400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кураторлық сағат Тіл тамыры- тарих

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты, студенттердің тіл туралы танымдық деңгейін көтере отырып, тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы, ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра екендігін түсіндіру мақсатында өткізілген сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

КАСПИЙ ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІ





«БЕКІТЕМІН»

БТЖО ________ Г.Б.Джакаева

«____» _____________2025 ж.







ҚЫРКҮЙЕК – ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК АЙЫ


Тақырыбы: «Тіл тамыры - тарих»






Тобы: БББ-23


Куратор: Ж.М.Наурзбаева












Ақтау-2025 ж.

Тақырыбы: «Тіл тамыры - тарих» (интеллектуалды сайыс)

Мақсаты: Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты, студенттердің тіл туралы танымдық деңгейін көтере отырып, тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы, ол атадан балаға мирас болып  қалып отыратын баға жетпес мұра екендігін түсіндіру. Тілдің қадір-қасиетін түсіне білуге баулу. Студенттің білімі мен біліктілігі арқылы ой- өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.
Әдісі: сайыс сабақ
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу.

Сайыстың 1 кезеңі. Орысша берілген мақалдың қазақша баламасын табу.

1-топ

  1. Доброе слово – половина блага/ Жақсы сөз жарым ырыс

  2. Сказанное слово – вылетевшая пуля/ Айтылған сөз атылған оқ

  3. Начало искусства красноречие/ Өнер алды – қызыл тіл

  4. Человек без Родины, как соловей без леса/ отансыз адам, ормансыз бұлбұлмен тең
    2-топ

  1. Язык острее клинка/ тіл – қылыштан да өткір

  2. Кто слов не ценит, сам себя не ценит / сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді

  3. То что не поднимет слон, поднимет язык / піл көтермегенді, тіл көтереді

  4. Много видевший станет предводителем, много говорящий станет оратором / көре - көре көсем боларсың, сөйлей - сөйлей шешен боларсың

2 - кезең. 
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын.

Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар
жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет.

1.Қабат – қабат қаптама
Ақылың болса аттама.

(кітап – книга - book)
2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді.

(Ауа – воздух - air)
3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды.

(тіл - язык - language)
4. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың

(мектеп – школа - school)

1. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян - заяц - carrot)
2. Тілден ұшып, құлаққа қонады.

(сөз - слова - words)
3. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді.

(сағат - часы - Watch)
4. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады.

(күн - солнце - Sun)


3 - кезең.     «Көрерменнен көрімдік» (студенттер қима қағаздағы сөздерді алып қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді.)

Ат
Дулыға
Сандық
Той
Жол
Сәби
Ту
Киіз үй
Жұлдыз
Телефон
Кітап
Көгершін
Балмұздақ
Боран

4 кезең:

  1. Батыр сөзінің синонимін ата?

(ержүрек, батыл, жаужүрек)

2. «Ақ киізге көтерді» сөз тіркесінің мағынасы қандай?

(хан сайлады)
3. Қазақ тілінде қанша әріп бар?

(42)
4. Ұзын сөзінің антонимі?

(қысқа)
5. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер

(көне сөздер)
6. Фонетика нені зерттейді?

(тіл дыбыстарын)
7. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім?

(Ыбырай Алтынсарин)
8. «Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай?

(қорқу)
9. Мағыналары бір- біріне қарама- қарсы сөздер

(антоним)

11. Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу

(эвфемизм)

12. Тіліміздегі сөздердің жиынтығы

(лексика)
13. Басқа тілден енген сөздер

(кірме)
14. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер

(диалект)
15. Дөрекі, әдепсіз сөздер

(дисфемизм)
16. Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі

(кәсіби сөздер)
17. 16 желтоқсан қандай мереке?

(Тәуелсіздік алған күн)
18. Мақалды жалғастыр: Тіл тас жарады,....
19. Дулыға, сауыт сөздері қандай сөздер?

(көнерген сөздер)


5 кезең

«Жүйрік болсаң шауып көр» 

Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз қазақ тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)


1.Төбесі көкке жетті

(қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ

(бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас

(жуас)


1. Қабағынан қар жауды

(ашуланды)
2. Бетінен оты шықты

(ұялу)
3. Ит өлген жер

(алыс) 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.06.2026
3
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі