жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Квилинг жасау технологиясы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
«Жаңа Ғасыр» № 175 гимназия
Ашық сабақ
тақырыбы:

5 «Ә» сыныбы
Технология мұғалімдері: Ақмолдаева З.Д.
Алматы 2015.
Күні 12.10.2015ж Пәні технология Сынып 5 «Ә» Сабақ реті 6
Сабақтың тақырыбы: « Квиллинг» техникасымен жұмыс
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға « Квиллинг» техникасымен жұмыс
жасау тәсілдерін түсіндіру, меңгерту.
2. Тәрбиелік:Оқушыларды шеберлікке, іскерлікке баулу, үйрету.
3. Дамытушылық Оқушылардың қызығушылығын, ой- өрісін дамыту.
4. Жаңа технология: дамыта отырып оқыту, оздыра отырып оқыту, іс-әрекетті бағалау, тірек сызбалары және тірек конспектілері арқылы оқыту, саралап оқыту, шоғырландырып қарқынды оқыту, деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту, жобалап оқыту технологиясы, ақпараттық технологиялар
5. Техникалық құралдар түрлері :Интерактивті тақтаменжұмыс,.
Сабақтың типі: Аралас сабақ, жаңа білімді меңгеру сабағы, оқу материалын бекіту сабағы,
қайталау сабағы, материалды қортындылау және жүйелеу сабағы.
Сабақтың түрлері: Сайыс сабақ, жарыс сабақ, семинар, ойын сабақ, саяхат сабақ, әңгімелесу, сырттай саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: 1. Иллюстрациялық түсіндіру. Оқушыларға ақпаратты әңгімелеу, лекция, семинар, коллоквиум, демонстрациялық жеткізу.
-
Репродуктивті әдіс-білім-білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту.
-
Зерттеу әдісі- мұғалімнің оқушыға шығармашылық тапсырма беруі, оқушылардың өз беттерімен шешіп, мәтінмен, есептер шығарту, үлестірмелі материалдармен жұмыс.
-
Эвристикалық әдіс ішінара ізденгіштік әдіс, оқушылар мақсатты немесе
міндетті мұғалімнің көмегі арқылы шешу.
-
Мақсатты әдіс-мұғалім белгілі мақсат қойып, оған жету жолын көрсетеді, оқушылар одан әрі әрекетке көшеді.
Таным қызметін ұйымдастырудың үлгісі.
-
Жекелік үлгі-танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.
-
Жан-жақтылы барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланылады.
-
Топтық-жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.
-
Ұжымдық форма –ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын
оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді.
Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы: Интерактивті тақта, түрлі-түсті қағаз, желім, ши, қатты картон қағаз.
Пән аралық байланыс: сурет, тарих жаратылыстану
Үй тапсырмаларын тексеру кезеңі;
-
Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру кезеңі;
-
Сабаққа мақсат қою;
-
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі;
-
Жаңа сабақты қорытып, бекіту кезеңі;
YII. Оқушылардың білімін бағалау;
YIII. Үй тапсырмасын хабарлау және орындалуы бойынша нұсқау беру кезеңі.
Сабақтың барысы:
1.Құрметті оқушылар техника қауіпсіздік ережесіне нұсқауды қайталаймыз.
2. « Квиллинг» техникасымен жұмыс жасау технологиясы.
«Квилинг» техникасы, бұл жаңадан бізге келген Корей халықының өнері. Корей халқы бұл өнермен ежелден айналысады.
Біздің мақсатымыз: квилинг техникасын ғаламтор желісінен алып, оны қазақ халқының ою-өрнектерімен байланыстырып, композиция құрастыру. Ол үшін жай кеңселік (А4 форматы) ақ немесе түрлі түсті қағаздың көмегімен көз тартатын бұйымдар, паннолар, композициялар жасауға болады. А4 форматының енімен бойлай 5 мм қалыңдықта жолақтар сызып, оны өткір кеңсе пышағымен немесе қайшымен қырқып алу керек. Қырқылған жолақтарды ши құралдармен ширатып айналдыру қажет.
Мысалы: Ши, стержень, қалам, ағаш таяқшалар қолдануға болады
Нұсқау карта
1.Қырқалған жолақты әлгі құралымызға, басынан аяғына дейін дөңгелектеп біркелкі орап, айналдырып шығамыз.


2.Айналдырып жасаған дөңгелекшеден, ши құралымызды шығарып аламыз.
-
Сонда мынандай спираль тәрізді дөңгелек болады. Оның диаметрі 12—14 мм болуы керек.
Дайындаманың шетін желімімен жапсырып отыру керек.

Мынадай формалармен жұмыс жасаймыз.
Тамшы, көз, шаршы, ромб, үшбұрыш, үшкір, айшық,

5.Жүрек, мүйізше, ирек, бұтақша

6.«Тамшы» жасау үшін жаңағы дайындаманы саусақпен қысып тұрып бір жағынан екінші қолмен қысып үшкірлейміз.Дөңгелек спираль тәрізді формаларды осылай жасаймыз.

Ал ашық формаларды:
Мысалы:
«Жүрекше» жолақты дәл ортасынан бүктеп екі жағын да ішке қарай құралмен орап айналдырамыз.
«Мүйізше» екі бүктелген жолақты сыртқа айналдырып ораймыз.
«Ирек» дайындаған жолақтың ортасын қаламмен белгілеп алып қарама-қарсы бетіне айналдырып орағанда пайда болады.
«Бұтақша» - жолақты ортасынан бір жағына аудыра белгілеп бүтеп аламыз. Содан соң жолақтың шеттерін бір жағына қарай ораймыз.
Әр түрлі композиция құрастырамыз.
Көзшелерден жасалған «Қарша»
Көзше мен үшкірден жасалған түрі.


Композиция түрлері




Нұсқау карта
-
Қырқалған жолақты әлгі құралымзға басынан аяғына дейін айналдырып орап шығамыз.

-
Айналдырып жасаған дөңгелекшеден ши құралымыздан шешіп аламыз.
-
Жасалған спираль тәрізді дөңгелек болады, оның диаметрі
12—14 мм болуы керек. Дөңгелек ұштарын, яғни шетін желімімен жапсырып отыру керек.
Сабақты бекіту
-
Өнер туралы мақал-мәтел айту
-
Кластер құрастыру

Үйге тапсырма.
Квилинг техникасымен әр түрлі тәсілде композиция құрастыру
Балдық бағалау


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген