400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кураторский час: 75 лет Победы в Великой Отечественной войне

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі /

Министерство Образования и науки Республики Казахстан

Қарағанды облысының білім басқармасы /

Управление образования Карагандинской области

КММ «Балқаш сервис кололеджі» / КГУ «Балхашский колледж сервиса»





Бекітемін / Утверждаю Директордың ТІЖ орынбасары /

Заместитель директора по ВР


____________ Тезекбаева Ж.К

«___» _____ 2020 ж/г.




Куратор сағаты:

Кураторский час:


«ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСКЕ 75 ЖЫЛ!»

«75 ЛЕТ ПОБЕДЫ В ВЕЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЕ!»


Дайындаған /

Разработал куратор:

Бижамбек А.М.









Балқаш 2020



Мақсаты:

Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен Ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту, патротизмге тәрбиелеу.


Цели:

Воспитать у студентов патриотические чувства к своей Родине, гордость за её героическое прошлое, уважение к участникам Великой Отечественной войны..

Способствовать расширению представлений о подвиге нашего народа во время Великой Отечественной войны, о мужестве, отваге.


«Отан үшін отқа түс, күймейсің!»

Бауыржан Момышұлы



«Казахстанцы никогда не забудут подвиг старшего поколения,

грудью заслонившего страну и спасшего мир от фашизма.

На Ваш героизм, уважаемые ветераны,

равняются и ему поклоняются»

Н.А.Назарбаев


Адам баласы үшін соғыстан асқан кесапат жоқ. Соғыс! Жалғыз ауыз сөз. Бірақ қандай қорқынышты?! Соғыс дегеніміз – қайғы – қасірет , қантөгіс, өлім – жетім. Соғыс дегеніміз – күн сайын туған – туыстан , жақын – жорадан, қарулас досыңнан айырылу.

Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата –әжелерімізге басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Енді бүгін Ұлы Жеңістің 75 жыл болған тойын көре алмай кеткен Ардагерлерімізді еске алайық.
(1 минут үнсіздік)


1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Еңбекшілер Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады. Республикада 2 млн-нан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 316 - жеке атқыштар бригадасы 30 дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы жасақталды. Командирі – генерал М.В.Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн 200 мың қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.


Соғыстың алғашқы кезеңінде ел өнеркәсібін орналастыруда елеулі өзгерістер болды. (Арсенал – күш, қуат, қару – жарақ қоймасы). 1943 жылы кенші кәсібіне 18 мыңдай адам оқытылып мамандандырылды. Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы іске қосылды.

КСРО Ғылым академиясының комиссиясы Шымкент қорғасын және Балқаш мыс балқыту заводтарын рудамен, Қарағанды көмірімен қамтамасыз ету проблемаларын зерттеді.1943 жылы сәуір айында Жезқазған комбинаты құрылды. 1943 жылы шаруашылық айналымына 775 мың га жаңа жер алқаптары тартылды. Республиканың көптеген аудандары қуаңшылыққа ұшырады. Жұмыс қолы, күш көлігі жетіспеді.Жоғары өнім алудың асқан шеберлері Шығанақ Берсиев, Ким Ман Сам, Ыбырай Жақаев ерлікпен еңбек етті. Әр гектардан 52 центнерден тары өсірген павлодарлық звено жетекшісі Анна Дацкова бүкіл елге мәлім болды. Жеңіс қорына Жезқазған кеншілері 1945 жылдың алғашқы төрт айы ішінде мыңдаған тонна кен өндіріп, өз үлестерін қосты.


Снова наступила весна, снова приходит на нашу землю великий День Победы! Раньше это был день, когда друзья-однополчане могли встретиться, вспомнить о былом, помянуть боевых товарищей, поделиться своими заботами. Но все меньше и меньше Ветеранов приходят на такие встречи: самым молодым участникам боевых действий уже за 90.


Иә, содан бері 75 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8 - мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал, 9 мамыр күні бұрын - соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.

 Жеңіс күні біздің баршамыз үшін халқымыздың жанқиярлық ерлігінің нышаны, ержүректілік пен төзімділіктің және қаһармандылықтың символы. Ылайым, біздің ата - бабаларымыздың ерлігі өскелең ұрпақ үшін өжеттіліктің, намысшылдықтың, адамгершіліктің зор үлгісі болсын.


Война. Страшное, горькое слово. Никто не мог представить себе, что его будут слышать, произносить долгих 4 года, 1418 дней, 33 тысячи часов. Эта война, навязанная германским фашизмом, была наиболее тяжелой их всех войн, когда-либо пережитых человечеством. В вооруженные силы было мобилизовано почти 1млн.200 казахстанцев, т.е. каждый 4 житель Республики. Из нашего села ушло на фронт более 200 человек.

  Все для фронта, все для победы! Эти слова звучали в душах всех людей. Неисчерпаемые ресурсы Казахстана позволили ему стать важнейшим арсеналом фронта. На службу фронту была поставлена вся экономика Казахстана. На оборону страны работали предприятия тяжелой, легкой, пищевой, местной промышленности. 

Казахстанцы не только помогали фронтовикам, работая в тылу. Они так же участвовали на войне, отважно сражаясь за свою Родину

Соғыс, Жеңіс, Бейбітшілік – осы үш сөзде сұрапыл қанды соғыстың адам айтқысыз азабы, Совет халықтарының қаһармандығының, достығының үлгісі, бейбітшілік жолындағы халықтар күресінің тарихи жеңістері бір - бірімен ұштасып жатады.
Міне, бүкіл Кеңестер Одағында өмір сүрген халықтың есінде мәңгі қалған алапат соғыстың аяқталғанына 75 жыл толып отыр. Миллиондаған боздағынан айрған осы соғысты Ұлы Отан соғысы деп жайдан жай атаған жоқ. 
Өздеріңізге белгілі 1941 жылдың 22-маусымы күні таңғы сағат 4-те бейбіт жатқан елімізге фашисттік Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Шығыста таң шапағы жаңа ғана білініп жатқан кез. Еңбек адамдары еш алаңсыз ұйқыда болатын, себебі, келесі күн жексенбі еді. Кенет батыстан қызылды - жасылды оттар шекараға таяп, жер дүние астан - кестең болды да кетті. 
Фашисттік Германия қарақшылықпен Кеңес Одағының шекарасын бұзып, басып кірген еді. Олар күшті армия жинақтап, басқа халықтарды құлға айналдыру үшін соғыс ашты. Фашисттер күзге дейін Кеңес Одағын талқандаймыз деп даурықты. Гитлершілер соғыстың бас кезінде бізге 190 дивизияны, 5000 ұшақты, 3700-дей танкті, 50 мыңнан астам зеңбірек пен минометті шабуылға шығарды.
Суық хабар сол күні - ақ радио арқылы әйгілі диктор – Левитанның қуатты үнімен байтақ жерімізге түгел тарады. 
Ер азамат өздері сұранып асығыс майданға аттанды. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн 200 мың қазақстандық қатысты. Брестті қорғауға 3000 қазақстандық жауынгер атсалысты. Неміс фашист армиясының түпкі мақсаты – Москваны басып алу еді. Арыстандай атылған 28 Панфиловшы Батырлар 50 танкке төтеп беріп, Москваны асқан қаһармандықпен қорғап, ерліктері Ұлы Отан соғысының тарихына Алтын әріптермен жазылды.

Осы ел қорғаған соғыста тек қазақ ұлтынан 96 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп көз көрмеген апатқа ұшырады. Фашисттер 1710 қаламызды 70 мың селомызды, 32 мың өндіріс орындарымызды қиратып, өртеп бүлдірді. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ, жауынгерлер батырлықтың, батылдықтың үлгісін көрсетті. Осы соғыста 30 млн адам құрбан болды. Ал миллиондаған адам жарақат алып, мәңгілікке мүгедек болып қалды. Соғысты бастаған фашисттер 1945 жылы 9 - мамырда Берлинде тізе бүкті. Әрқашан әділдік жеңеді ғой. Біздің жауынгерлер елімізді, жерімізді, ақ сүт береген ана, бауыр еті баласын қорғады, Отанымыздың бостандығын, тәуелсіздігін қорғады. Барлық ата – апаларымыз қасықтай қандары, шыбындай жандары қалғанша жаумен шайқасып, туған жерге, туған елге аман қалғандары ғана жеңіспен оралды. Осы алапат сұм соғыста қаза болған, хабарсыз кеткен ата – апаларымыз қаншама.


В течение первых месяцев войны на территории Казахстана было сформировано более 20 стрелковых и кавалерийских дивизий и бригад, несколько артиллерийских и авиационных полков, десятки батальонов разных родов войск. 

28 Героев-Панфиловцев были удостоены звания Героя Советского Союза. Из 28 в живых осталось только 5. Посмертно был удостоен звания Героя и сам Иван Васильевич Панфилов, погибший в последнем бою.

Среди воинов Панфиловцев был и капитан гвардии Бауыржан Момыш-улы, известный писатель, автор повести «За нами Москва». Кроме дивизии Панфилова, в обороне Москвы принимали участие и другие воинские соединения, сформированные в Казахстане: 312, 391 стрелковая, 99- ордена Ленина Краснознаменная кавалерийская дивизия, 100, 101- я и 39- я стрелковые бригады, 238 гвардейская дивизии.


Мәскеу шайқасы. (1941 жылдың 30 қыркүйек – 1941 жылы 6 желтоқсан) Мәскеу түбінде генерал майор И.В.Панфилов, полк комиссары А.С.Егоров қолбасшылық еткен даңқты 316-шы атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. Мәскеу шайқасындағы ерлігі үшін 316-шы атқыштар дивизиясы Қызыл ту орденімен марапатталды.

Москва үшін шайқаста қаһарман Кеңес Одағының Батыры, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлы «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады…біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік» деп жазды.

1941 жылғы 16 қарашада Дубосеково разьезі түбінде жаудың 18 жауынгерлік машинасын жойып, оны шығысқа жібермеген 1075-ші атқыштар полкінің танк жоюшылар тобы өшпес ерлік көрсетті. Ол топтың саяси жетекшісі В.Г.Клочков бүкіл майданды шарлап кеткен «Ресей кең –байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» деген жалынды ұранын көтерді.

Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басыр кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған Төлеген Тоқтаровтың ерлігі жауынгерлердің есінде. Оған қаза тапақаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағын берді.

Ротаның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы жау танкісін жойып, өз бөлімшелерін қоршаудан алып шықты. Неміс фашистеріне қарсы ұрыстарда көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Төрт қазақстандық ұшқыш – Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет ие болды. Әрқайсысы 200-ден астам ұшу сапарына шығып, 10-нан астам жау ұшағын, көптеген соғыс техникасын, 100-деген фашистерді жойған.

Талғат Бигелдинов 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Т,Бигельдинов мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры атағын алды.

Ұлы Отан соғысы жыл­да­ры ең алғаш Кеңес Одағының Ба­тыры атағын алған қазақстандық жауынгер К. А. Семенченко (1941 жы­лы 22 шілде).

238 – атқыштар дивизиясының автоматшысы Ока жағасында, Серпухов түбіндегі Воронино қыстағындағы шайқаста 13 фашистің көзін жойып, өзі де қаза тапқан – Амангелді Имановтың ұлы Рамазан Амангелдиев.

П.Б. Вихрев Панфиловшы 1075- атқыштар полкі 8-ротасының саяси жетекшісі жетекшілігімен 14 жауынгер, жаудың 5 танкісі мен 2 взвод жаяу әскерін жойды. Жалғыз қалған саяси жетекші гранатамен 2 танкіні жойып, өзін-өзі атып қаза тапты. Вихревке Батыр атағы берілді


В 1941 году в Казахстан было эвакуировано 142 предприятия, в том числе 60 крупных. Прибыло оборудование 26 предприятий легкой и 14 предприятий текстильной промышленности. Только в Алма-Ате было размещено оборудование 34 заводов, фабрик и цехов. Все понимали, что освоение и выполнение заказов оборонной промышленности зависят от быстрого пуска предприятий на новых местах. Поэтому восстановительные работы велись круглосуточно, при любой погоде. На базе эвакуированных предприятий создавались машиностроительные заводы в Алма-Ате, Караганде, Чимкенте и других городах. В целях увеличения производства вооружения – самолетов, танков, артиллерийских установок, а также других видов оружия были усилены работы по поиску и освоению новых месторождений цветных и редких металлов, максимального увеличения их добычи и производства на промышленных предприятиях Балхаша, Чимкента, Усть-Каменогорска. Вводились новые рудники и обогатительные фабрики. Создавались новые промышленные центры. Труженики тыла делали все возможное, чтобы дать стране и фронту все больше сельхозпродукции - зерна, молока, табака, мяса, шерсти, кожи и другого сырья для промышленности. Развивалась хлопчатобумажная, шерстопрядильная отрасли, была перестроена работа местных и эвакуированных предприятий для выпуска шинелей, гимнастерок, валенок, обуви, телогреек. Многие женщины стали за станки, сели за руль трактора, готовили фронтовые подарки. За годы войны Акмолинцы отправили на фронт 110 вагонов с подарками.


Қазақстандық партизандардың жалпы саны – 3,5 мың адам.

Партизандар – Қ.Қайсенов (Халық Қаһарманы), Ж.Ағəділова, Е.Воробьева, П.Семенова ерліктерімен тарихта қалды. Кеңес Одағының Батырлары А.С.Егоров пен З.У.Құсайынов шетелдегі Қарсыласу қозғалысына қатысты.


«Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында», - деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер – Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар. 9 мамыр Жеңіс күні - әр адамды толқытатын ерекше , аса қастерлі де айтулы күн. Сондықтан осы Ұлы Мереке ерекше»!

 

Ленинград шайқасы. (1941 жылы 9 қыркүйек – 1943 жылы қаңтар)

Қазақстандық жауыгерлер Ленинград түбінде ерлікпен шайқасты. 1941 жылғы қыркүйекте Жамбылдың «Ленинградтық өренім» жыры жазылды. Алғадай Жамбылұлы – 19 гвардиялық атты әскер полкінде пулемет расчетін басқарды. Синельниково қаласы маңында ерлікпен қаза тапты.

Ленинград үшін шайқаста Сұлтан Баймағамбетов пулеметтің дзотының аузын аузынөз кеудесімен жауып, қаза тапты.

Нүркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нүркен дивизиясымен бірге жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Нүркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Қаһарман қазақ қызы Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының Батыры. Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Ә.Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты. Жауынгер достары Лия деп атап кеткен.

1922 жылы Мәншүк Мәметова дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс болды. 1944 жылдың 1 наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы Медициналық университетінде оқитын. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған, ол 21 атқыштар дивизиясының құрамында атысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк Мәметова мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті. Ол Невель қаласының түбіндегі шайқаста соңғы демі үзілгенше қолынан пулеметті тастамаған күйінде қаза болды.


Нуркен Абдиров – сражался в в составе 808-го штурмового авиаполка. Героический погиб 19 декабря 1942 года, повторив подвиг Гастелло.

 Карсыбай Спатаев – Героический погиб под Сталинградом 28 ноября 1942 года.


За выдающиеся подвиги при освобождении народов Европы от ига фашизма Героями Советского Союза стали около 150 казахстанцев. Наши соотечественники героически сражались и в партизанских отрядах. В партизанских соединениях и частях Украины воевало около 1500 казахстанцев, столько же в отрядах Белоруссии. В составе партизан Ленинградской области воевали 220, в 15 партизанских отрядах и бригадах Смоленщины – более 270 казахстанцев. Казахстанцы воевали в рядах сопротивления Франции и Италии, рука об руку воевали с патриотами Югославии, Польши, Чехословакии. Многие из них так и не вернулись домой.


Долгой, мучительной была дорога советских воинов к Победе. Не смотря ни на что, советские войска достигли стен рейхстага. Бои за рейхстаг начались рано утром 30 апреля 1945 года и приняли затяжной характер. Но вот последний штурм. Первыми водрузили на рейхстаге свой флаг Рахимжан Кошкарбаев и Григорий Булатов. За ними в здание ворвались бойцы роты старшего сержанта костанайца Ильи Сьянова. Поздно вечером сержанты М.Кантария и М. Егоров подняли под куполом рейхстага Знамя Победы.


Битва за Москву / 30 сентября 1941- 6 декабря 1941/

С первых дней вместе с Советскими солдатами кахахстанцы воевали на фронтах против немецких захватчиков. Пограничники первыми приняли на себя удар врага. Советские войска несмотря на огромные потери одержали победу под Москвой. В этом бою Героиский сражалась знаменитая 316 стрелковая дивизия, под руководством генерала- майора И.Панфилова и полкового комиссара А.Егорова. За проявленное мужество в битве под Москвой 316 стрелковая дивизия была награждена орденом Красной Знамени.

Знаменитый писатель, Герой Советского Союза Бауыржан Момыш-ұлы писал: «Наше сердце не из железа. Но наша месть может расплавить любой металл. Нашим всепобеждающим оружием является любовь к Родине».

16 ноября 1941 года на разъезде Дубосеково группа по уничтожению танков.

1075 стрелкового полка уничтожила 18 вражеских машин. Политрук Клочков бросил девиз: «Широка Россия, но отступать не куда - позади Москва».

В наших сердцах навсегда осталось имя Толегена Токтарова, который ворвался в немецкий штаб села Бородино и уничтожил 5 немецких офицеров. Посмертно ему было присвоено звание Героя Советского Союза.

Командир автоматчиков, политрук рота Малик Габдуллин уничтожив вражеский танк, вывел свое отделение из окружения. За проявленное мужество в войне против немецких захватчиков, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский были дважды удостоены звания героев Советского Союза. Каждый совершил более двухсот вылетов и уничтожил более 10 - ти вражеских самолетов и вражескую военную технику и 100 фашистов.

Т.Бигелдьденов в 1942 году ушел на фронт. На своем любимом самолете он провел в небе более 500 часов. Совершил 305 военных нападений, и одним из первых сражался за взятие Берлина. Фашисты назвали самолет Талгата «Черная смерть». В 23 года он дважды удостоен звания Героя Советского Союза, по возвращении с фронта закончит военную воздушную академию.

В годы ВОВ К.А.Семенченко первым из казахстанцев получил звание Героя Советского Союза /22 июля 1941 г./

Сын знаменитого Амангельды Иманова – Рамазан Амангельдиев на берегу Оки, в битве у зимовья Воронино под Серпуховым автоматчик 238 дивизии уничтожил 13 фашистов ценой своей жизни.


Битва за Ленинград / 9 сентября 1941 г.- январь 1943/

Войны казахстанцы героически сражались под Ленинградом. В сентябре 1941 года стихотворение Жамбула Жабаева «Ленинградцы, дети мои!» стало гимном.

Султан Баймагамбетов в Ленинградской битве закрыл своей грудью пулеметный дзот и погиб.

Нуркен Абдиров ушел на фронте в составе 808 атакующего полка 267 воздушной дивизии. За 17боевых вылетов Нуркен Абдиров уничтожил 18 вражеских танков, 46 грузовых машин, в том числе 18 медицинских и оружейных составов, 3 цистерна с бензином, 5 зенитных установок, несколько снайперских укрытий. 31 марта 1943 года Нуркену Абдирову было присвоено звание Герой Советского Союза.

Алия Молдагулова – Герой Советского Союза. После смерти матери Маржан ее воспитал дядя Абубакир Молдагулов. Она училась в № 9 школе Санкт-Петербурга. 1942 году добровольно вступила в ряда Красной Армии и закончила 1943 году снайперскую женскую школу на отлично. С августа 1943 года она воевала на втором прибалтийском фронте в составе 26 стрелковой девизии. В решаюшей битве у железнодорожной станции Новосокольники Алия Молдагулова погибла. Бойцы называли ее Лия.

Маншук Маметова родилась в 1922 году. Ее звали Мансия. Она родилась в Уральской области, Ординском районе, а погибла 16 октября 1943 года мужественной девушке было присвоено звание Герой Советского Союза. Когда началось ВОВ Маншук училась в Алматинском медицинском университете. В 1942 году Она ушла добровольно на фронт и воевала в составе 21 стрелковой дивизии. Старший сержант пулеметчица Маншук Маметова отличилась своими снайперскими качествами. Она погибла в боях пулемета до последнего дыхания.


Битва под Сталинградом ( июль 1942 – февраль 17 июля 1942 года) были ожесточающие бои.

Потерпевшие поражения под Москвой немецкие войска с целью завоевания южной территории, богатой нефтью и зерном бросили в Сталинградском направлении изобранные войска. Советские воины дали клятву: «Живыми не сдадимся!». Каждый дом, каждая улица Сталинграда были в окружении. Казахстанцы показали удивительное мужество и героизм. Алгадай Жамбылұлы возглавлял пулеметный расчет 19 гвардейского полка. Героический погиб у города Синельникова. В битве за Днепр самым молодым Героем был 18 летний Жанибек Елеусизов. Карсыбай Спатаев – Героический погиб под Сталинградом 28 ноября 1942 года.

На Украинском фронте бросившись под танк закрыл грудью –Абдолла Усенов.

Операция Берлина / 16 апреля 1945 – 2 мая 1945/ 16 апреля 1945 года Берлин был окружен. В этом бою участвовало около 3,5 млн. человек.

Молодой офицер Рахымжан Кошкарбаев вместе со своих другом Григорием Булатовым одними из первых повесили красный флаг над окнам рейхстага. 2 мая 1945 года был взят Берлин. 8 мая 1945 года Фашистская Германия подписала договор о поражении. 9 мая 1945 года закончилась Великая Отечественная Война и впервые был проведен парад. В битве за Берлин участвовали Сагадат Нурмаганбетов, Е.Есжанов, Т.Бигельдинов.


2020 жылы Ұлы Жеңіске 75 жыл. Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар, кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұланғайыр ата-қонысының қалыптасуын, ата-бабаларымыздың елімізге, тән өзіндік шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, батырларымыздың елі мен жерін, халқын сыртқы жауларынан қорғаған үлгісін жатқыза аламыз. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып Отанын қорғады. "Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар" – дей келе, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, ата-бабаларымыздың рухани тағзым ретінде, олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтсе де, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыз тарих төрінен орын алады және біз, ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрдайым жүрек түкпірімізде ұстаймыз. 

Аспанымыз ашық, Еліміз аман, Бейбіт заман  болсын! Мереке құтты болсын!


Великий подвиг наших соотечественников в Великой Отечественной войне навсегда вписан в летопись истории. Всегда будут жить в благодарной памяти и сердцах казахстанцев имена Бауыржана Момышулы, Алии Молдагуловой, Маншук Маметовой, Толегена Токтарова, Нуркена Абдирова и других отважных Героев войны. 
Наши Ветераны – поколение удивительно сильных, стойких и мужественных людей. Поэтому так важно уметь оценить их подвиг, а значит уметь также преданно любить свою Родину,  свое Отечество, гордиться своими отцами и дедами и ценить такие качества,  как сила воли, товарищество, чувство долга.

Минуло 75 лет, как окончился кошмар, но помнят это время ветераны, им память душу обжигает, как пожар, и все еще болят былые раны.

Какой с тех пор проделан путь огромный, об этом всем нам надо знать.

И эту дату все должны мы помнить, об это не должны мы забывать.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 тамыз
759
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі