400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

KwikSurvey бағдарламасымен онлайн сұрақ жасақтау әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
KwikSurvey бағдарламасымен онлайн сұрақ жасақтауға арналған әдістемелік құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

KwikSurvey бағдарламасымен онлайн сұрақ жасақтау әдістемесі

Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi. Оқу орнында ақпараттық оқыту технологиялардың озық үлгілерін қолдану арқылы білім берудің ғылыми-әдістемелік жүйесін жаңарту, оқыту әдістері мен тәсілдерінің түрлерін молайту, электронды ресурстарды жасауды ұйымдастыру ұлттық білім беру деңгейін халықаралық стандартқа жақындатуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Осыған орай білім беруде, электрондық оқыту жүйесіне қолданылатын электрондық білім беру ресурстарын қолдану негізгі мәселелердің бірі. Негізгі міндет электрондық білім беру ресурстарын қолданып оқытудың ұтымды әдісін меңгеру және сапасын жоғарылату.

Электрондық білім беру ресурстары – қолданушының сәйкес ережелерді сақтай отырып, бiлiм беру мақсатында қолдану үшiн жергiлiктi компьютерге жүктей алатын барлық ақпараттар (мәтiндер, графика, мультимедиа) жиынтығы[1]. Электрондық білім беру ресурстары тақырыбын зерттеу үшін KwikSurvey бағдарламасы арқылы онлайн сұрақ жүргіздім.

KwikSurvey тегін интернет арқылы онлайн сұрақ жүргізуге арналған бағдарлама. Бұл бағдарлама 2010 жылы еңгізілген. Бағдарлама тек ағылшын тілінде ғана дайындалынған. KwikSurvey бағдарламасының мүмкіндіктері:

  • Сұрақтарды кез-келген тілде дайындауға болады;

  • Басты беттің шаблонын қалағанша таңдауға болады;

  • Сұрақтардың түрлерін таңдауға болады;

  • Нәтижесін қалағанынша шығаруға болады.

KwikSurvey бағдарламасымен жұмыс жасау үшін келесі қадамдарды орындау керек: Ең алдымен www.kwiksurveys.com сайтына кіресіз[2]. Сайтқа кіргеннен кейін осы бағдарламамен жұмыс жасау үшін тіркелуіңіз қажет. Ол үшін Free instant signup деген бөлімнің Full Name ұяшығына атыңызды, Email Address ұяшығына почтаңыздың логинін, Password ұяшығына паролінізді еңгізіп, Position ұяшығының төгілмелі жолынан өзіңіздің дәрежеңізді таңдаңыз. Осыдан кейін Create account & Get Started түймесін басыңыз(1-сурет).

1-сурет. KwikSurvey бағдарламасы және тіркелу


Тіркелгеннен кейін Create a new survey деген түймені таңдай отырып, New Title деген бос орынға өзіңіздің сұрағыныздың тақырыбын жазасыз. Мысалы электрондық ресурстар тақырыбына сұрақ дайындағыңыз келсе New Title деген бос орынға электрондық ресурстар деп жазасыз. Содан кейін Create Survey батырмасын басасыз(2-сурет).

2-сурет. KwikSurvey бағдарламасында жаңа сұрақ құру


Келесі бетке өткеннен кейін Full Page Designs төгілмелі жолынан сұрақтардың тақырыбына байланысты басты бетінің дайын шаблонын таңдайсыз. Қалаған шаблоныңызды тандағаннан кейін Save & Continue пернесін басу арқылы келесі бетке өтесіз. Бұл бет сұрақтарды дайындау беті болып табылады. Enter your page description жолын басу арқылы сурет қоюға болады. Ол үшін Image Properties бетінен Image Info менюін таңдау арқылы кез-келген суретті қоя аласыз(3-сурет).

3-сурет. KwikSurvey бағдарламасында сурет қою


Add question пернесін басу арқылы немесе сол жағында орналасқан Questions төгілмелі жолы арқылы сұрақтың түрлерін анықтауға болады. Сұрақтардың түрлері:

  • Бір жауапты;

  • Екі немесе одан да көп жауапты;

  • Төгілмелі жолдан жауапты таңдау арқылы;

  • Рейтинг жұлдыздары арқылы;

  • Реті арқылы орналастыру;

  • Матрица арқылы.

Мысалы бір жауапты сурақты жазу үшін Multi-Choice(Choose ONE) пернесін басамыз. Осы кезде экранға сұрақты еңгізетін терезе шығады. Бұл терезенің Enter your question деген жеріне сұрағымызды жазамыз. Ал Answer Text деген бөлімге жауаптарды жазамыз. Осыдан кейін Save түймесі арқылы сақтаймыз(4-сурет).

4-сурет. KwikSurvey бағдарламасында сұрақтарды еңгізу

Келесі Launch бөліміне өткенде сұрақтардың сілтемесі беріледі.Осы сілтемені көшіру арқылы достарыңыздың электрондық почталарына жіберіп нәтижесін шығаруға болады(5-сурет).

5-сурет. KwikSurvey бағдарламасында дайындалған сұрақтар сілтемесі


Ол үшін Меню қатарынан Analize бөлімін тандайсыз. Осы беттегі Customise this report түймесін басып Create custom report бөліміне нәтиже шығаратын терезеге ат бересіз және Get started пернесін басасыз. Осы кезде автоматты түрде нәтиже шығады(6-сурет).

6-сурет. KwikSurvey бағдарламасында нәтижені шығару терезесі

Нәтижені Export Report менюі арқылы pdf және png форматына аударуға және принтер арқылы қағазға шығаруға болады.


Әдебиеттер

  1. Бидайбеков Е.Ы., Григорьев С.Г., Гриншкун В.В Создание и использование образовательных электронных изданий и ресурсов, Алматы, «Білім», 2006.

  2. www.kwiksurveys.com

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
376
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі