Материалдар / Кураторлық жұмыс: Тазалық иманның жартысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кураторлық жұмыс: Тазалық иманның жартысы

Материал туралы қысқаша түсінік
кураторлық жоспарға көмекші болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
417
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сарыағаш медресе колледжі



ХАТТАМА №


___/_09__/ 2018ж

112-11-61 жиналысы



Топ жетекшісі: Ерматова Д

Қатысқандар: Жатақхана меңгерушісі Аюпова Г және топ студенттері


Күн тәртібінде:


1. Оқу жылына орай студенттерге баяндама оқу

2. Әртүрлі мәселелер


Тыңдалды:


Бірінші мәселе бойынша топ тәлімгері Ерматова Д.С келесідей баяндау жасады:

Жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауға;

Жатақхананың құрал –жабдықтарына ұқыпты қарауға, су, электр жарығы мен жылуды үнемдеп Қолдануға, бөлмелер мен көпшілік пайдалану орындарында тазалық сақтауға, тұрғын бөлмелерде күн сайын тазалық шараларын жасауға;

Өзара жауапкершілік туралы әкімшілікпен жасалған келісім шарт ережелерін орындауға;жатақханада тұратын студенттер рұқсатсыз түнгі уақытта сыртқа шықпауға;




ҚАУЛЫ:

1. Студенттер, оқу орнының жатақханасы туралы ережеге сәйкес құрылған санитарлық нормалар шегiнде орналастырылады

2. Ереже бойынша, тұрғын бөлме тұрғыншының артынан оқу орнындағы барлық оқу кезеңі үшін бекітіледі.


Топ жетекшісі: Ерматова Д _________________

(қолы)



Топ басшысы: Алпысбаеыв А. _______________

(қолы)







Сарыағаш медресе колледжінің студенттік жатақханасы туралы ережелер

  1. Жалпы ережелер

  1. «Сарыағаш медресе колледжінің» жатақханасы (әрі қарай – студенттік жатақхана) оқу мерзіміндегі ауылды және басқа қалалық студенттерді орналастыру үшін арналған.

Жатақханада тұру үшін, өзіндік жұмыстар мен демалыс үшін, сондай-ақ мәдени-ағарту және спорттық шараларды өткізу үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етілуге тиіс.

  1. Студенттік жатақхана орта кәсіптік білім беру оқу орнының құрылымдық бөлімшесі ретінде (әрі қарай – оқу орны) құрамына кіреді және бюджеттік қаражат есебінен, жатақхананы пайдалану ақысы және басқа бюджеттен тыс қаражаттардан, колледждің шаруашылық және кәсіпкерлік қызметінен түскен қаражаттар есебінен қамтылады.

  2. Жатақханада бөгде адамдарға тұруға, оқу орнының бөлімшелерінің орналасуына, және де басқа ұйымдар мен мекемелерге орналасуына рұқсат етілмеген. Барлық мұқтаж студенттер белгіленген ережеге сәйкес жатақхана орындарымен қамтылған кезде, оқшауланған бос ғимараттар немесе қабаттар әкімшіліктің және студенттер кәсіподағы немесе басқада студенттердің уәкілетті органының (әрі қарай – студенттер кәсіподағы) шешімімен мұғалімдер және қызметкерлер үшін қайта жабдықталып немесе басқа ұйымдарға жалға берілуі мүмкін.

  1. Әрбір жатақханада құрылыс нормалары мен ережелерге сай өзіндік жұмыстар үшін бөлмелер, демалыс бөлмелері, оңашалайтын бөлмелер, тұрмыстық бөлмелер (ас үй, душ бөлмесі, жуынатын бөлме, дәретхана және т.б.) ұйымдастырылады.

  2. Тұрғындарға қызмет көрсететін тамақтандыру үшін үй-жайлар, емхана, денсаулық сақтау орны тегін беріледі, сонымен қатар жылыту, жарықтандыру, сумен жабдықтау мен күзет.

  3. Жатақхананың жұмысын жалпы басқаруға сондай-ақ материалдық базасын дамытуға және нығайтуға, жатақхана тұрғындарына тұрмыстық қызмет көрсетуін ұйымдастыру колледж директорына немесе уәкілетті қызметкерге жүктеледі.

  4. Жатақханада тұрғындары және колледж әкімшілігі екі жақты жауапкершілік туралы келісім шарт жасаса алады.


ІІ. Жатақхана тұрғындарының құқықтар мен міндеттері.

Жатақхана тұрғындары:

● ішкі тәртіп ережесін сақтау шартымен колледжде оқу мерзімі кезінде белгіленген тұрғын бөлмеде тұруға;

оқу және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы үй-жайлар мен құрал жабдықтарды, жатақхана құрал-саймандарымен қолдануға;

өзара жауапкершілік туралы келісім шарт бойынша колледж әкімшілігіне ұсыныс енгізуге және оны орындалуына қол жеткізуге;

колледж әкімшілігінің келісімімен жатақхананың басқа бөлмесіне қоныстануға;

студенттік жатақхана кеңесін сайлау және оның құрамына сайлануға;

тұрғындардың тұрмыстық-баспаналық жағдайларын көтеру, тәрбие істері мен демалысты ұйымдастыру, жатын бөлмелер мен сабаққа дайындалатын бөлмелерді жабдықтау және безендіру, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған қаражжатты бөлу мәселелерін жатақхананың кеңесімен бірлесіп шешуге құқылы.


Жатақхана тұрғындары:

жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауға;

жатақхананың құрал –жабдықтарына ұқыпты қарауға, су, электр жарығы мен жылуды үнемдеп қолдануға, бөлмелер мен көпшілік пайдалану орындарында тазалық сақтауға, тұрғын бөлмелерде күн сайын тазалық шараларын жасауға;

өзара жауапкершілік туралы әкімшілікпен жасалған келісім шарт ережелерін орындауға;

жатақханада тұратын студенттер рұқсатсыз түнгі уақытта сыртқа шықпауға;

жатақханада тұратын студенттер жатақхана кеңесімен оқу уақытынан тыс өз-өзіне қызмет көрсету, жатақхана аумағын абаттандыру және көгалдандыру, тұратын бөлмелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге, бекітілген аумақта және жатақхана жайына жүйелі жинау жұмыстарын жүргізуге және еңбекті қорғау ережелерін сақтай отыра, жасалған келісім шартты ескере отыра басқада жұмыстарға ерікті түрде тартылады.

қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ережені бұзғаны үшін жатақхана тұрғынына жатақхана әкімшілігінің ұсынысы немесе жатақхана кеңесінің шешімі бойынша қоғамдық, әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.

Жатақхана және колледж аумағынан рұқсатсыз шығуға, мас күйінде келуге, сонымен қатар есірткі заттарын қолдануға және сатуға қатаң тиым салынады.


III. Оқу орны жатақханасы әкімшілігінің міндеттері.

1. Жатақхананың шаруашылық қызметі мен қолданысқа берілуін, жатақханада тұрушылардың тұрмыстық қызметтерін ұйымдастыруды дамыту және нығайту мәселелерімен директордың ұйымдастырушылық және шаруашылық істер жөніндегі орынбасары айналысады.

- Жатақхана әкімшілігі міндетті:

  • Жатақхана бөлмелерін белгіленген санитарлық талаптар мен ережелерге сай ұстауға;

  • жатақхана тұрғындарымен өзара жауапкершілік туралы келісімге отыру және орындау;

  • жатақхананы қажетті жиһаздар, қондырғылар және басқа да мүліктермен жабдықтауға;

  • жатақхана мен ондағы құрал-жабдықтарға жөндеу жұмыстарын уақытылы жасап тұру, бекітілген аумақты және айналасындағы көгалдарды таза ұстауға;

  • жатақхана тұрғындарына арналған коммуналдық-тұрмыстық қызметтердің, өз бетімен сабаққа дайындалатын бөлмелердің, мәдени іс-шаралардың белгілі бір тәртіппен жүргізілуін ретке келтіріп, сондай-ақ  оның орындалуын бақылауға;

  • ауруға жедел медициналық көмек көрсету, қажет болса ауруханаға жатқызу шараларын қабылдауға;

  • жатақхана штатына бекітілген тәртіп бойынша қызмет көрсететін қызметкерлермен толықтыруға;

  • тұрғындар үшін өзіне қызмет көрсету, еңбек, тұрмыс пен демалыс  шарттарын жақсарту мәселелерінде  өзін-өзі  басқаруды дамыту үшін жатақхананың кеңесіне көмек беруге;

  • жатақханада баспаналық-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға байланысты іс-шараларды жүзеге асыруға, сонымен қатар жатақхананы ұстау жөніндегі ескертулерге құлақ асуға, тұрғындардың баспаналық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту туралы ұсыныстарын ескеруге;

  • көпшілік пайдалану орындарының қажетті деңгейде болуын қамтамасыз ету;

  • жатақхананы, сонымен қатар ондағы санитарлық-техникалық және өзге де қондырғыларды қысқы жылыту мерзіміне алдын-ала дайындау.

Студенттерді өз еркімен жатақхана бөлмелерін және айналасын жинауы үшін керекті құралдармен қамтамасыз етуге;

2. Оқу орнының әкімшілігі студенттер одағының және кәсіподақ ұйымының мүшесінің келісімі бойынша жатақхана басшысын (комендант) сайлайды.

3. Жатақхана басшысы (комендант) қамтамасыз етуге міндетті:

жатақхана қызметкерлерінің жұмыстарына тікелей басшылық ету;

жатақханаға оқу орнымен берілген ордер (№1 қосымша) негізінде және денсаулығы туралы анықтама бойынша орналастыру;

жатақхана тұрғындарына типтік нормаларға сай  жиһаздар және құрал жабдықтармен  жабдықтауға, санитарлық ережелерге сай төсек-орындармен қамтамасыз етуге;

жатақхананы күту және баспана тұрмысын жақсарту негізіндегі ұсынымдар бойынша ескертулер есебі.

жатақхана жағдайы туралы оқу орнының әкімшілігіне хабарлау.

жатақхананы күзету, қалыпты жылу режимі және барлық бөлмелерге қажетті жарықтандырылуы.

жатақхананың және оның аумағының тазалығы мен тәртібін сақтау, жатақхананың ішкі тәртіп ережелері туралы және қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы шаралар қолдану және нұсқамалар жүргізу, жатақхананы және оған тиесілі аумағын толық тазалау жұмыстарын жүргізу.


     Жатақхана жетекшісі (комендант) құқығы бар:

жатақхананың тұрмысын жақсарту жөнінде оқу орнының әкімшілігіне ұсыныстар енгізу

жатақхана тұрғындарына студенттік кеңеспен бірлесе отырып алғыс білдіру немесе жазаға тарту туралы оқу орнының әкімшілігіне талқылауға енгізу

тұрғындардың сұрауы бойынша бір бөлмеден екінші бөлмеге ауыстыру туралы шешім қабылдау

қызмет көрсетуші қызметкерлеріне алғыс білдіру немесе жазаға тарту туралы ұсыныс енгізу

1. Жатақхана жетекшісі студенттер кеңесімен бірлесе отырып белгілінген тәртіппен тұрғындар мен қызмет көрсетуші қызметкерлер арасындағы қарама қайшылықтарды қарастырады.


IV. Студенттік жатақханада орналастырылу, жатақханадан шығарылуы.

1. Студенттер, оқу орнының жатақханасы туралы ережеге сәйкес құрылған санитарлық нормалар шегiнде орналастырылады.

Конкурстық комиссия жатақханада орын бөлуді Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығы сәйкес белгіленген нысан бойынша білім алушының жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады. 
      Ереже бойынша, тұрғын бөлме тұрғыншының артынан оқу орнындағы барлық оқу кезеңі үшін бекітіледі.

Апат негізінде тұруға мүмкіндік болмаған жағдайда, тұрғындарды баска жатақханаға көшіру әкімшілік пен студенттер кәсіподағының шешімінің негізінде жүзеге асады, ал бір бөлмеден екінші бөлмеге әкімшілік пен жатақхананың студенттерінің кеңесі негізінде.

2. Студенттік жатақханада тіркеу режимін ұйымдастыру үшін оқу орнының әкімшілігімен арнайы тағайындалған тұлға жүзеге асырады.

3. Қабылдау емтихандары кезеңінде, емтихандық сессия кезеңінде және де дипломдық проектті қорғау кезеңінде талапкерлер жатақханада Қазақстан Респубикасының заңнамасына сәйкес жайғасуы мүмкін.

4. Оқу орыннан шығарылған кезде (оның ішінде оқып бітіргендер) тұрғындар жатақхананы өзара жауапкершілік келісімінде көрсетілген уақытта босатады.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!