400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Квиллинг өнері"

Материал туралы қысқаша түсінік
КВИЛЛИНГ ӨНЕРІ. КВИЛЛИНГ - Жіңішке қағаз таспаларын шиыршықтап орау және олардан әртүрлі формалар ала отырып, көлемді заттар не жазық бетте композиция құрасыру өнері. Квиллинг ағылшынның «quilling», «quill» деген сөзінен шығады. Қазақша мағынасы «құс қанаты». Бұл қолөнер түрінің басты материалы қағаз, өзіміз жақсы білетін оригами өнеріне ұқсайды. Бірақ Оригами өнері Жапониядан шықса, квилинг өнері 14 ғасыр соңы мен 15 ғасыр басында Еуропада пайда болды.
Материалдың қысқаша нұсқасы





КВИЛЛИНГ ӨНЕРІ.



КВИЛЛИНГ - Жіңішке қағаз таспаларын шиыршықтап орау және олардан әртүрлі формалар ала отырып, көлемді заттар не жазық бетте композиция құрасыру өнері.

Квиллинг ағылшынның «quilling», «quill» деген сөзінен шығады. Қазақша мағынасы «құс қанаты». Бұл қолөнер түрінің басты материалы қағаз, өзіміз жақсы білетін оригами өнеріне ұқсайды. Бірақ Оригами өнері Жапониядан шықса, квилинг өнері 14 ғасыр соңы мен 15 ғасыр  басында Еуропада пайда болды.

Ортағасырлық Еуропада монах әйелдер жиегі алтындалған жіңішке қағаз тілімдерін құс қауырсынының ұшына орау арқылы өте әдемі, нақышты медальондар жасаған. Жақыннан қарағанда бұл қағаз бұйымдарды өте жіңішке алтын таспалардан орындалған деп қалу оңай болатын. Өкінішке орай, қағаз төзімсіз материал, сондықтан ортағасырлық бұл тамаша өнер туындылары туралы біз жазбаша дерек көздерінен ғана білеміз. Дегенмен бұл көне техника біздің заманымызға дейін жетті, және қазір әлемнің көптеген елдеріне тараған. Квиллинг, қазақша айтсақ, қағаз шиыршықтау өнері Еуропада өте тез тарады. Бірақ ол кездерде қағаз, әсіресе жоғары сапалы түсті қағаз өте қымбат материал болғандықтан, бұл өнер түрімен дәулетті отбасының әйелдері ғана айналысты.

Қазіргі кезде квиллинг өнері Батыс Еуропа елдерінде, әсіресе Ұлыбритания мен Германия халқының сүйікті хоббиі ретінде өте кең жайылған. Алайда квиллинг өнері өз дамуының шарықтау шегіне Еуропадан Шығыс елдеріне тарағанда жетті. Шығыстың өнеріне тән нәзіктік, қағазбен жұмыс істеудегі қалыптасқан дәстүрлер бұл қағаз пластикасы өнеріне жаңа дем берді.

Қазіргі кезде Оңтүстік Корей елінде қағаз пластикасы шығармашылығының сан түрімен айналысатын қолөнершілердің басын қосатын Ассоциация жұмыс істейді.

15 ғасырда квиллинг өнер саналды. Ал 19 ғасырда – ол әйел адамдардың ермегі деп есептелді. 20 ғасырдың соңынан ғана бастап квиллинг аса кең тараған өнер түріне айнала бастады.

Ұлыбританияда Елизавета патшайым квиллингпен үлкен қызығушылықпен айналыса бастады. Қазір оның көптеген туындылары Лондондағы Виктория мен Альберт мұражайында сақтаулы.

Қағаз біздер үшін төзімсіз, сенімсіз материал болып саналады. Бірақ квиллинг әдісімен жасалған тақтайшаға құмыра немесе кітап қоюға болады. Сондай ақ қағаз шиыршықтардан тәтті салатын ыдыс, сиясауыт немесе құмыра жасауға болады.

Айта кетер бір жай, корей квиллинг мектебінің Еуропа мектебінен өзгешелігі бар. Еуропалық квиллинг туындылары шамалы бөлшектерден тұрады және көбіне құттықтау қағаздарын, сурет жақтауларын безендіру үшін қолданылады. Еуропа тез орындалатын техникаға ұмтылады. Ал шығыстық шеберлер зергерлік өнер туындыларын еске түсіретін өте нәзік көптеген бөлшектерден құрылатын көлемді шығармалар жасайды.



Квиллингке керекті құралдар:

Квиллингке керек құралдар да әртүрлі. Еуропада қағазды шиыршықтап орау үшін бас жағы кертілген пластмас немесе металл таяқша қолданады. Кейбірі мұндай құралды кәдімгі қаламның сиясы біткен пастасынан жасап алады. Алайда мұндай құралмен жасалған шиыршық дөрекі көрінеді. Дегенмен балалар ұшін бұл жарай береді. Шығыс шеберлері жіңішке біз қолданады. Оны кәдімгі инеден қолдан жасап та алуға болады. Бұл техникада алғаш рет жұмыс жасау үшін мекетеп оқуышыларына тістазалағыш таяқшаллар да жақсы құрал болып табылады.

Төменде керекті құрал жабдықтар көрсетілген.

Біз немесе бізді алмастыратын қандай да бір басқа құрал.

Қайшы.

Желім. Желімнің сапалы болуына жұмыстың жалпы сыртқы көрінісі тікелей ғаны дұрыс және кепкеннен кейін көріндбеуі тиіс. Кәдімгі қарындаш тәріздес желім өте жақсы келеді.







Қағаз.

Квиллинг техникасында басты матери ал түрлі түсті қағаз таспалары. Бұл қағаздың кәдімгі қағаздардан ерекшелігі: дайын таспа күйінде болады және олар тығыздығымен, икемділігімен ерекшеленеді. Біз түрлі түсті компьютерге арналған баспа қағаздарын қолданамыз. Ол қағаздардан алдын ала 3-9 мм шамасында жіңішк таспалар тілеміз. Бәрі сіздің жұмысыңыздың ерекшелігіне байланысты. Панно немесе құттықтау қағазын жасау үшін 3 мм таспа қолданған дұрыс. Бірақ кей гүлдерді жасау үшін сіз 7 мм таспаны қолдансаңыз да болады.

Квиллинг техникасы.

Бір қарағана бұл техникада ешқандай қиындық жоқ. Қағаз таспалардан тығыз спираль жасалады. Алдымен таспаны біздің басына жақсылап орайды. Нәтижесінде тығыз спираль алынуы керек, ол кейін жасалатын барлық фигуралардың негізі. Содан соң спиральды қажетті көлем пайда болғанша дейін босатамыз да одан өзімізге қажетті форманы жасап аламыз. Қағаздың ұшын желім жағып бекітеміз. Негізгі фигуралардың көптеген түрлері бар, алайда сіз өзіңіз олардан өзгеше жаңа форма тауып алуыңызға да болады. Барлығы сіздің шығармашылығыңызға байланысты.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
4620
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі