадық.
Енді
осы арақашықтық бойынша әркім өзінің
пікірін 1 сөйлеммен айтып шығу керек.
Жалпы бұл тақырып біреуге қиынырақ, ал
біреуге жеңіл болуы мүмкін. Осы жөнінде
неге қиын, неге жеңіл деп ойлайсыз.
Топқа
бөлу.
«Сақина»
әдісі. Жарайды,
рахмет. Енді топқа бөлінейік. Топқа
бөліну үшін «Сақина» әдісін пайдаланғым
келіп тұр. Ол үшін бәріміз дөңгелене
бір бірімізге қарама-қарсы тұрып алайық.
Мен қазір қанша рет шапалақтасам, сонша
адам бірігеді. Сөйтіп өзіме қажетті
топты шығарғанша жалғастыра береміз.
Түсінген болсақ, бастайық. 2,3,6,4,5,8... (4
топқа бөлінеді)
Топтық
жұмыс.
«Автобус
аялдамасы» әдісі.
Керемет, сонымен бізде 4 топ құрылды.
Ендігі кезек «автобус аялдамасы» атты
топтық жұмыс. Алдарыңыздан 4 аялдаманы
көріп тұрсыз.
1
топ 1ші аялдамаға жақындаңыз, келесі
2ші топ 2ші аялдамаға, 3ші топ 3ші аялдамаға
және 4ші топ 4ші аялдамаға қарай барыңыз.
Өздеріңіз көріп тұрғандай әр аялдамада
сұрақ дайындалған, сол сұраққа топпен
ақылдаса отырып, жауап жазасыз. Мен
шапалақ ұрғаннан кейін жұмысты тоқтатып,
сағат тілімен келесі аялдамаға жылжисыз
да, сол аялдамадағы сұраққа жауап
жазасыз. Сөйтіп жалғасады. Әр топ өз
аялдамасына кері айналып келген соң
аялдамасындағы сұрақты қортындылайды.
Постерларды тақтаға іліп, презентациялайды.
Постердағы
сұрақтар:
Жыныстық
тәрбие қажет пе және қажет болса неше
жастан басталады?
Жанұядағы
қыз бен ұл баланың тәрбиесі қандай?
Ерте
жастағы жүктілік белең алып барады, не
істеуге болады?
Балаларын
жалғыз өсіріп отырған әкелер туралы
ойыңыз...
«Жемісті
бақ» әдісі.
Көп – көп рахмет, орнымызға жайғасайық.
Енді бәріміз электронды тақтаға назар
аударайық. Сіздердің назарларыңызға
«Әкесі мен қызы» атты әлеуметтік
бейнеролик көрсетіледі. (бейнеролик)
Ал
енді әріптестер, ролик мазмұны бойынша
алдарыңызда алдын-ала қағаздан қиылып
дайындалған алмаға жағымды, ал лимонға
жағымсыз пікірлеріңізді жазып, жеміс
ағашына жапсырасыз. Бұл әдістің атауы
«жемісті бақ» деп біле жүрерсіздер.
Жағымды пікір бойынша 2-3 адам ауызша өз
ойын білдірсе, жағымсыз пікір бойынша
да 2-3 адам сөйлеп жіберіңіз. (сіз айта
қойыңыз...)
Семинар
қорытындысы.
«Плюс.
Минус. Қызықты» әдісі. Бүгінгі
семинарды қорытындылай келе
«плюс.минус.қызықты» атты кері байланыс
әдісін ұсынамын. Егер семинар тақырыбының
мағынасы ашылса алдарыңызға берілген
стикерлерге жағымды пікірлеріңізді
жазып, «+» астына жапсырасыз, егер ұнамсыз
жақтары болса «-»ке жапсырасыз. Егер
сіз үшін қызықты жағдайлар болған болса,
«қызық» деген сөздің астына пікір
жазылған стикерді жапсырасыз.
Осымен
біздің семинар аяқталды, келгендеріңізге
көп рахмет!